1.3. Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі
Нарықтық экономиканың пайда болуы және қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі.
Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әртүрлі жақтарын сипаттайды. Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
1.Қарыз міндеттемесі - оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу құқын дәлелдейтін қарыз алушының заң жүзінде берген құжаты.
2.Қарыз міндеттемесі - қарыз алу кезінде несие алушының несие берушіге (кредиторға) беретін құжаты.
Сонымен, қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды тұлғалардың, яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін шығарып және оған одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды. Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндеттемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқығын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.
Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат. Ал нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайын сол уақыттағы олардың табысының кірісі мен шығынының арақатынасы анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз етілудің үш түрлі жағдайы кездеседі:
-
Тепе-теңдік жағдай. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды.
-
Артық жағдай. Ол кіріс шығыннан көп болғанда туындайды. Демек, сақтаудағы қоры мол, сондықтан бұл субъектінің басқаға несие беруге мүмкіндігі бар.
-
Қаржыға тапшылық жағдай. Ол шығын кірістен көп болғанда туындайды. Демек, бұл субъект қаржыға мұқтаж, яғни оған несие алу қажет.
Кез-келген уақытта қаржысы артық шаруашылық субъектілері де, қаржы тапшылығында отырғандар да бір ұлттық қаржы жүйесі шеңберінде кездеседі. Дәл осы жағдайда екі шаруашылық субъектілерінің біреуі артық табысын екіншісіне несиеге беріп, ор-нына қарыз міндеттемесін алады. Керісінше, бұрынғы қарыз мін-деттемесін өтеу кезінде қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз міндеттемесін борышқор (қарыз алушы) несие берушіге жазып бе-реді.Ол борышқор несиесін өтегенше несие берушіде сақталады. Қарыз міндеттемесін иемдену құқығынан оны орындау құқығы туындайды.
Қарыз міндеттемелерін жеке тұлғалар да, мемлекет те және Орталық (эмиссиялық) банк те шығаруы мүмкін. Қарыз міндет-темелерінің шаруашылық айналымында қолданылуын есептеуді қаржы активтері деп атайды. Қаржы активтері мен оны айналымға түсіретін ұйымдық түрінің органикалық бірлігін елдің қаржы' жүйесі дейді. Ұйымдық тұрғыдан қаржы жүйесінің негізін ақша нарығы және капитал нарығы құрайды. Ақша нарығы бір жыл мерзімге дейін шығарылған қарыз міндеттемелерін біріктірсе, капитал нарығы - бір жылдан көп уакытқа шығарылған қарыз міндеттемелерінің жиынтығы. Бұл инвестициялық қорлардың нарығы.
Өз кезегінде қаржы нарығы алғашкы және екінші (қосалқы) нарық болып та бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қарыз міндеттемелері орналасса, екінші нарықта оның бұрын шыққандары айналымда болады. Демек, алгашқы нарықта олар сатылады, ал екіншісінде - сатып алынып, қайта сатылады.
Артық қаржысы бар және тапшылық қаржы жағдайындағы шаруашылық субъектілері бірімен бірі үш түрлі тәсілмен байла-ныста болуы мүмкін: тікелей, қаржы делдалдары арқылы және қаржы институттары арқылы.
1. Тікелей қаржыландыру тәсілі - артық қаржысы бар субъект басқаға қаржысын несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе, несие алушының міндеттеме қайтару портфелі үлғаяды.
-
Делдалдар арқылы қаржыландыру - бұнда делдал ретінде брокерлер мен дилерлер жүреді. Бұл тәсіл бойынша қор биржасы қызмет жасайды. Себебі не брокер, не дилер өзінің қарыз мін-деттемелерін шығармайды. Олар қор биржасы атынан делдалдык қызмет атқарады.
-
Қаржы институттары, яғни коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы корлары, инвестициялық компаниялар қаржы жағдайлары қарама-қарсы субъектілерді қаржыландыруда делдалдық қызмет атқарады. Бұл ұйымдар несие алушының қарыз міндеттемелерін (алғашқы қарыз міндеттемелерін) өздері сатып алып, оларды қаржы жағдайы артық субъектке қайта сатады.
Бұндай жанама түрде қаржыландырудың артықшылығы - қаржы институттарының несие берушіні қызықтыратын өзінің қарыз міндеттемелерін шығаруы. Мысалы, банктік депозиттер (банктік шотқа салынған ақша қаражаты), өмірді сақтандыру полистері, зейнеткерлікке шыққаннан кейін берілетін қаржы туралы зейнетақы бағдарламалары. Міне бұл міндеттемелер несие берушіні әрі сенімділігімен, әрі кайтарымдылығымен, әрі алуға оңайлығымен және қолайлығымен өзіне тартады. Бірақ бұл жағдайда қаржы институттары қарыз міндеттемелерінің қайтарылмау (өтелмеу) қаупін өздеріне алады.
Қарыз міндеттемесі белгілі бір мезгілге шығарылады. Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең. Қарыз міндеттемесінің қызмет мезгілі үш кезеңнен түрады:
-
шығару уақыты;
-
айналым мезгілі немесе алғашқы нарықта сату;
-
өтеу мезгілі немесе қолма-қол ақшаны қорға өткізу. Қарыз міндеттемесі иемденушіге кіріс түсіреді.
1.4. Бағалы қағаздардың жіктелуі
Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы бағалы қағаздар анық-тамасымен тығыз байланысты. Олардың экономикалық мәні tiip-біріне сай келеді. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы қағаздар сияқты арнаулы құжатгық формасы болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында (шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлүмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне, айналыс жеріне байланысты жіктеледі (1.1. Сурет).
1.1. Сурет. Бағалы қағаздардың жіктелуі
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаз, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті үкімет органдары, акционерлік қоғамдар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
а) Қазынашылық - ол үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар. Мемелекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
ә) Жергілікті үкімет органдарының бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
б) Қаржы институттары мен акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар шығарады.
в) Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификат тар (салым кұжаты), чектер және бұлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
г) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Акша нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі топтарға жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарга жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін жәйт, бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге, яғни 1 жылға дейін айналымда болса да (мысалы, еркін айналыстағы опциондар) капитал нарығында жүреді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында көптеген сегменттер, атап айтқанда, кәсіпорындар мен жеке компаниялардың акциялары; мемлекеттің және жеке фирмалардың облигациялары айналыста жүреді. Нарықта табыс түсіру және тәуекел бойынша олардың арасында үнемі үздіксіз бәсекелестік өрбиді. Өндірістің экономикалық өрлеуі кезінде көптеген жағдайда жеке және корпоративтік акциялар мен облига-циялар бойынша дивидендтер мен проценттер мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша проценттерден жоғары болуы мүмкін.
АҚШ
|
Батыс Еуропа елдері
|
Жапония
|
Жеке фирмалардың облигациялары
|
Жеке фирмалардың облигациялары
|
Жеке фирмалардың облигациялары
|
Корпоративтік, жеке акциялар
|
Кепілдікке мүлік салу және коммуналдык облигациялары
|
Жеке фирмалардың акциялары
|
Бюджеттін кемшілігін жоюға арналган мемлекеттік облигациялар
|
Аралас меншік формасындағы кәсіпорындардың акциялары;
бюджеттің кемшілігін жоюға арналған мемлекеттік облигациялар
|
Аралас меншік формасындагы кәсіпорындардың акциялары;
бюджеттің кемшілігін жоюға арналған мемлекеттік облигациялар.
|
1.2.Сурет. Өркениетті елдердегі бағалы қағаздардың түрлері
Бұл суретте автор [21;6.] АҚШ-та жеке фирмалардың облига-цияларының бағалы қағаздар нарығында жоғары үлес салмағы бар екенін көрсетеді. Себебі олар қор биржасынан тыс сатып алу және сатудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Айта кететін жәйт, АҚШ - пен салыстырғанда Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Францияда, сондай-ақ Жапонияда мемлекеттік сектордың бағалы қағаздарға қосқан үлесі жоғары, сондықтан оларда әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың облигациялары көптеп шығарылуда. Ал Батыс Еуропа елдерінде шығарылатын кепілдікке мүлік салу облигацияларын және коммуналдық облигацияларын тек ипотекалық банктер эмиссиялайды, сондай-ақ олар қор биржасынан тыс сатылады.
Әлемдік бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың әртүрлі белгілеріне, атап айтқанда, экономикалық, құқықтық, эмитентіне және т.б. негізгі сипатына қарай жіктелуіне де мүмкіндік туғызады (1.3.Сурет).
Суретте автор [21 ;71.] бағалы қағаздардың экономикалық жаратылысына байланысты алғашқы және туынды деп жіктейді. Мы-салы, акциялар мен облигациялар алғашкы жалған капиталға жатады. Себебі олар эмитенттің мүлкінің, ақша қаражатының белгілі бір үлесін құжат формасында білдіреді, ал опциондар мен фьючерстер туынды, екінші ретте шығарылған қаржылық құралдарға жатады. Алайда бағалы қағаздарды бұлай жіктеу бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын білдірмейді.
Ал келесі автор [22; 10.] кез-келген бағалы қағаздарда болатын кейбір белгілерге (уақыт, кеңістік және нарықтық) байланысты жіктейді. (Ол 1 А Суретте өрнектелген).
Жіктелу нышандары:
|
Бағалы қағаздардың түрлері
|
Қолдану мерзімі
|
Мерзімді, мерзімсіз
|
Пайда болуы
|
Алғашқы, екінші нарық
|
|
|
Қолдану формасы
|
Қағазды- құжатты; қағазсыз, құжатсыз
|
Ұлттық тиістілігі
|
Отандык, шетелдік
|
Пайдалану типі
|
Инвестициялық (капиталдык), инвестициялық емес
|
Иемдену тәртібі
|
Ұсынушы, атаулы
|
Шығару формасы
|
Эмиссиялык, эмиссиялық емес
|
Меншік формасы
|
Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік емес бағалы кагаздар
|
Айналыс сипаты
|
Нарықтық, еркін айналыстағы, нарықтық емес
|
Тәуекел деңгейі
|
Қауіпсіз, аз кауіпті, қауіпті
|
Табыстылығы
|
Табысты, табыссыз,
|
Қаражат салу формасы
|
Қарызды, иеленушінікі, үлесті
|
Экономикалық мәні (құқық түрі)
|
Акция, облигация, вексель және б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |