2012-2014 жылы инфляциялық жағдай дәлізде 7-8% сақталды.
Қарастырылатын жылдар ішінде инфляцияның негізгі тәуекелдіктері ретінде әлемдік шикізат және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздық, ішкі бәсекелестіктің дамуының жеткіліксіз деңгейі және тауарлар мен қызметтердің бөлек нарықтарындағы жоғары монополизация сияқты факторлар рөл атқарды.
2012 жылы инфляция деңгейі ақылы қызметтердің қымбаттауына байланысты 7,0% құрады, олар 12,0% артты. Азық – түлік тауарлары 6,0% қымбаттады, азық – түлік емес тауарлар – 3,4% қымбаттады.
2013 жылы инфляция 7,4% құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарларына – 4,7% немесе өткен жылдың көрсеткішінен 1,3 пайыз төмен, азық – түлік емес тауарларына – 3,6%, ақылы қызметтерге – 14,1%.
Облыстағы инфляция 2014 жылы 8,0% құрады. Тамақ өнімдерінің бағасы 8,2% артты, азық –түліктік емес өнім көлемі 8,1%, ақылы қызмет 7,8% артты.
Нан тағамдарының бағасы және дақыл бағасы 9,7% артты, сүт өнімдері 10,7%, жеміс пен жидектер 4,6%, қант 16,9%, алкогольдік емес сусын 9,7%, темекі құралы 28,6%, алкогольдік сусын 10,4% артты. Жұмыртқаның бағасының төмендегені байқалып отыр 22,6%.
Азық-түліктік емес тауардан киім мен аяқ киім бағасы 9,3% артқан, үй заттары және тұрмыстық техника бағасы 7,3%, жуу және тазалау құралдары 16,6%, медикаменттер 16,6% артқан.
Ақылы қызмет бағасы индексі тұрғынжай-коммуналдық қызметтің 7,1% қымбаттауы есебінен байқалып отыр, оның ішінде электроэнергия - 10%, дәргерге бастапқы қабылдау 7,0%. Көлік қызметі бағасы 19,5% артқан, оның ішінде автомобиль 25,2% Қарағанды қ. бір реттік жүру бағасының артуынан байқалып отыр 50-ден 80 теңгеге артқан. 2014 жылы қаңтар айында, темір жолда жүру бағасы 7,8% артқан.
Облыста инфляциялық процесті ұстау бойынша шара жүзеге асырылып отыр. Негізгі тамақ өніміне бағаның өсуін болдырмау мақсатында: жыл сайынғы «Жасыл керуен» бағдарламасы өткізіледі, облыстағы құс фабрикаларымен меморандум жасалды, етті қаланың ірі сауда орындарына жеткізу ұйымдастырылған, ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылған, әлеуметтік павильондар жұмыс істейді (2014 жылы – 44 павильон), көтерме жеткізушілермен, супермаркеттер, дүкендер базар басшыларымен және жергілікті тауар өндірушілермен тауарға минималды қосымша құн салу туралы және негізгі тамақ өнімдерін кешіктірмей жеткізуге, сонымен қатар сауда базарында жалгерлік бағаны өсірмеу туралы Меморандумдар жасалған, ( 2014 жылы сауда саласында 3006 Меморандум жасалды).
Тұрғындардың әлеуметтік маңызды тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында 2014-2015 ж.ж. аралығына тауарлардың өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды жемістер мен бакалея өнімдерін 4150 тонна а көлемінде, оның ішінде картоп пен жеміс 2953 тонна а (картоп -2000 тонна а, капуста- 200 тонна а, сарымсақ - 456 тонна, сәбіз – 178 тонна , қызылша - 119 тонна а) және бакалея өнімдері 1197 тонна (күріш – 350 тонна, қант – 480 тонна , құмық -167 тонна , өсімдік майы - 200 тонна).
Қабылданған шаралар нәтижесінде облыс бойынша тұтынушылық бағасы индексі қаңтар –қыркүйек аралығында 2015 жыл, қаңтар-қыркүйек 2014 жылы 0,2 пайызға төмендеді, тамақ өніміне 0,3 пайызға, ақылы қызметке 3,4 пайызға төмендеді.
2.1.1.1.4. Қарағанды облысы макроэкономикалық тұрақтылығын жетістіктеріне SWOT-сараптама
Ішкі орта
|
Оң әсер
Күшті жақтары:
-
Қарағанды облысы ірі индустриалды орталық болып табылады және көптеген уақыт бойы еліміздің бас қа өңірлеріне қарағанда ЖӨӨ көлемі бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр;
-
ЖӨӨ орташа жылдық қарқыны облыста 2012-2014 жж. 9% құрды ол инфляция деңгейі 2012 жылдан 2014 жылдарда 8% артқан жоқ;
-
тұрғындарды әлеуметтік маңызды тамақпен қаматамасыз етуге арналған аймақтық тұрықтындырушы қор бар;
-
сыртқы сауда сальдосы қалыпты;
-
тұрақты және либералды бизнес-климат;
-
жұмысыздық деңгейі төмен.
|
Теріс әсер
Әлсіз жақтары:
-
Ресейлік, қытайлық бәсекелестермен салыстырғанда қазақстандық німнің бәсекелестігінің төмен болуы;
-
Негізгі капиталға инвестицияның арту қарқыны бір жан басына шаққанда төмендеп отыр;
-
Облыстағы кәсіпорындарда инновациялық өнім көлемі төмендеп отыр;
-
Өңдеу өндірісіндегі еңбек өнімділігі төмендеген, әсіресе облыста ЖӨӨ (27,2%);
-
Шикізат базасының таусылуы жаңа металдық кен орындарының аздығы, ресурс дефицитіне алып келеді;
-
Металлургия өндірісіндегі үнемі сынулары мен тоқтап тұруға ұрындыратын негізгі қордың тозуының жоғары болуы (68,3% аймақтың өңдеу кәсіпорындарында), яғни өндірістің ескіруі мен экономикалық тиімділігінің төмендігі;
7)Шикізаттық емес тауардың экспортталу үлесінің аймақтың жалпы экспорты көлеміндегі кемуі;
8) технологияның ескіруі және өндірістің экономикалық тиімділігінің төмендігі
|
Сыртқы орта
|
Мүмкіндіктер
-
Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуеті;
-
Ресей мен Украинадан біліктілігі жоғары кадрлардың көші-қоны.
|
Қауіптер
-
Әлемдегі экономикалық өсудің жалпы төмендеуі және геосаяси тұрақсыздық;
-
Бағаның төмендеуі және металға деген әлемдік сұраныстың төмендеуі;
-
Қазақстанның ішкі нарығына Қытай мен Ресейден келетін темір импортының артуы;
-
ҚХР металөнімдерін өндіру бойынша өз қуатын арттырып отыр және дайын металл өнімін емес қазақстандық кенді пайдаланады.
| -
Облыстағы бәсекелестіктің төмендігі
a. өнімнің энергия пайдалануының жоғары болуы
b. еңбек өнімділігінің төмендігі
c. өндірістің ескіруі және технологиялық және экономикалық тиімділігінің төмен болуы
d. инновациялық және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі
2) Сыртқы факторларға байланыстылықтың жоғарылығы
3) Экономика саласының дамуының баланстылығының болмауы таукен-металлургия өндірісінің экологиялық салдары өмір сүру қолайлығын төмендетіп отыр, туристік сұранысты және ауылшаруашылық өндірісі тиімділігін кемітіп отыр.
2.1.1.2. Өнеркәсіп
Достарыңызбен бөлісу: |