Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет2/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
suraganova turizm inf

5
І б ө л і м
ТУРИЗМДЕГІ ӨНДІРІСТІК ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК 
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1-тақырып. Өндірістік жəне əлеуметтік туризм 
инфрақұрылымы, олардың міндеттері жəне құрамының 
элементтері
Мақсаты: туризм инфрақұрылымының негізгі сипаттамасы
мен мəнін білу, оның халықаралық экономикада алатын орны 
мен жалпы даму тенденцияларын анықтау.
Жоспар:
1) Өндірістік жəне əлеуметтік туризм инфрақұрылымның 
мақсаты, есебі, міндеті жəне құрамына кіретін элементтерінің си-
паттамасы.
2) Туризм ұлттық экономиканың перспективалы саласы 
ретінде, туризмдегі қызмет көрсету саласының жалпы даму тен-
денциялары.
3) Туризмдегі салалық мəселелерді шешудің кешендік жол-
дары.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: инфрақұрылым, ту-
ризм инфрақұрылымы, өндірістік инфрақұрылым, əлеуметтік 
инфрақұрылым, нарықтық инфрақұрылым, туризм индустрия-
сы, шағын кəсіпкерліктегі туризм инфрақұрылымы – туристік 
индустрияның негізгі бөлігі.
1. Өндірістік жəне əлеуметтік туризм инфрақұрылымның 
мақсаты, есебі жəне құрамына кіретін элементтері
Қазіргі таңда туризм көптеген елдерде қарқынды дамып жатқан 
индустрияға айналып кеткен экономикалық жəне əлеуметтік сала 
болып табылады. Елбасымыздың халыққа жолдауына байланыс-
ты Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты өрлеуінде 
туризм инфрақұрылымының дамуы маңызды рөл атқарады. 


6
Инфрақұрылым (латын тілінің «infra» - астыңғы, «structura» -
құрылым) дегенін білдірсе, инфрақұрылым – бағыныштылық 
жəне көмекшілік сипаты бар, өндіріске қызмет көрсететін 
(өндірістік) инфрақұрылым жəне қоғамның тіршілік əрекетінің 
жағдайларын қамтамасыз ететін (əлеуметтік инфрақұрылым) 
экономикалық жəне əлеуметтік салалар кешені. 
Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан 
бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша 
болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес 
мақсатта түнеп өтетін саяхат түрі.
Туристік инфрақұрылым – туристердің өмір сүру деңгейін 
жақсарту үшін қолданатын, өндірістік байланыстардың, əле-
уметтік жəне рекреациялық тағайындауда қызмет жасайтын құрал-
жабдықтардың, туристік-сервистік жəне туризмге бағышталған 
кəсіпорындардың толық кешені болып табылады. Оған ту-
ризм индустриясының кəсіпорындарының өміріне қолайлы 
жағдайлар туғызатын жəне туристердің туристік қорларға де-
ген қолжетімділікті қамтамасыз ететін, туристік индустрияның 
салааралық кəсіпорындары, инженерлік, коммуникациялық жəне 
телекоммуникациялық байланыстар мен құрылыстар кіреді.
Қазіргі кезеңдегі туризм инфрақұрылымының негізгі мақсаты –
туризм саласына қызмет көрсету, оның даму үрдістерін қарастыру. 
Сонымен қатар туризм инфрақұрылымы – туристік индустрия-
ның негізгі бөлігі. Ал, туризм индустриясы – туристерді орна-
ластыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объек-
тілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, 
сауықтыру, іскерлік, спорттық жəне өзге де мақсаттағы объектіл-
ердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ 
экскурсиялық қызмет жəне гидтер (гид-аудармашылар) қызметін 
көрсететін ұйымдардың жиынтығы.
Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері: 
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлік қызметін көрсету;


7
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Сонымен қатар туристік индустрияда көрсетілетін қызметтер 
экспорты мен импортының анықтамасы:
1) Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмін 
ұйымдастыруға байланысты туристік қызмет көрсету - экспорт 
болып табылады.
2) Басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету 
туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі туризм инфрақұрылымына байланысты 
туристік қызметтің субъектілері мен объектілерінің анықтамасы:
1. Туристік қызмет субъектілеріне:
1) туристік операторлар (туроператорлар);
2) туристік агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскур-
соводтар;
4) туристер жəне олардың бірлестіктері;
5) экскурсанттар;
6) туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды 
реттейтін мемлекеттік органдар жатады.
2. Туристік қызмет объектілеріне – табиғи объектілер жəне 
табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи жəне 
əлеуметтік-мəдени көрсету объектілері жəне саяхат кезінде 
туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер 
жатады.
Туризм инфрақұрылымының құрамдас элементтері:
- материалдық-техникалық базаның жалпы мінездемесі;
- орналастыру қызметі;
- тамақтандыру базасы;
- транспорттық-коммуникациялық база;
- туристік транспорт дамуының мəселелері мен тасымалдаудың 
негізгі түрлері, телекоммуникациялық жүйелері, тұрмыстық жəне 
инженерлік коммуникациялар;
- бағынышты кəсіпорындар;
- туризм саласының өндірістік объекттері;
- жалпы қолдану объекттері.


8
Туризм инфрақұрылымы 3 деңгейден тұрады, ол 1-суретте 
бейнеленген:
Өндірістік жəне əлеуметтік туризм инфрақұрылымның 
құрамдас бөліктері: тұрғын жəне коммуналдық шаруашылық, 
денсаулықты сақтау, туризмдегі материалдық-техникалық база
туристерді орналастыру құралдары, көліктік-коммуникациялық 
база, телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық жəне инженерлік 
байланыстар, шектес база, туристік сфераның өндірістік объекте-
рі, дене шынықтыру жəне спорт, бөлшек сауда, қоғамдық та-
мақтандыру, туризмдегі тұрмыстық шаруашылық, білім беру 
жүйесі, мəдени мекемелер, ғылым жəне тағы басқалары. Туризм 
инфрақұрылымы қазіргі таңда халықаралық қызмет саудасының 
қарқынды дамып келе жатқан түрі болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі туризм саласындағы міндеттер:
- Қазақстанның дүниежүзілік туристік ұйымның атқарушы 
кеңесіне қабылдануы үшін шаралар қолдану;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет