Аллергияны алдын-ала ескерту мен емдеу әдістерінің қағидалары.
Десенсибилизация құбылысын 1907 жылы А. М. Безредка ашты. Анафилаксиялық шоктан тірі қалған жануарларға шокты шақырған антигенді бірнеше күннен кейін қайта жібергенде, олардың жоғары сезімталдығы жоғалады, анафилаксиялық шок қайтадан дамымайды. Клиникаларда емдік сіреспеге, күлге (дифтерияға) қарсы сары суларды адамға жіберерде десенсиби-лизациялық енгізулер кеңінен қолданылады. Антигеннің негізгі бөлшегін енгізуден 1—2 сағат бүрын науқастың тері астына (қанға жіберуге болмайды!) 0,0005—0,001 л осы сары суды енгізу қажет. Бүл жағдайда, егер ауру адамға жылқы сары суы әртүрлі себептермен бүрын жіберілген болса, онда десенсибилиза-циялық енгізудің нәтижесінде жіберілген антигенге науқаста белгілі өзгерістер байқалмайды.
Аллергиялық аурулары бар науқастарда аллергенге жоғары сезімталдықтың толық жоғалуы болмайды, оның темендеуі мүмкін. Бұндай жағдайды гипосенсибилизация дейді.
Гипосенсибилизация деп сенсибилизацияның иммундық механизмдерін тежеу немесе дамуын алдын-ала ескерту жолдарына бағытталған организмнің аллергенге сезімталдығын төмендететін профилактикалық шаралардың жиынтығын айтады. Ол спецификалық және бейспецификалық болады. Спецификалық гипосенсибилизация аллергиялық ауруы бар науқасқа сенсибилизация туындатқан аллергеннің өте аз мөлшерін жіберу арқылы организмге парентералдық жолмен аллергенді енгізгенде, онда тежеуші (қорғаныстық) антиденелер (ІдС, ІдМ) өндіріледі. Бұл антиденелер арнайы аллергенмен тез байланысып, аллергия туындататын ІдЕ-нің әсерін әлсіретеді.
Бейспецификалық гипосенсибилизация аллергенге организмнің сезімталдығын кейбір дәрілермен, физиотерапиялық және курорттық емдеу шараларымен төмендету. Бұл шараларда организмнің сенсибилизациясының иммундық механизмдерін тежеуге немесе оның дамуын ескертуге бағыт-талған. Осы мақсатта магниттік өрістер, глюкокортикоидтық гормондар, кейде иммундық депрессанттар (циклофосфан, 6-меркаптопурин, имуран ж. б.), иондағыш сәулелер, цитоста-тикалық (нәруыз түзілуін тежейтін) антибиотиктер қолданылады. Сонымен бірге қан плазмасы, кальций препараттары, натрийдің гипосулфиті ж. б. организмнің аллергенге сезімтал-дығын төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі әлі толық анықталмаған.
Назар аударатын бір жай, ол аллергиялық серпілістерша медиаторлары бөлінуі жасуша ішіндегі циклдік АМФ деңгейіне байланысты. Оның деңгейін аденилаттузілуіне ферментінің белсенділігін арттыру (просталандиндер ЕІ, Е2 адреналин, норадреналин) немесе фосфодиэстераза ферментін тежеу (теофиллин ж.б.) арқылы көтеру аллергиялық медиаторлардың босауын әлсіретеді де, белгілі мөлшерде аллергиялық аурулар кездерінде емдік әсер етеді. Сонымен бірге аллергиялық ауруларды емдеуде аллергияның медиаторларына (гистамин, серотонин, брадикинин ж.б.) қарсы дәрі-дәрмектер клиникада кеңінен қолданылады.
|