Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет61/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   153
suraganova turizm inf

Жүктерді сақтандыру
Жүк тасымалдау қай кезде болмасын бірнеше мəселелерден 
тұрады. Кез келген жерде жүкке зақым тиюі немесе жоғалып 
кетуі мүмкін. Осы қиындықтарға тап болмас үшін алдын ала 
сақтандыру қызметін пайдаланған дұрыс. Сақтандыру компания-
лары арқылы немесе жүк тасымалдаушылар арқылы жүзеге асы-
ру мүмкін. 
Барлық сақтандыру компаниялары арнайы комиссия арқылы, 
мемлекеттік лицензия алу арқылы ғана жұмыс істейді. Сақтан-
дыру дың түрі жəне ақшалай көлемі жүктің салмағына жəне т.б. 
байланысты болады. Оларға тоқталып өтсек: «барлық шығынды 
өтеу» - компания бұл жағдайда барлық шығындарды өтейді, 
«зақымдарға жауап бермейді, апат болған жағдайдан басқа 
жағдайда жəне компания тек барлығы жойылған жағдайда ғана 
жауап береді. 
Барлық сақтандыру компаниялары үшін стандарт – отыз 
күннен қырық күнге дейін. Қалауына қарай одан да көп күнге 
дейін созуға болады. Сақтандыру барлық тасымалдау кезінде 
күшінде болады.
Транспорттаудың негізгі түрлері
Унимодалы (бір түрлі) транспорттау транспорттың бір түрі 
бойынша ғана жүзеге асады. Мысалы, автомобильдік ереже бо-
йынша, жүк тасымалының арасындағы операцияларды анықтап 
алған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Транспорт түрлері мына-
лар бойынша анықталады. Жүктің түрі, көлемі, пайдаланушыға 
жеткізу уақыты, тасымалдауға кететін уақыт. Мысалы, үлкен 
көлемді жөнелтілуде, жəне подьезд алдына келгенде теміржол та-


113
сымалын пайдалану, аз жүк тасымалдауда немесе жақын жерге 
тасымалдауда – автомобильді пайдалану. 
Аралас жүк тасымалдау – бұл қызмет түрі екі транспорт 
арқылы жүзеге асады (темір жол-автокөлік, арық-автокөлік, теңіз-
автокөлік жəне т.б.). Сонымен қатар жүкті бірінші транспорт бо-
йынша апарады. Алмастыру пунктіне, яғни бұл жерде транспорт 
ауысады. Мысал ретінде жүк тасымалының аралас түріне авто-
транспортпен қызмет көрсететін фирмаларды алуға болады.
Жүк тасымалының аралас түріне тасымалдың бірнеше 
транспорттық құжат болуы, бір тарифтің болмауы. Тікелей жүк 
тасымалдау жүзеге асуы үшін жүктің иесі бірінші транспорттау-
шымен келісімге отыруы тиіс. Ол өзімен қатар өзінен кейінгі жүк
тасмалдаушы үшін де жауап береді, жүк иесі екі жүк тасымалдау-
шысымен де келісімге отырған болып есептеледі, ал жүк тасы-
малдаушылар жүкке жауап беруі тиіс.
ə) Толықтырылған жүк тасымалдау түрі. Ерекшелігі екіден 
көп транспорт бойынша жүзеге асады. Аралас (толықтырылған) 
транспорттау түрлері көбінесе құрылымды дистрибутивтік жол-
дар арқылы айқындалады. Мысалы, ЖТ-нің ірі партиялары жа-
салатын заводтан жөнелтіледі, яғни, теміржол транспортымен 
көтерме базасына, ал көтерме базасынан бірліктік саудаға авто-
мобиль транспорты арқылы жүзеге асады.
Транспорттың заманауи логистикалық тəжірибесі жалғыз 
экспедитордың орындауымен өтетін бір диспетчерлік орталық 
жəне жалпыға бірдей құжат арқылы орындалатын тасымалдау 
экспансиясының өсуіне байланысты (мультимодальды, интермо-
дальды, трансмодальды, А-модальды, толықтырылған, сегмент-
телген жəне т.б.).
Интермодальды тасымал барысында жүктің иесі бір тұлғамен 
(оператормен) келісімшартқа отырады. Оператор жолдағы бүкіл
қауіпсіздікті бақылайды. Оператор экспедиторлық фирма бо-
луы мүмкін. Ол жүк тысымалын əртүрлі транспортпен қамтиды, 
жүктің иесін басқа бір транспорттық мекемемен келісімшартқа
отырудан босатады. Интермодальды тасымалдың негізгі белгілері:
- жеткізуші оператор логистикалық желі (канал) басталғаннан 
соңғы пунктке жеткенге дейін жауапты болады; 
- фрахтаның еңгізілген бірыңғай ставкасы (бағасы); 
8–1037


114
- бірыңғай транспорттық құжат; 
- жүкке жəне тасымал келісімшартының орындалуына 
бірыңғай жауапкершілік.
Интермодальды жəне мультимодальды тасымал жүйесінің 
негізгі қызметіне келесілер жатады: 
- бір үлгідегі коммерциялық-құқықтық тəртіп; 
- тасымалдаушы ұйымның қаржылық-экономикалық сұрақта-
рын шешуге кешенді түрде ыңғайлану; 
- телекомуникациялық желіні жəне электронды құжат айна-
лым жүйесін максималды пайдалану;
- тасымалды басқарудың бірыңғай ұйымдық-технологиялық 
кезеңі жəне тасымалдауға қатысатын барлық логистикалық дел-
далдар қызметінің координациясы; 
- логистикалық делдалдардың кооперациясы; 
- тасымал инфрақұрылымын əртүрлі транспортты пайдалана 
отырып кешенді дамыту.
Мемлекетте экспорт, импорт операцияларын мультимодаль-
ды тасымалдау барысында жүкті кедендік рəсімдеу маңызды бо-
лып табылады. Сондай-ақ жүкті тасымалдаушы маршрут өтетін 
мемлекеттің транспорттық құқықтары жəне коммерциялық-
құқықтық аспектілері де өте маңызды болып табылады. Муль-
тимодальды тасымалдаудағы коммерциялық-құқықтық тəртіптің 
бірыңғай жүйесі келесілерден көрінеді: 
- транспорттау бөліміне физикалық бөлу бойынша есептік-
келісім бірлігін унификациялау;
- кедендік бақылау жеңілдіктері; 
- халықаралық үлгідегі коммерциялық жүк тасымалдау құжат-
тарын енгізу.
Транспорт процесіндегі мульти жəне интермодальды та-
сымалдау кезінде ақпараттық-компьютерлік қолдау үлкен 
маңызға ие. Ең маңызды рөлді транспорттаудың халықаралық 
телекомуникациялық жүйесі алады. (комерциялық, комерциялық 
емес спутниктік система жүйелерін жəне транспорттық құралдар 
новигациясы).
Сондай-ақ Еуропалық келісім бойынша «топталған тасымал» 
бір бірлік бойынша барлығын жүзеге асыруды, тарнспорттық 
техникалар, яғни үлкен контейнерлер, жалғанған жарты жалдау-


115
ды жəне автокөлік тіркеуді көптеген автобөліктерді пайдалануды 
айтады. 
Транспортты таңдаудағы қарсы пікірлер жүйесі. Қарсы 
пікірлердің негізгі жүйесі бойынша транспорттың түрлері жəне 
логистикалық əсерлер арасында қалыптасады. Жүк тасымалдау 
үшін транспорт таңдаудағы критерийлердің негізгі түрлері: 
- транспорттаудағы минималды шығын;
- жүкті жеткізудегі уақыт; 
- сенімділік пен қауіпсіздіктің максималдығы;
- жол шығынның минималдығы;
- транспорт түрінің қолжетімділігі жəне қуаттылығы;
- өнім дифренциациясы. 
Транспорттауға кеткен шығындарға белгілі салмақтағы тариф-
тер (белгілі салмақтағы қызметке), сонымен қатар экспедициялық 
операциялар, тиеу, түсіру, тасымал, сұрыптау жəне т.б. түріндегі 
жүкті тасымалдау барысында логистикалық операцияларға 
физикалық бөлу орнату. Əдетте транспорттық шығындар транс-
порт түрі мен тасымал жолын таңдауда басты критерий болып 
табылады. Сонымен қатар жеткізу уақыты да шығындар секілді 
альтернативті таңдауда қомақты көрсеткіш ретінде көрсетіледі. 
Мысалы, ЛТ, уақыт қазіргі заманға логистикалық концепция-
ларда шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ жүктің уақытында 
жеткізілуі таңдалынған тасымал жүйесінің сенімділігін арттыра-
ды. ГП нарығында жеткізілу уақытының қысқартылуы фирмаға 
бəсеке қабілеттігін арттыра отырып, өнім дифференциациясы 
стратегиясын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Қорды басқару жүйесін қарастыру барысында транзиттік 
қордың шығындары уақытымен орындалмаған жеткізуден болған 
шығынды талдау керек. Бұл шығындар таңдау процедурасын 
орындау барысында минималды болуы тиіс.
Кезекті транспорт түрін таңдауда логистикалық қуаттылық 
пен жеткізу мүмкіндіктері, техникалық эксплуатациялық 
көрсеткіштер мен транспорттың кеңістіктегі мүмкіндігін еске-
ру керек. Таңдаудың шартына байланысты ең бастысы жүктің 
қауіпсіздігін, жүктің сапасының стандартқа жəне халықаралық 
талаптарына сай келуін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар транспортты таңдау процедурасы, транспорт 


116
түрін, жүк тасымалдаушы таңдау көп критерийлі болып табы-
лады. Əдістің қиындығы қарастырылып отырған мəселелердегі 
критерийлердің жан-жақтылығы түрлі мөлшердегі көптеген 
көрсеткіштердің сапасында жатыр.
Транспорт фирмасының алдында тұрған міндетті екі ірі топқа 
бөлуге болады: эксплуатация қызметімен байланысты жəне 
техникалық дайындық (транспорттық жөндеу жұмыстары). 
Бұл айтылған міндеттер автомобиль жəне транспорттың өзге 
түрлері үшін негізгі зерттеу обьекті болып табылады. Сонымен 
қатар жəне өзге тасымалдау түрлерінің маршрутының оптимал-
ды міндеттері фирманың логистикалық міндеттерін шешуге, 
транспорттық логистикалық делдалдар ретінде тануға мүмкіндігі 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет