Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет36/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

 
Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Ұлы Далада бірталай өзгерістер қай ғасырда болды 
2. Олар қазақ музыкалық мәдениетіне қандай өзгерістер әкелді 
3. Осы кезеңде музыкалы-шығармашылық түрлер неше топқа 
бөлінеді 
4. Бірінші топтың ерекшеліктері 
5. Екінші топтың ерекшеліктері 
 
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи: 
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 21-26; 
104-112. 
2. Аманов Б.Ж., Мұхамбетова Ә.И. Дәстүрлі қазақ музыкасы және 
ХХ ғасыр. – Астана: Мастер По, 2013. – 332 б. – 241-270 бб. 
3. Джумакова У. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х 
годов. Проблемы истории, смысла и ценности. – Астана: Фолиант, 2003. – 
232 с. – сс. 15-54. 
 
23 тақырып. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ музыка мәдениеті 
Тақырыптың мақсаты: Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ музыка 
мәдениетін сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: Тәуелсіздік, тартыс, 
дәстүр мен жаңашылдық, суырып салмалық өнері, түре тартыс, сүре 
тартыс 
Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ музыка мәдениеті тақырып 
бойынша сұрақтар: 
1. Тәуелсіздік кезеңінің пайда болуына қысқаша тарихи шолу 
2. Күй сайсы тартыс: дәстүр мен жаңашылдық 
 
Дәріс: 
1. Тәуелсіздік кезеңінің пайда болуына қысқаша тарихи шолу 
Уақыт көз алдымызда туады, бұл туралы біздің мазасыз заманауи 
шындығымыз – Ұлы даланың көптеген ұрпақтарымен тоқылған 


123 
Тәуелсіздік кезеңі дәлелдейді. Өйткені жер шарында Тәуелсіздік қазақ 
ұлттық мемлекетінің, Қазақстан Республикасының жұлдызы жарқы- 
рады. 
Бір кездері күшті державаның бұрынғы ұлттық аймақтары- 
ның бірі Қазақ кеңестік социалистік республикасы оны жартылай 
колониялы ел өмірінің барлық жақтарын басқару жүзеге асырылған 
орталыққа қатты байлаған кіндікті үзді. Барлық тағдырлы экономика- 
лық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-техникалық және басқа да шешімдер 
әлемдік көшбасшылыққа үміткер болған саяси басқару Мәскеуде болды. 
Сондықтан қару-жараққа бейім үлкен коммунистік империяның 
мұқтаждары мен мүдделерін негізге ала отырып, онда қабылданды. 
Әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына арналған шамадан тыс 
шығындар ақыр соңында КСРО-ның экономикалық жағдайын нашар- 
латты. Бұл, өз кезегінде, барлық мемлекеттік құрылыстың идеялық-
саяси кемшіліктерін анықтауға ықпал етті, сөйтіп империя ыдырады. 
Оның негізінде Тәуелсіздік мемлекеттер Одағын (ТМО) құрған 
көптеген Тәуелсіздік ұлттық мемлекеттер пайда болды. 
Тәуелсіздікке жету үшін дербес қазақ хандығының құрылғанынан 
бастап, қазақ халқын басқарған бірнеше хандар, билер мен батырлар 
ұрпақтары күрескен. Басқаша айтқанда, бұл жанды тарихи процесс, 
ұлы игілік болып табылады. XV ғ. ортасында пайда болған Тәуелсіздік 
Қазақ хандығы Дешті Қыпшақ даласында да, моғолдар, ойраттар, 
өзбек билеушілері, орыс отарлаушыларымен тұрақты шайқастарда өз 
мемлекеттігін, өз жерін, өз бостандығын қорғап, нығайтты. ХVІІІ 
ғасырдың соңына дейін Қазақ Ордасы үш жүзден астам жыл жүргізген 
өз Тәуелсіздікдігін үшін күрескен. Орыс отарлауының күшеюімен ол 
қарсыласу, азаттық күрес (Исатай-Махамбет, Кенесары және т.б.) 
сипатына ие болды. XIX ғасырдың ортасына қарай Тәуелсіздіктің 
түпкілікті жоғалуымен ол ақын, күйші, әнші және ағартушылардың 
зияткерлік-шығармашылық іс-әрекетінде көрсетілген арманына 
айналды. Бірақ Ресей билігі орнаған жағдайда да, отарлау саясатының 
көріністеріне қарсы шовинистік шірікке қарсы пікірлер қозғалды, 
оның соңғы оқиғаларының бірі қазақ жастары мен студенттерінің 
желтоқсан-1986 көтерілісі болып табылады. 
Тәуелсіздік идеясы өзінің ішкі негізі ретінде әртүрлі тарихи 
кезеңдерде ақындар мен жыраулар, әншілер мен күйшілер, дала 
шешендерінің шығармашылығында әртүрлі түрде көрініс тапқан 
рухани-адамгершілік құндылықтарды қамтиды. Сонымен қатар
ұлттық музыка мәдениеті өткеннің ауызша мұрасымен тұйықталып, 
шектелмейді. Қазақстан мәдениеті – музыкалық әлемнің жаңа парақ- 
тары жазылып жатқан ашық кітап. Қазақстан композиторлары әлемдік 


124 
музыканы өзіндік ерекшеліктері бар, ұлттық сипаттағы өнермен 
байытты. Қазақ композиторлары үшін Ұлы Даланың сарқылмас үн 
әлемі ізденістің қайнар көзі іспетті. Көптеген опера көріністері саз 
мәдениетінің негізінде шығарылды. Еуропалық симфония мен қазақ- 
тың кәсіби аспаптық музыка қағидаларының сабақтасуы жаңа жанр – 
оркестрге арналған күйлерді тудырды. Ғасырлар бойы қалыптасқан 
еліміздің аспаптық шығармашылықтың бағытын өзгерту өзгеше 
оркестрлер бояулар мен үндердің, фортепианолық және вокалды 
техниканың асқан шебер тәсілдерінің пайда болуына себепші болды. 
Ежелгі қазақ мифологиясына, тәңірлік дүниетанымға және тарихқа 
жүгіну музыканың әсерлі-көркемдік аясын киелі тотемдік жануар 
бейнелерін пәлсафалық толғаулар мен асқан трагедиялық сипаттарға 
қарай жаңартты. 
2. Күй сайысы тартыс: дәстүр мен жаңашылдық 
Сонымен қатар күй өнері де дербес өміршендігің жалғастырды. 
Үлгі ретінде күй сайсы тартыс түралы келтірейік. Тартыс – орындау- 
шылық және шығармашылық, суырып салмалық бойынша өтетін 
аспаптық жарыс. Дарындылығы мен шеберлігі жоғары күйшілерге ғана 
арналған сайыс. Орындаушылық шеберлік түре және сүре тартыстар- 
да көрсетілген. Егер домбырашының бірде-бірі алғашқы екі жарыста 
жеңе алмаса, онда жұдырық шығарып тартысуға түседі. Жарысты 
жүргізіп отырған домбырашы екі қарсыласқа бір үзінді береді, осы 
үзінді негізінде күйшілер сол мезетте өздерінің күйлерінің нұсқасын 
орындайды. Олар берілген үзіндіде басталып, сол түрінде аяқталу 
керек. Бірақта бұл нұсқалар бір-біріне үқсамайтын жаңа күйлер 
болулары тиіс. 
Тартыс үстінде күйші жеке жетістіктерін паш етеді және, соны- 
мен катар өз руының, елінің, немесе мектебі өнерінің даму деңгейін 
көрсетіп, намысын қорғайды. Әлемдік мәдениетінде музыкалық 
сайысулар тек үздік орындаушыны, композиторды немесе дирижерді 
анықтап қана қоймайды, оның нәтижесінде музыканттар бір-бірімен 
танысып, шеберліктерімен ортақтасады және репертуарларын байы- 
тып кеңейтеді. Сайысу дәстүрі музыканттар үшін кәсіби өсудің жолы 
деп айтуға болады. 
Еліміздегі тартыс – аспаптық, яғни домбырада күй тартылып 
сайысатын казак саз әлемінде кеңінен тараған музыкалық-шығарма- 
шылық іс-әрекет. Оның көнелігін жанрдың биік дамығандығы, күйші- 
лердің алдына қойлатын қиындықтар деңгейімен түрленетін бірнеше 
типінің қалыптасуы дәлелдейді. 
«Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынға салу 
казак күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің 


125 
қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп 
тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де 
намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған казак пен түрікмен, казак 
пен қырғыз, казак пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, 
соған орай туған толып жатқан күйлер қуа. Дәулеткерей, Өскенбай 
сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен арада болған күй 
сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі 
аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра», – дейді А. Сейдімбек. 
Әрі қарай талдауды Ибрагим Д. жалғастырады: Күй айтысының 
казак арасында ежелден орныққан екі түрлі үлгісі бар. Оның 
біріншісін – «қара тартыс», екіншісін – «түре тартыс» немесе «қайым 
тартыс» деп атайды. Қара тартысты таңдаушылар, әдетте, күйдің 
санын асырып жеңуді мақсат етеді. Ал, түре тартыстың шарты 
бойынша, бірінші адам тартқан күйді екінші бәсекелесі айнытпай 
қайталап тартып отыруы керек. Әдетте, күй айтысы алқалы жиында, 
ас берілгенде, ұлы дүбір тойда алдын ала дайындалып келіп өтетін 
болса, төреші белгілейтін дәстүр бар. Сөз жоқ, төрешінің өзі де күй 
тарта алатын, білікті адам болуы шарт. Мұндай күй айтысында 
алдымен күй тарту кезегі төрешіге беріледі. Мұны «бата тартыс» 
немесе «күй шақыру» деп атайды. Бата тартыс, біріншіден – төрешінің 
күй жайын білетін лайықты адам екенін танытса, екіншіден – күй 
айтысына түсетіндердің шабытын шақыру үшін қажет. 
Көрнекті зерттеуші Б. Аманов «Тартыс мәдениеттегі бірегей 
құбылыс емес, ол көшпенді халықтың өміріне сіңген сайыстардың бірі 
болып табылады» дейді. Әншілік-поэтикалық өнерде және сөз-поэти- 
калық өнерінде айтыс жанры – екі немесе одан да көп ақындардың 
сайысы кең тараған. 
Домбралық тартыстарды тартысушы алдында қойылған талаптар- 
дың күрделілігі, қиындығы жағына қарай үш түрге бөледі: 
1) орындаушылық шеберлік көрсетілетін тартыс; 
2) шығармашылық, яғни суырып салмалық қабілет сыналатын 
тартыс; 
3) шығармашылық, яғни суырып салмалық өнер мен қатар, бір 
ойнағаннан кейін еске сақтап қайталап шығу мысалындағы мнемотех- 
никаны бағалау тартысы. 
Ибрагим Д. заманауи кезеңдегі күйшілерден алынған келесідей 
мазмұнды, қызық деректер келтіреді. Қазақ ұлттық музыка академия- 
сының оқытушысы, күйші Жанғали Жүзбаев сүхбатында айтыстың 
барлық түрлерінің күй тартыстарында бар екендігін айтады: тұрмыс 
салт айтыстары, жаңылтпаш тартыс, түре тартыс, қайым тартыс, 
суырып-салма тартыс. Жүзбай тартыстың тағы бір өзіндік түрін 


126 
атайды. Ол тотемдік күйлерді, яғни аңдық тақырыптағы шығармаларды: 
Аққу, Бозінген, Аңшының зары және т.б., адамның жануар рухымен 
сұқбаттасуы, екеуара диалогы деп таниды. Бұл Қорқыт дәуіріндегі 
көне, алғашқы тартыстың өзіндік үлгілеріне жатады. Сонымен бірге 
«бата тартыс» деген түрді атайды. Мысалы: Құрманғазы мен Динаның, 
Тоқа және Сүгір бата тартысы. 
Қазіргі кезде «Қазақстан» телеарнасында «Күй тартыс» атты 
бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл телеарна халықтық өнерді наси- 
хаттауды алдына мақсат қылып отыр. Бүгінде «Ән – айтыс», «Күй – 
тартыс», «Сегіз қырлы» сынды бағдарламалар берілуде. Олардың 
алдында «Алтыбақан», «Дала дидары», «Думан дала», «Қымызхана» 
сияқты телебағдармалар болды. Ертай Нүсіпжановтан «Қазақстан» 
Ұлттық арнасында «Аламан айтыс» жобасын өзі жүргізді. Ол кезде 
«Аламан айтыс» әр жексенбі сайын күндіз және кешке екі рет эфирге 
шығатын. 
Бағдарламалардың бірінде республикалық конкурстардың лау- 
реаттары Айтолқын Тоқтаған және Арман Жүдебаев тартысқа түскен. 
Олар «Күй тартыс» атты бағдарламаға бір апта бұрын шақырылып 
өткізілу ережелері жайлы алдын-ала хабардар етілді. Күйшілерге 
тартысты ұйымдастыру бойынша үш бөлімнен шарттар қойылды:
1 - «Талдау», 2 - «Самғау», 3 - «Жалғау». «Талдауда» бір жанрдағы 
күйлер орындалады, «Самғауда» тек қана шертпе дәстүріндегі шығар- 
малар тартылады, «Жалғау» бөлімінде күйшілер біріншісі бастаған 
күйді екіншісі жалғастырып тартады. Бірнеше апта ішінде орындау- 
шылар «Күй тартыс» бағдарламасының түрін, кұрылымын жоспарлап 
дайындады. 
Қазіргі замандағы күй тартыстың жағдайын түсіну үшін тағы 
бір күй тартысты келтірейк дейді Д. Ибрагим. Ол 2009 жылы 15 
желтоқсан күні Астана қаласында «Қазақстан» концерттік залында 
болған Тәуелсіздік күніне арналған концертінде ұйымдастырылды. 
Оған Қаршыға Ахмедияров, Айтолқын Тоқтаған және Нүркен Әшіров 
қатысқан. Ахмедиярұлы Қаршыға қос ішекті домбыра арқылы қазақ- 
тың құдірет өнері – күй өнерінің бағын ашып, байлығын еселей алған, 
өрісін ұзартып, өресін биіктете алған санаулы саңлақтардың бірі. 
Айтолқын Тоқтағанның сұхбатынан осы тартыстың келесі шарттарын 
білдік: бес-он минуттың ішінде стильдік ерекшеліктері жағынан әртүрлі, 
әрі сапасы жағынан концерттік номерге сәйкес келетін күйлерді 
жалғап тарту. Күй тартыс Құрманғазының «Балбырауын» күйімен 
ашылады. «Балбырауын» қазақ сахарасында көп ұшырасатын күйлер- 
дің бірі. Атынан көрініп тұрғандай бүл он бұраудағы сазды күй 
(қазақтар квартаны «бал бұрау» деп атаған). Бұл топтағы барлық 


127 
күйлерге ортақ сипат – олардың женіл ұғынылып, жылдам қабылданып, 
жүрекке жылы тиетіндігі. Бұл күйлерде негізінен «жастық шакка тән 
сезім күйлері көрініс табады. Күй тартыс барысында «Балбырауын» 
күйін Қаршыға Ахмедияров тарта бастады, оны орта буыннан бастап 
Айтолқын мен Нұркен жалғастырып бірге тартты. Одан кейін 
Ахмедияров соль нотасынан бастап Сүгірдің «Қосбасарын» тартады. 
Бүл Қаратау мектебінің шертпе стиліндегі үлгісі, оны Айтолқын 
Тоқтаған жалғастырып тартады. Келесі күй Нұрғиса Тілендиевтің 
«Баламишкасын» Ахмедияров ойнай бастады, бұл күйді күйші орта 
буыннан бастап тартады. «Баламишканы» Нұркен Әшіров жалғасты- 
рады. 
Қазақ ұлттық аспапты музыкасындағы ерекше сарынды күйшілік 
мектептердің бірі Жетісу күйлері. Осы күйді тартқанда Нүркен 
шабыттанып, тыңдаушы қауымның жақсы қабылдап отырғанын көріп, 
күйді шартталған көлемнен асырып ойнайды. Яғни күйші тартыс 
барысында күйді толығымен орындады деуге болады. Бұл күй әзілге 
арналған шығарма болып табылады, онда түрлі қағыстар, саусақпен 
сыртылдау, қол сілтеулер, домбыраны тарсылдату, және тиектің ар 
жағындағы шекте ойнау сияқты көптеген әдістер қолданылады. Тартып 
болғаннан кейін Нүркен әзілдік тәсілмен қол сілтеп орындау кезегін 
келесі күйшіге бергендей болады. Одан кейін Айтолқын Қүлшардың 
«Кербез керік» деген күйін орындайды. Қүлшар Бактығалиұлы Атырау, 
Маңғыстау аймағында XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген 
күйші. Айтыс күйлерінің ірі өкілі. Одан кейін тартыстың соңғы күйі 
Құрмаңғазының «Адай» күйі орындалады. «Адайды» Ахмедияров 
бастап бас буынын тартып болғаннан кейін Айтолқын мен Нұркен 
қосылып үш күйші шығарманы бірігіп тартады. Олар орта буынын 
тартып болғаннан кейін халық аспаптар оркестрі қосылып «Адай» 
күйімен тартысты аяқтайды. Бұл биік көңіл-күйді, мерекелік шаттықты 
хабарлап, концертті жайнатып жіберді. 
Сонымен музыка өнеріндегі сайысу дәстүрі бір жағынан көрер- 
мендерге қызықты көрініс, әрі тыңдаушыны шығармашылық өнерге 
ортақтау болса, екінші жағынан, сайысу дәстүрі музыканттар үшін 
кәсіби өсудің жолы деп айтуға болады. Диалогиялық сайыстар көптеген 
ұлттық музыка мәдениетінде көрнекті орынға ие болды Қазақстан 
музыка өнеріндегі сайысу дәстүрлерді тарихи және ерекшеліктері 
жағынан қарастырып өткеннен соң, олардың музыка дамуына зор 
ықпал етуін белгілеуге болады. 
Қазақ музыкалық мәдениетінде аспаптық және вокалдық сайыстар 
көне заманнан бері кәзіргі кезге дейін қатар дамып келеді. Сонымен 
катар қазіргі кездегі күй тартыстың жағдайы анализдің нәтижелерін 


128 
талдаған соң белгілі болды. Күй тартыстар ұйымдастырылғаны өте 
қуантады, бірақ бүгінгі тандағы тартыстардың аутентикалық қасиет- 
тері жоғалып, коммерциялық қасиетке ие болды деуге болады. Себебі, 
бүгінгі күні күй тартыстың өзекті маңызы дәстүрлі тартыстарға 
қарағанда өзгерді. Дәстүрлі тартыс аяқ астынан болады, ол тойларда 
немесе кездейсоқ жерде – екі немесе одан көп дәулескер күйшілердің 
бастары қосылған жағдайда іске асатын. Алдын ала сөйлесіп келіскен- 
нен кейін болатын тартыстар да кәзіргі кездегі тартыстардан өзгеше 
түрде өткен. Ал қазіргі тартысты ұйымдастырушылар алдын ала шарт 
ойластырып, жоспарлап қатысушыларды шақырады. Сонымен қатар 
олар қатысушыларға дайындыққа уақыт береді. Сол уақытта орындау- 
шылар қойылған шарттарға сәйкес күйлерді таңдап, сол күйлердің 
кезегін және жалғау мезеттерін белгілеп алдын ала бірге тартып 
дайындалады. Сөйтіп шығармашылық бастау жоғалып суырып-салма 
өнері тек қана орындаушылық техникаға бағытталады. Яғни белгілі 
күйлер орындалғанда күйшілерге ұнайтын күйдің фразалары, немесе 
тактілері қайталанады, сонымен катар әр орындаушының өзіндік стилі 
болғандықтан кейбір штрихтер, ырғақтық элементтер түрленіп келеді. 
Бірақ дәстүрлі тартыстағыдай үрдіс кезінде көптеген бірегей шығар- 
малар музыкалық мұраға қосылмайды, жаңа тартыстағы орындалатын 
күйлер көрермендерге концерттік номер ретінде ұсынылады. 
Тағы бір айтып кететін жайт, дәстүрлі тартыстағы көрерменнің 
орны мен функциясы және кәзіргі кездегі тартыстың тыңдаушылары- 
ның маңызы бір-бірінен өзгеше болып келуі. Дәстүрлі тартыс кезінде 
тыңдарманын жаңа шығарманың тууы және алғашқы рет орындалуын 
көруге бағытталған рухани ынтасы қанағаттандырылады, олар күйші- 
лерді дауыстарымен, назарларымен демеп, тартыстың толық қанды 
қатысушыларына айналады деуге болады. Ал бүгінгі күні тартыстар 
концерттік залда өтеді, ондағы жасау-жабдық та басқаша, көрермен- 
дердің өнерге деген қатынастары да басқаша, жаңа тартысқа келген 
көрермендердің мақсаты күй тартушылардың орындаушылық шебер- 
лігіне сүйсіну болып келеді. Жалпы тартыстың қоғамдағы маңызы да 
өзгеріп кетті. Дәстүрлі тартыстар күйшілердің шеберліктерін салыс- 
тыру, дәулескер күйшілдерін атағын арттыру, суырып-салма шығар- 
машылық шеберлікті дамыту үшін жасалды. Бүгінгі күндегі тартыстар 
шоу қасиетіне ие болды, себебі күй тартысты концерттік номер 
ретінде қою үшін ұйымдастырушылар күй орындаушыларына тапсы- 
рыс береді. Және жоғарыда талданған тартыстарда күйлер көрермен- 
дерді қызықтыратындай таңдалып орындалғанына көз жеткіздік. 
Дәстүрлі музыкалық сайыстарды сақтап, жалғастыру үшін кәзіргі 
кезде ұйымдастырылып отырған ақындар айтыстары мен күй тартыс- 


129 
тарды барынша қолдан, өзекті мәселеге назар аудыру керек. Яғни, 
орындаушылық суырып-салма өнерінің шегінен шығуға тырысып, 
тартыстың барлық түрлеріне нағыз үлгіде қатыса білуге ұмтылу 
қажет. Ол үшін күй тартыстар мен ақындар айтыстарын барынша жиі, 
және Қазақстанның барлық өңірлерінде ұйымдастыруға болады, бірақ 
басты мақсат орындаушылық өнерді көрсетіп қана қоймай, суырып-
салма қабілетін дамыту болуы керек, – деп талдау жасайды Д. Ибрагим. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет