118
Автостанциялар автобустық хабарламалардың соңғы жəне тран-
зиттік
орындарында орналасады, автовокзалдар – əдетте тек қана
соңғы орындарда орналасады. Вокзал мекемесінде күтіп отыру
бөлмелері, билет сату кассалары, тамақтану орындары жəне
ұсақ түйек
сату орындары, сақтау камералары жəне де қызметтік
орындар (диспетчер, əкімшілік бөлмелері) орналасқан.
Автовокзал жəне автостанция аймақтарында рейстер
тұрақтауға кең алаң болады, үлкен автовокзалдарда
- автобус жуа-
тын мекемелер бар.
Автостанция жəне автовокзалдың айырмашылығы ең бірінші
оның көлеміне байланысты. Автостанцияның сыйымдылығы 50
адам, ал автовокзалда ең кемінде 100 адам болады. Кейбір авто-
станцияларда мүлдем жолаушыларды орналастыруға арналған
бөлмелер мүлдем
болмайды, онда тек ашық павильон болуы
мүмкін. Көлемінің үлкен болуы арқасында сапаржайлар мен
қосымша қызметтер де көп мөлшерде болады. Сонымен қатар ав-
товокзалдар басқа да вокзал түрлерімен қатар жұмыс істейді.
Автобекет кластары
Автостанция қызметіне байланысты төрт класқа бөледі:
- 1-класс – үлкен мөлшерлі жүк жəне жолаушыларға қызмет
көрсету үшін операциялар жасайды.
Вокзалды, қонақүйлерді, мейрамханаларды, ашық тұрақ жəне
гараждарды, көлікті жөндеу шеберханаларын, автодүкендерді,
жанармай
құю станцияларын, қоймаларды осы класқа жатқызады.
Осындай станциялар байланыс жүйесі жəне метеорология пунк-
тері мен қамтылған. Осындай кешендер бір-бірінен 200-300 км
қашықтықта орналасқан. Транспорттық түйінді ұйымдастыра
отырып осындай станцияларды басқа да транспорт түрлерімен
сыйыстыру кепілденеді. Сонымен қоса,
осындай аймақтар тауар-
ды жəне қызметті шарасыз тартады, сондықтан олардың орналас-
тыруын міндетті түрде қарастыру қажет.
- 2-класс – үлкен транспорттық операцияларды жүргізеді. Ай-
налым вокзалы, техникалық станцияларды күту, ашық автотұрақ,
жанармай құю орны осы екінші класқа жатады.
- 3-класс – тоқтау аялдамасының орны.
Негізінен жолау-
шыларға қызмет көрсетеді. Жолаушылар павильоны жəне жанар-
май құю орны орналасқан.