Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


-сурет. Туризм инфрақұрылымының деңгейлері 9



Pdf көрінісі
бет3/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
suraganova turizm inf

1-сурет. Туризм инфрақұрылымының деңгейлері


9
- туризм инфрақұрылымын дамыту жəне қазіргі туризмнің 
материалдық базасын жаңарту мақсатында шаралар қабылдау 
жəне жаңа туристік объектілердің құрылысын бастау;
- Қапшағай жəне Шу аймақтарында туристік орталықтар 
құрудың аралас жобалық құжаттарын жасап шығару;
- Маңғыстау облысындағы туризм саласын дамытудың 
мастер-жобасын жəне оның жүзеге асырылуы мақсатындағы іс 
шаралар жобасын дайындау;
- Каспийдің өн бойында жағажайлық жəне круиздік туризмді 
дамыту;
- «Байқоңыр» ғарыш аймағындағы туризмді дамыту мақса-
тындағы іс шараларды ойластыру;
- Түркістан қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту-
мен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұлы Жібек жолы 
бойындағы мəдени танымдық жəне діни туризмді дамыту;
- ұлттық саябақтардағы экологиялық туризм дамуының шарт-
тарын жасау;
- туризм статистикалық көрсеткіштерін жақсарту;
- ішкі туризм мен мектеп оқушыларының патриоттық тəрбие-
сінің негізгі факторы болып саналатын жас өспірімдік туризмді 
дамыту мақсатында шаралар қабылдау. 
2. Туризм ұлттық экономиканың перспективалы саласы 
ретінде. Туризмдегі қызмет көрсету саласының жалпы даму 
үрдістері
Қазіргі кезде əрбір жетінші жұмыс орны туристік бизнеске 
тиесілі. БТҰ болжамдары бойынша 2010 жылы халықаралық 
туристік сапарлар саны 937 млн. санына жетсе, ал туризмнен 
түскен пайда 1,1 трлн долларды құрайды, 2020 жылы турист бо-
лып келушілер 1,6 млрд адам болады, яғни бұл 2000 жылдың 
көрсеткіштерінен 3 есе жоғары. Болжам бойынша, 2010 жылы 
турист-келушілер саны 1 млрд адамнан асып түседі. Оның ішінен 
1,18 млрд адам өз аймақтарының төңірегінде саяхаттаса, 377 млн. 
адам ұзақ сапарлар шегетін болады. Туризм инфрақұрылымын-
дағы жұмыс қазіргі кезде ең кең тараған жұмыстардың бірі болып 
табылады. Əртүрлі статистикалық мəліметтер бойынша, туризм 


10
инфрақұрылымында 220-250 млн адам жұмыс істейді. БТҰ бол-
жамы бойынша, бұл көрсеткіш 2020 жылға қарай екі есе өспекші.
Туризм инфрақұрылымы бүкіл елдің экономикасына ықпал 
етеді. Туризм саласындағы шаруашылық ететін субъектердің 
жұмыс істеуі жол транспорты, сауда, коммуналдық-тұрмыстық, 
медициналық қызметтермен тығыз байланысты. Яғни, ту-
ризм экономикалық секторлардың жартысынан көбінен артық 
мультипликаторлық эффектісі жоғары.
Елімізде туристік қызмет экономиканың жаңа дамып келе 
жатқан кластері болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан 
Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан 
экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолын-
да» атты халыққа Жолдауында: «...біздің қолымызда нарықтық 
туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ жəне тоқыма 
өнеркəсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлур-
гия жəне құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 
5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек. Ел 
экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік 
мамандануын, міне, солар айқындайтын болады...». Демек, 
Қазақстанда туризмді кластер ретінде дамытудың негізгі мақсаты –
халықаралық туристік нарыққа еніп, экономика секторы ретінде 
жұмыс істейтін, бəсекеге қабілетті, жоғары маманданған кешен 
құру болып табылады (2-сурет).
Қазіргі кезде елімізде кіру жəне шығу туризмі қарқынды да-
мып келе жатыр, оның негізгі себептері – жағымды жағдайдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет