БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4


АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 2.1. Территорияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



бет2/37
Дата14.06.2016
өлшемі6.5 Mb.
#136005
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

2. АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1. Территорияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


2.1.1. Экономика

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика
2.1.1.1.1. Облыстың экономикалық өсімінің сипаттамасы

Қарағанды облысы елдің үлкен индустриалдық ортасы болып табылады және ұзақ уақыт бойы ол жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ ) мөлшері бойынша елдің басқа аймақтарының арасында көшбасшылық төрттікке енеді. 2014 жылы республиканың жалпы өңірлік өніміндегі (бұдан әрі – ЖӨӨ облыстың шекті салмағы 7,45% құрады. 2013 жылы ол көрсеткіш 2012 жылғы 0,6% (2012 ж. – 8,1%) көрсеткішімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп, шамамен сол деңгейде, яғни – 7,5% болды. Бірақ 2015 жылдың бірінші тоқсанында ақ оның шекті салмағы ЖӨӨ көтеріліп, 8,4% құрады.

Облыстағы ЖӨӨ 2012-2014 жж. номиналды өсімінің орта жылдық қарқыны 9% құрады: 2013 жыл ішінде өсім 7,1%, 2014 жыл ішінде – 12,7% құрады.. 2015 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қыркүйегіне қазіргі кезде инфляция 4,3% құрайды. ЖӨӨ нақты мөлшерінің индексі 2015 жылдың бірінші тоқсанында103,9% құраған.



1 сурет. Қарағанды облысында ЖӨӨ жан басына шаққандағы және ЖӨӨ өсу қарқыны
ЖӨӨ НКИ төмендеуі және халық санының артуы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨІ деңгейінің төмендеуіне алып келді. 2012 ж. – 1 807,6 мың тг, 2013 ж. – 1928,2 мың тг және 2014 ж. – 2117,0 мың теңгені құрады. ЖӨӨ НКИ төмендеуі өнеркәсіптегі өзгерістердің есебінен іске асты, ол облыстың ЖӨІ құрылымында жоғары үлеске ие. Талданған кезеңде өнеркәсіп үлесінің төмендеуі мен сауда, транспорт, құрылыс үлесінің артуы байқалады.

ЖӨӨ өзгеруіне (облыстың ЖӨӨ 27,2%) өндіруші өнеркәсіп әлдеқайда жоғары ықпал етеді, оған металлургия өнеркәсібі (68,3%), азық өнімдері өндірісі, оның ішінде сусын өндірісі (10,8% жоғары) және машина құрылысы (6,8%). Дәл осы салаларға Қазақстан экономикасының сыртқы факторларының нашарлауы ықпал етті.

Қазақстанның экономикасы соңғы жылдары жылдамдатылған қарқынмен өсті. Оған мұнай бағасының артуы, қазыналық және салықтық төлемдер, халықтың сұранысын қолдап отырған тұтынушылық несиелендірудің өсімі ықпал етті. Бірақ мұнай бағасын белгілеу төмендеп, халық табысының өсімі баяулады, Ұлттық банк тұтынушылық несиелендіруді шектей бастады, осының нәтижесінде жиынтықты сұраныс нашарлай бастады. Нәтижесінде Қазақстанның ЖӨӨ өсімі баяулап, экономиканың барлық салалары да баяулай бастады, өнеркәсіп барлығынан артық төмендеп кетті. Уақыт өте келе баяулау экономиканың саудасыз секторларына да таратыла бастады: халықтың табыстарына және бизнеске тәуелді қызметтер, құрылыс, транспорт.

Әлемдегі экономикалық өсімнің жалпы баяулауы және Украинаның маңындағы оқиғалармен байланысты геосаяси тұрақсыздықтың өсімі макроэкономикалық жағдайдың тұрақсыздануына— Ресейдің, Еуропаның, Қытайдың өсім қарқынының төмендеуіне алып келді, ол Қазақстан экономикасы құрылымындағы төртінші орындағы Қарағанды облысының жағдайына жағымсыз ықпал етуі мүмкін.

Облыстағы өнеркәсіптің басты секторларының өнімдерін өндіру әлемдік сұранысқа ие: таулы өндіруші сала өнімінің 47,8% экспортқа шығарылады, соның өзінде осы көрсеткіштің өсімі бақыланады: 2013 жылы экспорттың шығарудағы үлесі 2012 жылға қарағанда 46,2% өсті, ал 2014 жылы 2013 жылға қарағанда — 34,2% өсті. Шығарудағы экспорттың жоғары үлесі сыртқы факторларға қатысты осалдыққа алып келеді.

2 сурет. Қарағанды облысының ЖӨӨ салалық құрылымы.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының статистика бойынша Комитеті, Қарағанды облысының статистика Департаменті
Қазақстанның ішкі нарығына Қытай мен Ресейден болат импортының өсу жағдайы тереңдетеді. Ұлттық банктің алмастыру курсын реттемелеу бойынша өткізген курстық саясаты өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының бәсекеге қабілеттілігінің артуына алып келетіні және тауар өндірушілеріне импортқа шығару барысында өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік беретіні күтіледі. Алайда валютаның өзгеруі қазақстандық кәсіпорындардың ресейлік және қытайлық бәсекелестермен салыстырғандағы жұмысының айрмашылығының кемуіне ықпал етпейді, сонымен қатар ол кен және көмірге қойылған төмен баға салдарынан өзіндік шикізаттық активтермен пайда болатын мәселелерді шеше алмайды.

Облыс кәсіпорындарының инновациялық өнімдері мөлшерінің бақыланып отырған төмендеуі және өндіруші өнеркәсіптегі еңбек нәтижелерінің төмендеуі бизнес пен кәсіпкерлікті қолдау және уәждемелеу бойынша жаңа шараларды өңдеуді қажет етеді.


2.1.1.1.2. Сыртқы экономикалық тәуелділік сипаттамасы

Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің кедендік бақылау Комитетінің мағлұматтары бойынша) 2012 жылы АҚШ-тың 5 022,9 млн.долларын құрады (2011 жылы 78,4%), 2013 жылы – АҚШ-тың 4 760,6 млн.долларын (2012 жылы 94,8%), 2014 жылы – АҚШ-тың 4 156,9 млн.долларын (2013 жылы 87,3%) құрады.

Сыртқы сауданың жағымды айырмасы 2012 жылы АҚШ-тың 2 665,7 млн.долларын, 2013 жылы – АҚШ-тың 2 429,0 млн.долларын, 2014 жылы – АҚШ-тың 2 245,8 млн.долларын құрады.

Облыстың сыртқы сауда айналымының шекті салмағы 2014 жылы өзінің жалпы республикалық мөлшерінде 4,2% құрады (республика бойынша 7-ші орында).

Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымының құрылымы:

- 2012 жылы: экспорт – 82,8%, импорт – 17,2%;

- 2013 жылы: экспорт – 76,5%, импорт – 23,5%;

- 2014 жылы: экспорт – 77,0%, импорт – 23,0%.

Облыстың 2014 жылғы экспорттық-импорттық операцияларында континенттер бөлінісінде әлдеқайда шекті салмаққа Азия елдері ие (66,5% немесе АҚШ-тың 2 млрд. 763,2 млн. долл.), Еуропалық одақ елдері (16 % немесе АҚШ-тың 666 млн. долл), ТМД (15,8% немесе АҚШ-тың 656,9 млн. долл.) және Америка (1% немесе АҚШ-тың 43,1 млн. долл.).

2014 жылы Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдары әлемнің шамамен 100 мемлекетімен өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарын ұстанды, оның ішінде 44 мемлекеттерге өнім экспортталып, 74 мемлекеттен импортталып отырды.

2014 жылдың қорытындылары бойынша экспорт АҚШ-тың 3 201,4 млн.долларын (2013 жылы 89,1%) құрады, 2013 жылы – АҚШ-тың 3 594,8 млн.долл. (2012 жылы 93,5%), 2012 жылы – АҚШ-тың 3 844,3 млн.долл. (2011 жылы 72,5%) құрады.



1 кесте.

Қарағанды облысы экспортының құрылымындағы тауарлық топтардың үлес салмағы

Тауарлы топтың атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Металлдар мен олардан жасалатын бұйымдар

72,8

75,7

68,0

Минералдық өнімдер

11,1

12,5

23,5

Басқа тауарлар

13,2

8,6

5,2

Азық – түрлік тауарлары

2,1

2,2

2,5

Химиялық өнеркәсіп тауарлары

0,7

0,6

0,6

Дәстүрлі түрде 2012-2014 жылдар бойы облыстың экспорты мөлшеріндегі әлдеқайда жоғары шекті салмаққа металлдар мен олардан жасалатын бұйымдар ие, олардан кейін минералдық тауарлар мен басқа тауарлар бар. Тізімді азық – түлік өнімдері мен химиялық өнеркәсіп тауарлары аяқтайды.

2014 жылы экспорттық операциялар бойынша негізгі серіктес-мемлекеттерге Қытай (экспорттың жалпы мөлшеріндегі 77,6%), Біріккен королдік (2,9%), Иран (8,7%), Өзбекстан (2,0%) жатады.

Сыртқы сауда айналымының жағымды айырмасы 2014 жылы экспорттың есебінен қамтамасыз етілді: жез катодтары, олардың үлесіне облыс экспортының жалпы мөлшерінің 42% келеді, темірден (39%), күмістен (5%) жұқа илемдеулері.

2014 жылы импорттың мөлшері АҚШ-тың 955,6 млн.долларын (2013 жылы 82,0%), 2013 жылы – АҚШ-тың 1 165,8 млн.долл. (2012 жылы 98,9%), 2012 жылы – АҚШ-тың 1 178,6 млн.долл. (2011 жылы 106,8%) құрады.
2 кесте.

Қарағанды облысы импортының құрылымындағы тауарлық топтардың үлес салмағы


Тауарлы топтың атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Машиналар мен жабдықтау

42,0

38,6

37,2

Химиялық өнеркәсіп өнімі

18,5

19,2

22,6

Металлдар мен олардан жасалатын бұйымдар

16,6

19,7

14,2

Азық – түлік өнімдері

10,2

9,8

10,1

Минералдық тауарлар

2,7

2,5

4,9

Қарағанды облысының импорттық құрылымы, 2012-2014 жылдар мен 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы кезеңіндегі экспорттың құрылымы сияқты өзгерген жоқ, ол отандық тұтынушылар тарапынан шетелдік өнімге деген сұраныстың тұрақты болуын білдіреді.

Облыстағы импорттың негізгі үлесі Қытайға (импорттың жалпы мөлшерінде 31,6%), Германияға (13,8%), Украинаға (12,4%) тиеселі.

2014 жылы импорттағы әлдеқайда жоғары шекті салмаққа ие: жабдықтау (21%), электрожабдықтау (16,4%), транспорттық құралдар (5,6%), пластмассалар мен олардан жасалатын бұйымдар (5,1%), қара металдан жасалатын бұйымдар (5,0%), қара металдың (4,5%) илемдеулері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет