Бағдарлама 20 ж бекітілген пәннің жұмыс оқу-бағдарламасы негізінде жасалды


Дәріс тақырыбы: Отбасының әлеуметтік мәселелері және түрлері



бет15/21
Дата27.09.2023
өлшемі122.48 Kb.
#478806
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (2)

Дәріс тақырыбы: Отбасының әлеуметтік мәселелері және түрлері.
Жоспар:

  1. Әлеуметтік қолдаудың объектісі ретіндегі отбасы түрлері

2. Қызметтік қисындылығына байланысты отбасы типологиясы
3. Өз мүшелеріндегі әлеуметсіздендірудің әсерін ескеретін отбасылардың типологиясы
4. Тәрбиелік қателік типтері бойынша отбасылардың типологиясы

Қазіргі ғылымда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметтік қолдаудың объектісі кез келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақты мазмұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін әртүрге жататын көмек түрлері сияқты әртүрлі болады. Бізге ең жақыны М.В. Шакурованың ұсынған отбасының типологиясы.


Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары, яғни бала тәртиесін игере алмаған отбасылары арасынан 50-деп 60-қа дейінгі пайызын ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен және психологиялық-педагогикалық мәдениеті төмен педагогикалық жағынан қисыны келмейтін ата-аналар, бала-ата-ана қарым-қатынастарының жолы теріс, жанжалды деп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды.
Әлеуметсіздендіру тура әсеріне іліккен отбасылардың әлеуметке жат қылықтары белгілі бір әрекеттермен астасып қоғамға жат құбылыс туғызады. Мұндай қылмыстық-биморальдық отбасылары қоғамға жат құбылыстарымен және бағыт-бағдарымен сипатталатын қылмыстық факторларға және әлеуметке қайшы келетін әрекеттерге жиі ұрынады.
Қылмыстық-биморальды отбасылары өздерінің теріс қылықтарымен өздерінің балаларына аса қатерлі қауіп төндіреді. Мұндай отбасындағы балаға деген қарапайым ғана қамқорлықтық жоқтығы, балаға қаталдықпен қарау, ішімдікке салынып үнемі жанжал шығару, жыныстық жағынан шектен шығып кетушілік көптеген жағдайда бала тәрбиесіне айтарлықтай кері әсер етіп, қауіп төндіреді. Мұндай әлеуметтік жетімдер деп аталатын (ата-анасының тірі кезінде жетім атануы) балалар мемлекеттік-қоғамдық қамқорлыққа алынуы тиіс. Олай болмаған жағдайда да баланың тым ерте қаңғыбастыққа салынуы, үйден қашып кетуі, қаталдықпен қараудан толығымен әлеуметтік қорғауға алынбауы күні ертең қылмысқа апарып соқтырады.
Жеке артықшылығы бойынша түрлі проблемаларды шешуде теңестірілетін отбасылардың типологиясы:
- әрбір мүшесі басқа мүшелермен еркін араласып және өздерінің сезімдері мен тілектерін ашық та еркін айта алатын отбасылары. Мұндай отбасыларында барлық мәселе бірігіп шешіледі, бұл отбасының әрбір мүшесіне қатысты мәселелерді үйлесімді шешуге мүмкіндік береді;
- мүшелерінің арасындағы араласу қиын отбасылар. Мұндай отбасында табиғи байланыстар босаңси түседі. Соның нәтижесінде бүкіл отбасының бірлігі мен мызғымастығын бұзатын дау-дамай мен жанжал туындайды.
Осы екі топтың екеуі де әлеуметтік қызметтің объектісі бола алады. Алайда, бірінші жағдайдағы отбасындағы зорлық-зомбылық аздау. Мұндай отбасылары әлеуметтік қолдауды көбірек дәрежеде талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет