Бағдарлама 20 ж бекітілген пәннің жұмыс оқу-бағдарламасы негізінде жасалды


Дәріс тақырыбы: Студент жастарды неке - отбасы



бет14/21
Дата27.09.2023
өлшемі122.48 Kb.
#478806
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (2)

Дәріс тақырыбы: Студент жастарды неке - отбасы

қарым - қатынасын қалыптастыруға дайындаудың негіздері




Жоспар
1.Неке алдындағы көңіл білдірудің ерекшеліктері.
2.Оқушы жастарды отбасын құруға дайындау мәселесі бойынша әдебиетті талдау.
3. Оқушы жастарды отбасылық өмірге әзірлеудің шетелдік тәжірибесі.
4. Кәзір қазақ жастардың некелесу түрлері, әдет -ғұрыптар
5. Студенттердің неке-отбасы қарым - қатынасына даярлығының құрамдас бөлшектері.
Қазіргі отбасы құрылымын талдау және отбасының қоғамдағы нақты хал-жағдайы (ажырасудың артуы, заңды некеден тыс бала туу санының артуы, келіспеушілік деңгейінің жоғарылығы және т.б.) жастарды отбасын құруға, оларды педагогикалық процеске қатысуға дайындаудың өзектілігін көрсетті.
Неке алдындағы көңіл білдіру кезеңі психологиялық - педагогикалық тұрғыдан алғанда жұбайлық өмірдің барлық кезеңдерінің ішіндегі қарым-қатынастардың ең қиын кезеңі.
Бұл салада зертеушілер жастардың неке қарым-қатынасына дайын болмауының түрлі аспектілерін қарастырады: өзіне ата-аналық жауапкершілік жүктеуге, неке одағын нығайтуға дайын еместігі
(К.К. Баздырев); ана және әке болуға моралдық ұрғыдан да әлеуметтік тұрғыдан да дайын болмау ( В.Н.Брутман, С.М.Ковченко, А.И.Щендрин); отбасы өмірінде рухани сәттің болмауы (В.М.Розин); берік отбасын құруға нұсқаманың болмауы ( В.А.Балцевич, С.Н.Бурова, А.К.Воднева); отбасының рухани-ізгілікті жайлылығы үшін жауапкершіліктің қалыптаспауы, келіспеушілік жағдайларды жеңуге тырысу қабілетінің жоқтығы (М.С.Мацковский, В.П.Меньшутин, А.Г.Харчев); отбасылық өмірге ізгіліктілік тұрғысынан ішкі дайындықтың болмауы (И.В.Дубровина, Л.М.Панкова); экономикалық, психологиялық дайындықтың болмауы (Н.И.Ажшихина, И.В.Дубровина, В.А.Сысенко); отбасының әлеуметтік ролін құқықтық тұрғыдан түсінудің қалыптаспағандығы (Б.С.Круглов) отбасын құндылық ретінде түсінбеу (И.Ф.Дементьева).
Студент жастарды отбасын құруға дайындау жөніндегі еңбектер біздің назарымызды ерекше аударады.
Студенттік кезең – отбасын құруға қолайлы мерзімнің бірі болып табылады. Жоғары оқу орнындағы студенттердің жұп таңдауда үлкен мүмкіндіктері бар, себебі көпшілік жоғары оқу орындарда студенттердің жыныстық құрылымы толық. Сондай - ақ студенттердің өмірлік мақсаттарының ортақтылығы және құндылық бағдары да ұқсас болады.
АҚШ - тағы педагогикалық ағартушылық аясында превентивті шаралардың ең жақсы үлгісі ретінде жастарды отбасылық өмірге тәрбиелеуге арналған бағдарламаларды атауға болады.
Біздің пікірімізше, отбасылық өмірге дайындаудың нәтижесі түрлі компоненттерден тұратын отбасын құруға дайындықтан тұрады:

  • ізгіліктілік (Н.С.Верещагина, В.Т.Лисовский, Ю.П.Шапиро және басқалар);

  • шаруашылық - тұрмыстық, азаматтық (В.А.Балцевич, С.К.Бурова, А.К.Воднева, Ө.Қауғабаев және басқалар);

  • әлеуметтік (М.С.Мацковский, А.Г.Харчев және басқалар);

  • физиологиялық (Л.М.Зюбин, С.Д.Лаптенюк, В.А.Сысенко және басқалар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет