Серверлеу құраладарын өңдеу жəне сақтау. Серверлеу
құралдарын өндеу көп еңбектің жұмсалуын талап етеді. Ас-
хана ыдыстары мен құралдарын жуатын жайда келесі опера-
циялар орындалады: қолданылған ыдыстарды бөлу; оны тамақ
қалдықтарынан босату; ыдыстарды, легендерді, ас құралдарын
жуу; кептіру; ыдыстарды, легендерді, ас құралдарын сақтау жəне
беру.
Асхана ыдыстарын өндеу жəне оны қолдану жерімен ыдыс-
тарды жуатын жер арасында аз қашықтық болса ыңғайлы болып
келеді. Ыдыс жуатын жерде өзіне сəйкес желдеткіш мен шуыл-
ды азайтатын құрылғысы болғаны жөн. Құрал-жабдықтарды
таңдағанда жуу жəне сервиз жайының тікелей байланысын
мұқият есепке алу керек. Ірі тамақтану мекемелеріндегі жуу
бөлімінде универсалды ыдысжуғыш машинасы, ас құралдарын
жууға арналған машина, фужерларды жууға арналған арнайы ма-
шина болады. Қосымша нұсқа ретінде жуу ванналары ескеріледі.
83
Ыдысжуғыш агрегатының күштілігіне əсер ететін негізгі
факторлар болып: сервирлеу құралдарын өңдеуге жайдың жос-
парланған ерекшеліктері; қызмет көрсететін персонал мен еңбекті
ұйымдастыру квалификациялары; сервирлеу құралдарының
мөлшері; ыдысжуғыш агрегатының болжамдалған жұмыс кестесі;
клиенттерді залға кіргізу қабілеті.
5. Қоғамдық тамақтанудағы инновация жəне Қазақстандағы
тамақтану мекемелерінің статистикалық мəліметтері
Қоғамдық тамақтану саласы қазіргі заманғы адамның
өмірінде өсу рөлінде дамып келеді. Бұл ең алдымен, қайта өңдеу
технологиясының өзгеруімен, коммуникацияның дамуымен,
жеткізу құралдарымен, өнім мен шикізат, көптеген өндірістік
процестердің қарқындалуымен қамтылады.
Беларусь республикасындағы қоғамдық тамақтануда əрекет-
тегі жəне салыстырмалы бағадағы тауар айналымының өсуі,
сандардың тиімділігі жəне қоғамдық тамақтану объектілері
типінің əркелкілігі соңғы жылдары байқалып келеді. Бүгінгі күні
қоғамдық тамақтану желісінде 707,3 мың орынға 11,1 мың объект.
Қызмет көрсету желісінде 1000 тұрғынға 19,9 орын қамтылған
(1000 адамға 17 орыннан кем емес мөлшерінде). Сонымен
қатар, бұрынғыдай қоғамдық тамақтануда ең жоғарғы сыбағалы
мекеменің шығын салмағы – сала бойынша 27,2% құрайды.
Қоғамдық тамақтану мекемелерінде шығынды жеңу шарты
ретінде бəсекелестікті тиімді қалыптастыратын жəне қамтитын
инновациялық қызмет болды. Инновацияны құру, түсіну, тарату
жəне қолдану инновациялық қызметтің ең қарапайым түсінігі
ретінде анықтауға болады. Қоғамдық тамақтану саласындағы
инновацияны ендіру бірнеше бағыттарда мүмкін бола алады:
өндірісте, қызмет көрсету технологиясында, клиенттермен, пер-
соналдармен жұмыста, жарнамада.
Сонымен, құрал-жабдықтар инновациясында шағын көлемде
болсын тұтынушы көз алдында тікелей тағамды дайындауға,
тұтынушыға қызмет көрсетуде лайықты бəсекелестікті адамның
əртүрлі талғамын қанағаттандыра алатын түрлі əлеуметтік
топтардағы клиенттердің назарын аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары пайда болған тамақтану ұйымдарының жаңа
84
типі – мейрамханалық тез қызмет көрсету, сонымен қоса, ұлттық
асхана, желілік ұйымдар жəне т.б.
Осындай ұйымдар орта салалық деңгейден 6 есе артық
деңгей көрсететін үлкен инвестициялық қайтарым, тиімділік,
функционалдылықпен қамтылған. Шет мемлекеттеріндегі
қоғамдық тамақтану өндірісінде инновациямен қамту тəжірибесі
қызықты болып келеді.
Мысалы, 2005 жылы Австралияда электрондық сомолье атты
шараптық инновация туындады. Ол оны құрған компания сияқты
электронды сомолье Wine Expert деп аталады. Мəзір пунктін ба-
сып клиенттер шарапты 6 негізгі əдіс арқылы іздей алады: типі
бойынша (қызыл, ақ, ойнақы, берік, т.б.), жүзім сорты бойынша,
шарап аты бойынша, мемлекет жəне нақты бір аймақ бойынша
іздеген шарап, сəйкес келетін баға жəне тағам диапазоны бойын-
ша. Бірнеше кезекті қадамдардан кейін киоск нақты бір шарапқа
тоқталуға көмектесіп қана қоймай, қойманың (дүкен) сызбасын
салып, шөлмектің сөресін, қатарын, қайда тұрғанын көрсетеді.
Wine Expert сатып алушыға таңдаған шарабынын дəмін нақты си-
паттап береді. Сонымен қоса, Wine Expert-ке штрихкодтар сканері
енгізілген. Сөреден алған шөлмекті роботқа əкелгенде бұл шарап
туралы толық мəліметті білуге болады, сондай-ақ, тағамдармен
үйлестіру жəне əртүрлі рецепттер ұсынысын көрсетеді. Тағы,
таңдаған шарап туралы ақпаратты басып шығаруға немесе
e-mail жіберуге болады. Персонал əр уақытта Wine Expert-ке
толықтырулар енгізуіне болады.
Қазіргі кезде Wine Expert технологиясы арнайы Жапония
нарығы үшін қайта өңделіп жатыр – электронды мəліметтер база-
сын күріш шараптарымен толтыру. Жапонияда 2008 жылдың ба-
сында өздерінің робот сомольелерін жасаған (өнер табыс жарыққа
шығып үлгермей, оны лезде 2008 жылғы Гиннестар рекорды
кітабына енгізген). Роботтың бойы үлкен емес – 40 см. Оның
сол қол-монипуляторы санайтын құрылғымен жабдықталған,
дегустация үшін шарабы бар шөлмекті жақындату керек. Ро-
ботта шараптың шыққан жері, нақты өндірушісі, шараптардың
түстік, дəмдік жəне бағалық мінездемелері мəліметтер базасына
енгізілген. Осы базаның сипаттамалары бойынша роботтың өзі
клиенттерге сұрақ қоя алады. Жауаптар негіздемесі бойынша ро-
бот клиенттерге өзі сөйлем құрып, жауап бере алады. Сонымен
85
қатар, роботта шарапты құйып, оның сапасын сынап көруге бола-
тын арнайы жабдықталған жері бар.
Жапонияда желінетін ыдыс атты өндірілім де белгілі.
Қоғамдық тамақтануда қолдануға керекті жапондық дизайнер
Nobuhiko Ankawa өмірге желінетін ыдыс идеясын ұсынды. Ол
өте оңай істелінеді – ұннан, тұздан жəне судан тұратын қамырды
пісіру арқылы жүзеге асады. Олар жақсы сақталады жəне
тамақтың дəміне əсер етпейді. Оларды суламаса ондай тарелке-
лер бірнеше ай бойы сақталып, көгермейді жəне бұзылмайды. Ол
жайлы, қолайлы жəне таңқаларлық.
Еуропада желінетін ыдыс кең таралған: Чехияда карамель мен
шоколадтан жасалған шай сервиздерін сатып алуға болады, Фран-
цияда – сағыз сияқты шайнауға болатын тіс тазалағыштары, Гер-
манияда – жеміс пастилаларынан жасалған десерттік тарелкелер
мен шөлмектер. Австралияда кептірілген жемістерден жасалған
арнайы терімдер (набор) жасалады, бірінші тағамға арналған
тарелкелерді күріш ұнтағынан жасайды.
Еуропа, АҚШ жəне Жапониядағы мейрамханаларда əрдайым
сыпайы болмайтын жəне қателесетін даяшыларды ауыстыру
үшін жасалған жаңа технологиялық e-menu атты сенсорлық экран
көмегімен тағамдарға тапсырыс беру дамып келеді. Сонымен
қатар, электронды мəзір шығынды азайтуға ықпалын тигізеді, ол
жас клиенттер үшін тартымды жəне тағамдардың фотосуреттері
жарнама секілді көрсетіліп тұрады. Тель-авивтегі e-menu-мен
қамтылған Frame суши-мейрамханасында табыс əдеттегіден
11%-ға өсті. Клиенттер үстелге тапсырыс бергенде, əдетте, экра-
ны бар үстелге береді. Израильдегі суши-барларда, пабтарда
жəне жанұялық мейрамханаларда e-menu құру басталып келеді.
Жүйе сенсорлық терминалды база арқылы құрылған. Израильден
басқа бұл жүйе Бельгия, Франция жəне ОАР мейрамханаларында
құрылған.
Қоғамдық тамақтанудағы инновацияның тағы бір мысалы
ретінде дəстүрлі емес мəзір жұмыс істейді: құрғақ жуылғыш
тақташа технологиясын қолдану арқылы өндірілетін мəзірдегі
жанатын тақташа. Мұның тиімділігі электронды тақташадағы ар-
найы маркермен жазылған тек мəтін ғана. Мəтін оңай өшіріледі,
оны тез арада жаңа мəтінмен ауыстыруға болады. Тақташа
12 Вольт кернеуде жұмыс істейді, сондықтан қолдануға қауіпсіз.
86
Сонымен қатар, жедел қызмет көрсететін объектілерде кең
таралым тапқан, мəзір түрі келушілерге ұсынатын тағамдардың
суреттері көрсетілген жарық панельдері. Мұндай мəзір түрі
тағам ассортиментін көрсету кеңдігі, тапсырыс беру процеду-
расын оңайлату арқылы уақытты үнемдеу жəне визуалды көз
тартқыштықпен қамтамасыз етілген.
Қараңғыда қызмет көрсету – АҚШ мейрамханаларының
бірінде енгізілген американдықтардың жаңа шешімдері. Теле-
фондар, плеерлер жəне т.б. барлық жанатын заттарын клиенттер
мейрамханаға кірерде тапсырады. Сонымен қатар, олар мəзірмен
танысып, тапсырыс бере алады.
Мейрамханада арнайы қараңғыда жақсы бағдарланатын көзі
көрмейтін даяшылар жұмыс істейді. Мейрамхана келушілері
қараңғыда түскі немесе кешкі асты ішуге келгенде өз сезімдеріне
толығымен топтана алады. Мейрамхана көзі көрмейтіндерді
жұмыспен қамтамасыз етуге өз үлесін тигізді.
Персоналмен жұмыста да инновациялы шешімдер маңызды
болып табылады. Бұл ең алдымен еңбек мотивациясына байла-
нысты. Соңғы жылдары «минималды ақы – сату пайызы» деп
аталатын төлем жүйесі пайда болып, өз қалаушыларын табуда.
Қонаққа мəзір позициясын дұрыс таныстыратын тəжірибелі даяр-
шылар үшін тартымды болып келеді. Ресейлік «АРПИКОМ» ком-
паниясында, ең үздік даяршы, “айлық асхана қызметшісі” кон-
курстары өтіп жатыр. Жеңімпаз бас басқарушылармен кешкі асқа
жиналып, қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. Жылына бір
рет «Жар-птица» мейрамханалық премияның салтанатты рəсімі
өтіп тұрады, жыл бойынғы ең үздік қызметкерлерді марапаттай-
ды. Марапатталғандарға Германияға, Чехия, Франция, Италияға
саяхатты ұйымдастырады. «Кофемании» мəзіріндегі жайылатын
кітапшаларды жақсылап қарасаңыз, халықаралық конкурстарда
жүлделі орынға ие болған аспаздар жайлы ақпараттарды көре
аласыз. Бұл ақпарат желі мəртебесін көтереді жəне жеңімпаздар
мен жүлдегерлер қонақтар алдында оң көзқарас тудырады.
Сол себепті, инновацияның артықшылығы анық. Қоғамдық
тамақтанудағы инновациялық қызмет республика экономика-
сында жəне нарықта тұрақты жəне тиянақты орын алуға септігін
тигізеді. Əйтсе де, өндеу жəне енгізу процесі көп жағдайда үлкен
көлемде ақшалай қаражаттардың тартылуын қажет етеді, бірақ
соңғы қорытынды нəтижесі күткеніңізден асып түсуі мүмкін.
|