Аллергиялық серпілістердіњ ІV-түрі немесе жасушалардың қатысуымен отетін, баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС)
БДЖС-ты алғаш 1890 жылы Р. Кох ашты. Ол туберкулезбен ауыратын адамға тері астына туберкулин жібергенде 24—48 сағаттан кейін сол жерде қызару, домбығу пайда болатынын көрсетті. Демек, туберкулездің қоздырушысымен организмнің түйісуі нәтижесінде оның сезімталдығы жоғарылайды, сенсибилизация дамиды. Осыған Пиркенің туберкулезді анықтау реакциясы негізделген.
БДЖС тек XX ғасырдың 40—50 жылдары зерттеушілердің назарын аударды. Өйткені ағзалардың басқа организмге ауыстырылып отырғызылуына байланысты тін үйлесімсіздігін зерттеулерде трансплантациялық иммунитет деген түсінік қалыптасты. Бөтен трансплантатты ыдыратудың негізгі жолы жасушалық иммундық үрдіспен байланысты.
БДЖС-тың ДДЖС-тан айырмашылықтары:
1. БДЖС дамуы сенсибилизацияланған организмде антиде-нелердің немесе антиген-антидене байланыстарының болуымен байланысты емес;
2. БДЖС-ты жануарларға сенсибилизацияланған жануарлардың қан сары суын (антиденелерін) жіберу арқылы алуға болмайды;
3. БДЖС-тың енжар сенсибилизациясын жануарларға белсенді сенсибилизацияланған жануарлардың лимфалық түйіндерінің, көкбауырдың жасушаларын немесе қан лимфоциттерін жіберу арқылы алуға болады. Сенсибилизацияланған лимфоциттерде БДЖС-ты енжар түрде тасымалдайтын, Лоуренс (1955) ашқан, «ауыстыру факторы» болады. Ол трипсиннің, ДНКазаның, РНКазаның әсерлеріне тұрақты, пептид (м. м. 700—4000)
4. БДЖС антиген енгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде дамып, ең жоғары деңгейге 24—48 сағаттан кейін жетеді;
5. ДДЖС-тің жергілікті ошағы тез дамитын сероздық-экссудаттық қабынумен қалыптасады және оның жасушалық қүрамы полиморфты ядролы жасушалардан (нейтрофилдер, эозинофилдер ж. б.) тұрады. БДЖС-тың жергілікті ошағы ұзаққа созылатын тығыз инфилтрат түрінде көрінеді және жасушалық құрамы моноядролық жасушалардан (лимфоциттерден, моноциттерден ж. б. макрофагтардан) тұрады.
БДЖС туберкулездің микобактерияларының, туляремияның, бруцеллездің, мерездің, көкжөтелдің қоздырғыштарының антигендерімен, вирустармен (қызылша, шешек ж. б.), қарапайымдардың, құрттардың антигендерімен ж. б. шақырылады. Бүл кезде БДЖС организмнің қорғаныстық қызметтері болып есептеледі. Олар жұқпаларға қарсы жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Бірақ ұзаққа созылған қабынулық серпілістер, БДЖС-тың қорғаныстық маңызын бүркейтін, дерттік өзгерістерге әкеледі, БДЖС-қа әртүрлі гаптендер де (динитрохлорбензол, бояулар, дәрілік препараттар, өсімдік улары ж. б.) әкелуі мүмкін.
БДЖС ерекше түрі болып көптеген өндірістік және тұрмыстық жанасулық дерматиттер ж. б. аурулар есептеледі.
Ағзалар мен тіндерді басқа организмге ауыстырып отырғызганда тіндік үйлесімдікке жауапты антигендер (транс-плантациялық антигендер) БДЖС-ты жігерлендіреді. БДЖС жақсы еритін молекулалық массасы және иммуногендік қасиеті төмен антигендермен немесе кейбір бактериялық анатоксиндермен, жасуша ішінде тіршілігін ұзақ сақтайтын бактериялармен шақырылады және бүл сезімталдық даму үшін қанға антигеннің біртіндеп аз мөлшерде түсуі шарт.
Иммундық әсерленістер сатысында организмге сырттан түскен немесе өзінде құрылған аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өңдеуден өткеннен кейін, сыртында антигенді танитын рецепторлары бар жәрдемші Тх-лимфо-циттерге беріледі. (12-сурет). Бұлар интерлейкин - 2 өндіріп, Т-жендет және жады жасушаларының өсіп-өнуін жігерлен-діреді. Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық жауап қайтаруда Т-жады жасушаларының маңызы өте зор. Тк-жендет лимфоциттер бетен аллергендер (бактерия-лар, дәрілер, химиялық заттар) орналасқан немесе аутоаллергендері бар ағзалар мен тіндерге немесе ауыстырылып отырғызылған ағзаға жабысады. Содан керсетілген аллергендер мен жендет лимфоциттер байланысады. Осының нәтижесінде БДЖС-тың екінші, патохимиялық өгерістер сатысы дамиды. Бұл кезде жасушаларға жабысқан Т-лимфоциттері лимфокиндер (медиаторлар) шығарады. Бұл лимфокиндер — нәруыздық заттар және олардың көпшілігі гликопротеидтер. Нысана — жасушалардың сыртқы беттерінде әрбір лимфокинге рецепторлар болады. Лимфокиндер әртүрлі әсер етеді (31-кесте). Олар жасушалардың қимылын өзгертеді, қабынуға қатысатын жасушалардың белсенділігін арттырады, жасушалардың есіп-өнуі мен жетілуіне ықпал етеді, иммундық қабілетті жасушалардың бірігуін реттейді. Олар макрофагтарға .және нейтрофилдерге, лимфоциттерге, фибробластарға, сүйек кемігінің бағаналы жасушасына, ісік жасушаларына, ауыс-тырылып отырғызылған ағза жасушаларына, аутоаллергені бар ағза жасушаларына ж. б. әсер етеді.
Лимфокиндер әсер ету түрлеріне қарай: жасушалардың белсенділігін төмендететін (макрофагтар мен лимфоциттердің миврациясын тежейтін фактор, макрофагтардың агглютинациясын туындататын фактор, лимфотоксиндер ж. б.) және арттыратын (макрофагтар мен лимфоциттерді белсендіретін фактор, митогендік фактор, ауыстыру факторы ж. б.) болып бөлінеді.
Лимфокиндердің әсерлерінен аллерген орналасқан жерде бірнеше сағаттың ішінде макрофагтар, лимфоциттер, моноциттер жиналып қалады, қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылайды, қабыну процесі дамиды. Иммундық қабілетті тіндерде (лимфалық түйіндерде, сүйек кемігінде, көкбауырда ж.б.) бласстрансформация (лимфоциттердің жас түріне ауысуы) байқалады, антиденелердің түзілуі және Т-лимфо-циттердің құрылуы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |