Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет41/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
suraganova turizm inf

ҮстелдерМейрамханадағы үстелдер басқа қоғамдық тамақ-
тану кəсіпорындарындағы үстелдерден өз көлемдерімен, əрлеу 
жұмысымен, қолдану сипатымен өзгешеленеді.
Мейрамхана үстелдерінің бетінің үлкендігі аса толық сер-
верлеумен, тағамдардың кең жəне түрлі сұрыпталымы бо-
йынша анықталады. Дəстүр бойынша, тағамдар мен сусындар-
мен толтырылған үстел – қонақжайлылықтың, молшылықтың, 
жайлылықтың белгісі болып саналады. Практиканың көрсетуі 
бойынша, мейрамхана үстелдерінің ең қолданыстағы кеңдігі –
800 – 1200 мм. Бұл серверлеу үшін жəне келушілер мен 
қызметкерлерге жайлы жағдай жасау үшін əбден жеткілікті.
Мейрамханаларға негізінен диаметрі 100 см дөңгелек 
үстелдер, шаршы 90*90 см жəне төртбұрышты 85*120 жəне 
90*80 үстелдер қойылады. Үстел бетінің төртбұрышты түрі 
ыңғайлы жəне ас ішетін зал аумақты үнемдеуге мүмкіндік 
береді. Сонымен, 12 адамды отырғызу үшін, 3,5 м
2
аумағын 
алатын ұзындығы 3,6-4,2 м төртбұрышты үстел қажет, ал 12 
адамға арналған дөңгелек үстел 5,5 м
2
орын алады. Оған қоса, 
төртбұрышты жəне шаршы үстелдерді қажетті жағдайда бір 
қатарға жылжытуға болады. Дөңгелек үстелдерді қолданатын 
мейрамханалар əдет 
те оларды залдың ортаңғы жағына орна-
ластырады, ал төртбұрышты үстелдерді қабырғаларға жақын 
қояды. Алты жəне төрт орындық төртбұрышты үстелдерді 
қосқанда он адамға арналған үстелді алуға болады. Осылайша, 
үстелдерді бір қатарға құру мүмкіндігі, олардың бірдей ені мен 
тік бұрыштарына байланысты. Мейрамханалардың көпшілігінде 
үстелдерге дастархан 
дар жайылады. Бірақ кейде дастархансыз 
қызмет көрсетеді. Жақсы əрленген, сəнді текстурадағы үстелдің 


79
бетіне кішірек май лықтарды төсейді. Қызмет көрсетудің осын-
дай екі түрі үстел 
дің қандай материалдан жасалғанына жəне 
құрылуына қарап анықталады.
Дастарханмен қызмет көрсетуге арналған мейрамханалық 
стөлдер, əдетте, ағаштан жасалады. Серверлеу құралдарының 
беріктігімен қамту үшін дастархан астынан ауыстыруға жəне 
жууға ыңғайлы кенептен жасаған бауларымен немесе резеңкесі 
бар тысты кигізуге болады. Алайда, ортақ дастарханды 
қолданғаннан гөрі, жеке майлықтарды қолдану гигиенаға жатады 
жəне стөлдің бетіне жабу үшін эстетикалық тартымды түрлі-түсті 
декоративті пластиктарды қолдануға мүмкіндік береді.
Мейрамхана стөлдеріне банкеттік жəне фуршеттік үстелдер де 
жатады. Фуршеттік үстел қарапайым мейрамханалық үстелдерден 
кішкене биігірек, 1000-1100 мм, кеңдігі 1200-1500 мм. Банкетті 
ұйымдастырған кезде шаршы немесе төртбұрышты қарапайым 
ас ішетін үстелдер қолданыла алады. Оның ішінде қажетті 
өлшемдегі банкттік үстелдер болады. Банкеттік үстелдің кеңдігі 
1000-1200 мм. Сонымен қатар, аяқтары жиналатын бөлшектенетін 
үстелдерді қолданады, олар жолға шығушы фуршеттер мен 
буфеттерді ұйымдастыру үшін қолдануы мүмкін. Фуршеттік 
үстелдер алдымен шақырылған адамдардың тұрып жеп ішуіне 
байланысты қонақтарды қабылдау кезінде қолданылады. Оларды 
«Швед үстелін» жаю үшін қолдана алады. Фуршеттік үстелді ал-
дын ала серверлейді. Үстелге бір уақытта қоятын дəмтатымдары, 
сусындар шөлмектері, тəрелкелері, фужерлары, асхана аспапта-
ры бар көптеген тағамдар мейрамхананың қарапайым үстеліне 
қарағанда, үстел бетінің одан да үлкен өлшемін қажет етеді. 
Фуршеттік үстелдің көбіне орынды кеңдігі – 1200-1500 бола-
ды. Үстелдерге банкеттік дастархандарды жаяды. Үстелдерді 
шақырылғандардың санына қарап ұзынынан, 8 адамға арналған, 
екі жағынан да бір метр есебіне байланысты қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет