Баекеева айнур толыбаевна



бет13/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Қосымша «Терминком бекіткен «Кен ісі және металлургия» саласының терминдеріне дәстүрлі тезаурустық сараптама (Алфавиттік және квантитативтік талдау)» (Қосымша А), «Терминком бекіткен «Кен ісі және металлургия» саласының терминдеріне дәстүрлі тезаурустық сараптама (Көп вариантты синонимдер)» (Қосымша Ә), «Терминком бекіткен «Кен ісі және металлургия» саласының терминдеріне дәстүрлі тезаурустық сараптама (Қазақ тіліндегі терминдердің орыс тіліндегі баламамен сәйкес терминдері)» (Қосымша Б), «Терминком бекіткен «Кен ісі және металлургия» саласының терминдеріне құрылымдық талдау (аналитикалық тәсіл)» (Қосымша В), «Қазақ тіліндегі тау‑кен терминдері арқылы жасалған антропонимдер (3 таксономиялық кестеден тұрады)» (Қосымша Г), «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Персоналды басқару және құжатайналым қызметіне ғылыми‑зерттеу жұмысының нәтижелерін ендіру актісі» және «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Кадр саясаты және құжатайналым басқармасына ғылыми‑зерттеу жұмысының нәтижелерін ендіру актісі» (Қосымша Ғ) беріліп отыр. Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі тау‑кен терминдері Digital Library басқару жүйесіне енгізіліп, тау‑кен терминдерінің көптілді басқарылмалы тезаурусы құрастырылды // http://db4.sbras.ru/elbib/data/admin/adm.phtml.
Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес дайындалған:
1) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысы);
2) Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020‑2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы);
3) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020‑2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысы);
4) «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы (I. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия).




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет