Бағалау кезеңдері мен құралдары


Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері



бет2/4
Дата27.03.2023
өлшемі23.63 Kb.
#471157
1   2   3   4
Ба алау кезе дері мен ралдары

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдау жасау.

  3. Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.

  4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз негізде: — Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы; — Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы; — Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы; — Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы ақпарат ұсыну.

Критериалды бағалау қағидаттары: — Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. — Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады. — Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. — Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. — Дамытуға бағытталғандық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Бұл қағидаттар қалыптастырушы бағалаумен қатар жиынтық бағалауда да анық көрініс табады.
Қалыптастырушы бағалау қағидаттары: — Оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»); — барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген); — бағалау таңбаланбайды; — оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады; — әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі; — ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет