Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Тамақтану мекемелерімен келісімшарт



Pdf көрінісі
бет112/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153
suraganova turizm inf

Тамақтану мекемелерімен келісімшарт
Келісімшарттың
бұл түрі жеке тамақтану мекемелерімен, 
егер де туристерді тамақтандыру орналастырудан бөлек болса 
жəне қонақүймен келісімге кірмейтін болған жағдайда орында-
лады. Тамақтану маршруттарда, тематикалық турларда (жолда 
тамақтану) жəне т.б. болуы мүмкін. 
- Бұндай келісімшартта келесі жағдайлар ескерілуі керек:
- бір мезгілде қызмет көрсетіліп жатқан тур саны;
- тапсырыстардың жиілігі мен көлемі;
- тамақтану түрлері (швед үтелі, қызмет көрсету, т.б.)
- ас мəзірінің нұсқалары;
- əртүрлі рационды тағамдардың бағасы;
- үлкен көлемдегі клиенттерге жəне клиенттерді əрқашан қам-
тамасыз етуге жеңілдіктер;
- тамақтануға өтініш беру мерзімі;
- ешқандай айыппұлсыз тапсырыстан бас тарту мерзімінің 
шегі;
- тамақтану келісімшартында белгіленген уақыттан ерте бұ-
зыл ған жағдайда материалдық жауапкершіліктің болуы.
Автокөліктік мекемелермен келісімшарт
Халықаралық
қарым-қатынастағы туристерді тасымалдайтын 
автокөліктік ұйымдар 1982 жылы 26 мамырда Дублин қаласында 
қабылданған Еуропалық келісімшартпен реттеліп отырады. 
Автокөліктік мекемелермен келісімшартқа отыру үшін келесі 
мəселелерді ескеру керек:


202
- туристерге қызмет көрсету үшін бөлінген көліктің маркасы;
- бағасы мен тарифтері;
- көліктің кестесі мен жұмыс істеу уақыты;
- автокөліктің бөлінуіне өтініш беру уақыты;
- ешқандай айыппұлсыз тапсырыстан бас тарту уақыты;
- автокөліктің қолданылу мерзімінің аяқталмауына туристік 
фирманың материалдық жауапкершілігі;
- туристердің кешігуі кезінде автокөліктердің күту уақытының 
максималды ұзақтығы;
- автокөліктердің кешігуіне немесе келісілмеген жағдайларда 
туристердің күту уақытының максималды ұзақтығы;
- туристердің, гидтердің, экскурсанттардың қызмет көрсетуші 
автокөліктерді қолданудағы негізгі міндеттері мен құқықтары;
- төмен бағалар мен жеңілдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет