Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


-сурет. Туристік қызмет экономиканың дамушы кластері 11



Pdf көрінісі
бет4/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
suraganova turizm inf

2-сурет. Туристік қызмет экономиканың дамушы кластері


11
болуы мен Бүкілəлемдік сауда ұйымына енуі жəне халықаралық 
аренадағы іскерлік сапарлар мен туристік жəрмеңкелер санының 
өсуі болып табылады (3-сурет). Жылдық туристік жəрмеңкелердің 
бірі «Туризм жəне саяхаттау» жəрмеңкесі болып табылады. Ең 
негізгі итермелейтін факторлардың бірі – Астана мен Алматы 
қалаларында өтетін 2011 жылғы Азия ойындары болады. Бұл 
Қазақстан елінің имиджін қалыптастыратын басты факторлардың 
бірі. 
Азия ойындары 2009 жылы салынған 30 мың орынды стади-
онда Астана қаласында өтпекші. Мұнда 14 спорт түрінен жарыс-
тар өтеді. Осы жарыстың жалпы бюджеті 1 млрд доллардан аса-
ды деп жоспарлануда. VII Азия ойындарын өткізу мерзімі – 2011 
жылдың 30 қаңтарынан 6 ақпанға дейін.
Соңғы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нəтижесінде 
Қазақстан туристік өнімді ұзақ уақытқа жылжытуға тырысып 
отырғанын көруге болады. Қазақстанның бəсекеге қабілетті елу 
елдің қатарына кіруіне туризм саласы елеулі үлесін қосып, ұлттық 
экономиканы дамытудағы басты факторы болып отырғанын 
түсіну қажет.
Соңғы он жылдағы туризмнің қызмет көрсету сферасының 
даму тенденцияларына мыналар кіреді:
- халықаралық жəне ұлттық инвестициялар;
- транспорттық жолдар мен қызмет көрсету объектерінің 
құрылысы;
- халықаралық жүйелердің құрылуы (қонақүйлер, мейрамха-
налар, ойын-сауық орталықтары);
3-сурет. Қызмет көрсетілетін туристер саны


12
- кіші кəсіпкерліктер жүйелерінің дамуы;
- жаңа компьютерлік технологиялардың енгізілуі.
Қазіргі кезде туризм саласында Қазақстанның инвестициялық 
тартымдылығын жоғарылату жəне экономиканың туризм секто-
рына инвесторларды қызықтыру жəне инвестицияларды тарту 
жұмыстары жүргізіліп отыр. 
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың берген 
көрсеткіштеріне сəйкес инвестициялық жобалардың біртұтас 
ақпараттық базалары ұйымдастырылған, олардың ішіндегі 106 
жоба туристік салаға байланысты.
Туристік индустрияға инвестиция тарту туралы мемлекет сая-
сатын жүзеге асыру барысында, туризм саласына инвестициялық 
жобалардың өзектісін таңдау үшін туризм жəне спорт саласын-
да, өкілетті органдармен комиссия құрылды. Оның құрамында 
«Самұрық – Қазына» ұлттық Фонды АҚ, «Қазақстанның даму 
Банкі» АҚ жəне «Даму» кəсіпкерлігінің даму фонды» АҚ бар. 
Олар бүгінгі таңда бес отырыс өткізіліп, соның нəтижесінде 34 
жоба қарастырылған (4-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет