Спорт
Облыста 45 мемлекеттік мекеме жұмыс жасайды, оның ішінде 42 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» ҚМКК, Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі. Сондай-ақ облыста Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жеке спорт мектебі жұмыс жасайды. 19578 бала мен жасөспірімдер шұғылданатын 121 жасөспірімдер клубы, сондай-ақ 43 дене шынықтыру-сауықтыру және 12 кәсіби клуб жұмыс жасайды. 1336 спорт ғимараты бар, оның ішінде 1062 бірлік-мемлекеттік, 274 бірлік –жеке. Оның ішінде 6 спорт сарайы, 23 стадион, 51 спорт кешені, 8 спорт манежі, 21 жүзу бассейні (16 жабық, 5-ашық), 648 спорт залы, 83 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 175 ату тирлері, бір ату орны, 2 яхт клуб, 39 теннис және 49 хоккей корттары, 228 қосалқы салынған спорт залдары бар. Сондай-ақ қарапайым спорт ғимараттарының 1177 бірлігі бар (алаңдар, алаңқайлар, жолдар).
Облыста спорттың 61 түрі дамыған (2008 жылы-57 түрі), оның 31-спортың олимпиадалық түріне жатады.
«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес, 2009 жылы Қарағанды облысы бойынша 14 спорт обьектісі 441 млн теңгеге жөнделді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен 163,3 млн.тенгеге 8 спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 спорт нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 5 ауылдық аудандарда 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл сайын спорт мектептерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін қаржы бөлінеді. 2008 жылы 57 млн теңге бөлінсе, 2009 жылы -71,1 млн теңге бөлінген.
2008 жылы 355 спорт іс-шаралы өткізіліп, оған 14800 адам қатысса, 2009 жылы 478 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 17 335 адам қатысты. 88 облыстық, 64 республикалық жарыс өткізілді, оның 22 Қазақстан Республикасының Чемпионаты.
2008-2009 жылдары облыс спортшылары әлем чемпионаттарында 15 медальды жеңіп алды, оның 5 алтын, Азия чемпионаттарында 45 медаль, оның 10 алтын. 2008 жылы облыс спортшылары 5 233 медальды иеленсе, оның 1646-алтын, 2009 жылы -6262 медаль, оның 2152 алтын. 2009 жылы әлем чемпионаттарында жеңіп алған медальдар бойынша Қарағанды облысы еліміздің 16 өңірі бойынша 1 орынды иеленген.
2009 жылы облыстың 797 спортшысы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының құрамына енді. 2009 жылы «Халықаралық топтағы спорт шебері» атағы 18 спортшыға берілді (2008 жылы-16 ), Қазақстан Республикасының спорт шеберіне 99 спортшы ұсынылды (2008 жылы-121).
Спорт және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында 2953 маман жұмыс жасайды, оның 90,4 % жоғары дене шынықтыру білімі бар
2009 жылы жұмыс істейтін 569 жалпы білім беретін мектептің 518 (90,3%), мектебі аптасына дене шынықтыру сабақтарын үш реттен беруге ауысса, 242 мектеп бөліп оқытуға көшті.
Спорттың шаңғы түрімен шұғылданатын облыс тұрғындарының саны 3522 адамды құрайды. Шаңғы жарысы Қарағанды қаласының төмендегі аудандарында дамыған: Қарқаралы, Осакаровка, Нұра, Абай, бұл аудандарда 317 спортшы шаңғы спортымен шұғылданады. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы спорттың қысқы түрі бойынша ОБЖСМ балансында екі шаңғы базасы бар, онда оқу-жаттығу үрдістерін ұйымдастыруға жағдай жасалған. Облыстың 83 жалпы білім беретін мектептерінде шаңғы мүлкін сақтайтын орындары бар. Салынған шаңғыроллерлері мен шаңғы жолдары жоқ.
Сондай-ақ, спорт нысандарының материалдық-техникалық жағдайларын жақсартудың оңтайлы тенденцияларымен қатар, спорт базаларының болмауынан спорттың олимпиадалық түрлері мен бұқаралық спортты дамыту проблемалары бар.
Спорт инфрақұрылымдарының жеткілікті дамымауы, спорт мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуының төменгі деңгейі, ауылда спорт ғимараттарының, спорт жабдықтарының және мүліктерінің жетіспеушілігі қатты сезілуде, 2010 жылғы ағымдағы жағдай бойынша облыстың 433 ауылы мен 11 кенттерінде спорттан 11 әдіскер жұмыс істейтін 7 спорт кешені бар. Жазықтықтағы спорт ғимараттарының саны (алаңдар, алаңқайлар, жолдар) 279 бірлікті құрайды, оның ішінде 2010 жылы 6 көпсалалы корттар салынды.
Мәдениет
Инфрақұрылымдық сала. 2010 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша мәдениет ұйымының желісі 656 нысандарды құрайды, оның ішінде: 341 кітапхана, 17 мұражай, 5 театр, 2 концерттік ұйым, 254 мәдениет үйлері мен клубтары, 21 бейнемобильдер, 11 мәдениет және демалыс саябақтары, көрме залы, кинобейнепрокаттар, облыстық ғылыми-әдістемелік сауықтыру орталығы мен ұлттық шығармашылық, тарихи-мәдение мұраны қорғау бойынша мемлекеттік инспекциясы. Жалпы облыс бойынша соңғы үш жылға мәдениет нысандарының саны 55 бірлікке артылды.
Мәдениет ұйымдарының қызметтері. 2009 жылға 2,2 мың көріністер мен концерттер, 27 мыңнан астам іс-шаралар, 15 археологиялық зерттеулер, мәдени және тарихи ескерткіштерге қайта өңдеу және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстың мұражайында 8 837 экскурсиялар, 637 көрмелер, 1136 лекциялар өткізілді, 527 қайтадан жөнделді және 6252 экспонат сатып алынды. Облыстың кітап қорлары 6937 мың дана кітапты құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1781,8 мың дана. Модельдік кітапхана саны 9 бірлікке артылды, 2009 жылы олардың саны 86 құрайды.
Мәдени іс-шараларды өткізу. 2009 жылы 1 республикалық, 2 халықаралық және 6 облыстық фестивальдер, сондай-ақ облыстық және аймақтық деңгейдегі әр түрлі 20-дан астам іс-шаралар өткізілді.
Саланың түпкі мәселелері болып келесілер табылады: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қайта жаңарту және консервациялау, қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау көлемі жеткіліксіз (жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени 1538 ескерткіштерінен мемлекеттік қорғауда тұрғаннан тек 23 қайта жаңаратылды; мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде ауылда қажеттілік сақталуда (бейімделген үй-жайларда 79% нысандар бар, жалпы нысандар санынан 36 % жөндеумен қамтамасызы етілмеген); театр-көрермендер ұйымдарының кадрлық қамтамасыз ету мәселесі, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, жергілікті ауылдарда (кадрлардың жетіспеушілігі 15%-ды құрайды).
Мұрағат ісі
Қарағанды облысындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқаруды мұрағаттар және құжаттама басқармасы жүзеге асырады. Оның иелігіне 21 мемлекеттік мұрағат кіреді: филиалымен 2 облыстық, 18 қалалық және аудандық мұрағат. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 01.01.2010 ж. 2453 мың сақтау бірлігін құрады. Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері облыстағы 1170 ұйымның ведомстволық мұрағаттары, оның 272-сі мемлекеттік емес меншік түрінде. Қазіргі таңда ведомстволарда сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры басқарушылық құжаттамасының көлемі 300 мыңға жуық сақт. бірл. құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдарда 60 мың сақт. бірл., ғылыми-техникалық – 365 мың сақт. бірл., оның ішінде мемлекеттік емес – 283 мың сақт. бірл., жеке құрам бойынша 600 мыңға жуық сақт. бірл. Мұрағат саласындағы негізгі мәселе ретінде келесілерді айтуға болады: ақпараттық технологиялар ғасыры болса да, қағаздық негіздегі құжаттама көлемі азаяр емес. Мұрағат қоймаларының мемлекеттік сақтауға тиесілі құжаттарды орналастыруға мүмкіндігі жоқ. Мұрағат саласының жаңашаланбауы мұрағат құжаттарын цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік бермейді. Бұл маселе оң шешімін тауып жатса жұртшылыққа қажетті ақпарат іздестіру және ұсыну бойынша мұрағатшылардың жұмысын айтарлықтай жылдамдатар еді. Маңызды мәселенің бірі жабылып қалған мемлекеттік емес заңды тұлғалар құжаттарының сақталуын қамтамасыз етудің қанағаттанарлықсыз болуы. Осының салдарынан азаматтар зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін атқарған еңбегі жөнінде мәлімет алуға заңды құқығын жүзеге асыра алмауда.
Ішкі саясат
Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының ахуалы. Облыста 10 саяси партияның филиалдары, 71 этномәдени бірлестік, 425 діни бірлестік, 616 ҮЕҰ мен 22 кәсіподақ ұйымдары, 208 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді.
Жергілікті жерлерде мүдделі құрылымдармен бірлесіп қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік шиеленістің ошақтарын табу және алдын-алу, сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді.
Қоғамдық-саяси жағдайды, этносаралық және конфессияаралық ахуалды, тұрғындардың мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына, мемлекеттік рәміздерге қарым-қатынасын, мемлекеттік саясаттың басымдық бағыттары, жастар мәселелері, саяси күштерді орналастыру бойынша хабардарлық деңгейін зерттеу үшін жыл сайын 15 мыңнан аса адамның қамтылуымен 20-ға жуық социологиялық зерттеулер, жүргізіледі.
Тұрғындарды патриоттыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді жаңа стандартқа сәйкес насихаттау және ауыстыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіледі.
Облыста әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда азаматтық бөлім белсенді серіктес болып табылды.
2009 жылы облыста үкіметтік емес ұйымдармен 28 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде қазақстандық патриотизмді насихаттау, этникааралық келісім, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдікті дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жобалар. Ішіндегі ең белсенді серіктестіктер Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы, Гендерлік ақпараттық-талдау орталығы, ҚҚ «Лучик надежды», МГТИ «Лингва», ҚҚ «Озарение», ҚБ «Новое время» және басқалар.
Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласының басты бағыттары бойынша қызметін әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылған.
Ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың баяу дамуы және олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі рөлінің төмендігі. Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы мен олардың мемлекетпен тең құқықтық әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасының жетілмегендігі.
Ақпараттық саясат. 2010 жылдың қазан айына сәйкес Қарағанды облысында 208 БАҚ тіркелген. Олардың 170 баспа, 38 электронды (сонын ішінде 1 ақпараттық агенттік). Мемлекеттік болып 42 БАҚ саналады (38 баспа мен 4 электронды). Облыста мемлекеттік емес болып 166 БАҚ саналады (132 - баспа, 34 - электрондық). Осылайша БАҚ-тың көбісі (80%) мемлекеттік емес басылымдар, теле - радиоарналар. Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты кемелдендіру үшін ақпараттық саладағы заңдылықты сақтап, БАҚ-тың құқықтық мәдениетін жоғарлатып, журналистік коғамдастықтың этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету керек (БАҚ мониторингісін жүргізу).
Ақпараттық кеңстіктің бәсекестігін арттыру үшін мемлекеттік электрондық БАҚ-тардын тақырыптық дифференциациясын (өздерінң жеке документалдық-көркем филимдерді, әлеуметтік роликтер, балаларға арналған, ойын сауықтық бағдарламаларды жасау); мемлекеттік БАҚ-тардын кадрлық және ұйымдастырушылық жағынан күшейтуге бағытталған шараларды қолдану (кадрлардын біліктілігін арттыру, БАҚ-пен мақсаттық іс-шараларды ұйымдастырып өткізу, журналистердің шеберлігін арттыру мақсатында, тренинг кеңестер, белгілі журналистремен мастер класстар өткізу); мемлекеттік БАҚ-ты жан жақты модернизациялау (әлемдік масс медиа жұмысын ескеру негізінде материалдық-техникалық базасын жақсарту, БАҚ-тың сапалық деңгейі, масс медианың web-сайттары мен интернеттін болуы); БАқ-тың үндестік түрде дамуына қолдау көрсету (БАҚ өкілдеріне облыс әкімінің гранттарын бөлу, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға тарту).
Жастар саясаты. Облыста 16 – 29 жас аралығындағы 378 322 жастар тұрып жатыр (29 %). Жастардың әлеуметтік жүйелерді меңгеруінде, өзекті мәселелерінің шешілуінде шешуші роль ойнайтын 59 жастардың қоғамдық ұйымдары тіркелген. Мемлекетпен қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасын облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік статусы бар жастар ісі жөніндегі облыстық Кеңес және жастар бастамашылдығының орталығы жүзеге асырады. 2008-2010 жылдарға арналған «Қарағанды облысының жастары» аймақтық бағдарламасының аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жүргізіліп жатқан жастар саясатының нәтижесінде жастардың әлеуметтік қалыптасуына және дамуына қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық талаптар мен кепілдіктер жасалған. Жастардың қоғам мүддесіне бағытталған шығармашылық потенциалының толықтай жүзеге асырылуы үшін олардың әлеуметтік маңызы бар бастамашылдықтары жүзеге асырылуда.
Ауылдың маманды дамуының мақсатында «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамашылдықты жүзеге асырудың Жоспары жасалған. Жоспар аясында жас мамандарға тұрғын үй беріліп, көтерме төлемақылар төленіп, басқа да жағдайлар жасалуда. 2005 жылдан бастап ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін, облыс әкімінің өз ісін ашуға және әректтегі бизнесті дамытуға бағытталған сыйлығы белгіленген.
Студент және оқушы жастардың жазғы демалысы уақытындағы уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін студенттік құрылыс жасақтары штабының жұмысы ұйымдастырылған. 2010 жылы 2665 жауынгер қамтылған 42 жасақ құрылған. Жалпыұлттық «Жасыл ел» бастамашылдығы да жүзеге асырылуда, 2010 жылы 2139 адамды қамтыған 150 жасақ құрылды.
Оқушы, студент, аспирант жастардың арасынан таланттыларын табу мақсатында, қоғамдық, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ең үздік ғылыми жұмысқа олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп отырады. Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің «Қайнар» сыйлығы мен жас ғалымдарға ғылыми жетістіктері үшін берілетін сыйлықтар ұйымдастырылған. Ғылыми қызмет үшін де көптеген жағдайлар жасалуда – жаңа ақпараттық технологияларға еркін қол жеткізу, ғылыми жұмыстарды жариялау, түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысу.
Облыста жастардың 7 ақпараттық бұқаралық құралдары: «Лимонад», «Вектор-ИнФорум», «Жастар әлемі – Мир молодежи», «Ұлағат – Наше время», «Второе счастье», «Достар» қызмет етуде; сонымен қатар әрдайым «РТРК «Қазақстан» АҚ ҚОБ, «Первый Карагандинский ТК» жаңалықтар блогында сюжеттер шығып отырады. Жастардың кәзіргі замандағы дамуы жастардың ақпараттық бұқаралық құралдары қызметінің күшейтілуі арқылы ақпараттық қамтамасыз етілуін талап етеді.
Соңғы жылдары жастар ұйымдарының көбеюіне қарамастан, олардың 40% ғана белсенділігімен көзге түсуде. Жастардың 40% ғана жастар ұйымдары өткізетін іс-шараларға қатысуда. Жастар саясатының кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтылуы жетіспеуде.
Тілдерді дамыту
Қарағанды облысында тіл саясаты, мемлекеттік тілдің әрі дамытуына, қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл өңірдегі лингвистикалық капиталдың сақталуын және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Облыста мемлекеттік қызметшілерді және басқа санаттағы азаматтарды оқыту мақсатында облыста мемлекеттік тілді оқыту бойынша 7 орталық және курстар, оның ішінде 1 облыстық және 6 қалалық және аудандық орталықтар жұмыс істейді. Орталықтарда жалпы 2800 мемлекеттік мекемелердің тыңдаушы мемлекеттік тіліне оқытылуда.
Тілдерді оқытуда әдістемелік база қалыптастыру мақсатында қазақ тілін оқытуға арналған үш деңгейлік «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің оқу құралдары әзірленді. Оған қазақ тілінің оқу кітабы мен жұмыс дәптерлері, І деңгейінің электрондық оқулығы, тіл дамытуға арналған тапсырмалар мен тестілер жинағы, суретті және түсіндірмелі сөздіктер кіреді Қазақ тілі оқулығының ІІ деңгейінің электрондық нұсқасы әзірленуде. Сонымен қатар, облыста тіл саясатының ақпараттық орталығы рөлін атқарып отырған мемлекеттік органдардың сайты жұмыс істейді.
Сондай-ақ, қаза тілімен қоса ресми түрде орыс тілі қолданылып, ағылшын тілін оқытуға жағдайы жасалуда. Облыстық тілдерді оқыту орталығында 2008 жылдан бастап осы күнге дейін ағылшын тілін оқыту курсына 216 мемлекеттік қызметші қамтылды. Осындай оқыту курстары қала, аудандарда да ұйымдастырылған. Жастар арасында үш тілді меңгерген «Тілдарын» олимпиадасына қатысушылар саны өсуде.
Мемлекеттік тілде іс қағаздардың жүргізілуіне үнемі мониторинг жүргізіліп отыр. 2010 жылы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу көрсеткіші 74,5% құрады. Іс қағаздарын жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсету үшін жыл сайын аудармашылар мен қызметшілерге ілеспе және аударма ісі бойынша оқыту курстары ұйымдастырылады.
Облыс бойынша 95 –тен астам газеттер мен журналдар шығарылады. Оның ішінде 13-і мемлекеттік тілде. Электрондық БАҚ саны 37 бірлігін құрайды. Оның ішінде 21-і эфирге екі тілде шығарылады. Мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында 2007 жылы – 16, 2008 жылы – 18, 2009 жылы – 23, 2010 жылы – 28 мемлекеттік тілдегі телебағдарламалар көрермендерге ұсынылды. Еліміздегі тіл саясатына қатысты басылымды БАҚ-да жарияланған материалдар саны 2009 жылы – 97, 2010 жылы – 147, ал былтырғы жылмен салыстырғанда 66% өскендігін көруге болады.
Мемлекеттік тілдің рөлі білім жүйесінде де күшейтілуде. Облыс бойынша 569 жалпы білім беру мектептері бар. Оның ішінде 251 (44,1%) қазақ тілді мектептер. 164 мектепке дейінгі мекемелердің 35-і қазақ тілінде тәрбиелеу процесін жүргізуде, оның 33-і орыс тілді және 96-ы аралас. Қазақ тілді балабақшаларда 3836 бала тәрбиеленсе, оның 1796-ы өзге ұлт өкілдерінің балалары. Жалпы қазақ топтарында 10071(38,3%) бала білім алуда, оның 17,8% өзге ұлт өкілдерінің тәрбиеленушілері болып табылады. 2009 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейі жалпы 39,5% құрады.
Сондай-ақ, облыстағы көптілдң сақталуы үшін жағдай жасалған. 24 этномәдени бірлестіктері жанынанда ана тілдерін оқыту бойынша 15 жексенбілік мектептер жұмыс істейді. 6 жалпы білім беру мектептерінде поляк, татар және корей тілдерін оқыту факультативті курстары ұйымдастырылды. Жалпы ана тілдерін 350 этникалық диспоралары оқуда. Бүгінгі күні ересек тұрғындардың 10860 мың астамы мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушылары болып табылады.
Саланың дамуын тежейтін негізгі мәселелер тілге оқыту инфрақұрылымының дамуының жеткіліксіздігі; әлеуметтік-комуникациялыққызметке мемлекетік тілдің шоғырлану деңгейінің жеткіліксіздігі; аудандар мен қалалар әкіміктері отырысында залдарда синхронды аударманы біліктілікпен аударатын мамндар жоқ; сыртқы жарнамалары рәсімдеудің бұзылуына әкімшілік жауапкершілікке тарт мүмкіндігі жоқ; тіл сасяатын іске асыру ісінде тиімді ведомствааралық үйлестру жеткіліксіз.
Құқық қорғау тәртібі және қылмыспен күрес
Жалпы Қрағанды облысында криминогендік жағдай тұрақты болып қалуда, бұл әрине еліміздің дамуына және ішкі қауіпсіздігіне оң әсер етеді.
Оның жағдайына бұрын қолданылған жыл сайынғы (2006-2008жылдардағы) құқықбұзушылық және қылмыспен күрестің алдын алу аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру позитивті ықпал етеді.
Соңғы жылдарда қоғамдық орындарда соның ішінде көшелерде жасалатың қылмыстардың өсу үрдісі сақталып отыр, олар қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік жай-күйінің индикаторы болып табылады.
Төмендегеніне қарамастан, Қылмыстардың үлесі жоғары болып қалуда, сонымен 2008 жылдың нәтижесі бойынша 19,6% құрайды, ал 2009 жылдың соңында 1,7% төмендеді және 17,9% құрайды.
Сонымен қатар, Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар, сондай-ақ мас күйде және есірткі күйінде жасалған қылмыстар саны кең таратылумен сипатталады.
Қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында осы стратегиялық бағытта ІІД-нің жедел-қызметтік жұмысының негізгі басымдықтарын белгілейтін бірқатар түйінді проблемалар бар.
Қоғамдық орындар жоғарғы криминогендікпен сипатталады, онда 2009 ж. 1183 қылмыс, сонымен қоса, 81% оның ішінде – көшелерде жасалғандар. Тұрмыстық қылмыстарды алдын алу жөніндегі шаралар әлі күнге дейін тиімсіз болып отыр. Жасалған адам өлтірулер және денсаулыққа ауыр зиян келтірулердің жартысы тұрмыстық жағдайда, әдетте мас күйде жасалады.
Арнайы емдеу мекемелер саны бар (АЕПМ) тұлғалар толық көлемде ішімдік ішумен қатізездік жасайтындармен, емделуге мәжбүрлеуге, жіберілмейді, сонымен қоса оларды қоғамнан біраз уақыт оқшаулау керек.
Соңғы жылдар ішінде жасөспірім қылмыстарының қысқартуына қарамастан, осы саладағы криминалдық потенциал маңызды болып отыр.
Мүліктіл қылмыстардың саны көбейді, бөтен мүлікті және тонау ұрлау, 14-16 жас аралығындағы кәмелетке толмағандармен жасалынған.
Осыған орай «мектеп» полиция инспекторлары институтының дамуын жалғастыру керек, олардың саны еліміз бойынша жеткіліксіз (барлығы 140 адам). Полиция инспекторы әрбір қалалық және ірі ауылдық мектепте болуы керек деп көзделген. Бұл оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтардың ертерек алдын алуына мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары көрсетілген апаттылықтың негізгі көрсеткіштерінің қысқартылуына қарамастан, жол-көлік оқиғаларының ауыр зардаптары аса жоғары болуда.
Осыған орай «мектеп» полиция инспекторлары институтының дамуын жалғастыру керек, олардың саны еліміз бойынша жеткіліксіз (барлығы 140 адам). Полиция инспекторы әрбір қалалық және ірі ауылдық мектепте болуы керек деп көзделген. Бұл оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтардың ертерек алдын алуына мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары елімізде аппаттылықтың негізгі көрсеткіштерінің қысқару үрдісі белгіленді. Сонымен бірге еліміздің жол-көлік кешені қиын жағдайларда жұмыс істейді. Автомобиль паркілерінің өсуі көше-жол желісінің өсу деңгейіннен асып кетеді. Республикалық жол желісінің көптеген бөлігі қайта жөндеуді, оларды қоршаулармен, жол белгілермен жарақтауды қажет етеді. Жерлікті маңыздылығы бар жолдардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз.
Жол қозғалысына қатысушылардың, ен алдымен көлік кұралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен болып қалуда. Жүргізуші кадрларды даярлау жүйесі жақсартуды қажет етеді.
Осы және басқа себептер кешені жол-көлік оқиғаларының өте ауыр салдарын алдын ала анықтайды.
Облыста, әсіресе бөтеннің мүлкін ұрлауға және тонауға қатысты ахуал шиеленісті. Бұрынғысынша, қылмыс құрылымында ұрлық жартысынан астамын құрайды, олардың әрбір үшіншісі ашылмай қалуда. Тонау бойынша, талдау жағдайы, онда қылмыстардың жартысы ғана ашылады.
Облыстағы криминалдық жағдайға ұйымдасқан қылмыс кері әсер етуі жалғасуда. Жыл сайын бандитизм, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару, адамдар сату фактілері бойынша ондап қылмыстық істер қозғалады. Қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді қатысушылары жауапкершікке тартылып, олардан қарудың, оқ-дәрілер мен есірткінің көп көлемі тәркіленеді.
Сыртқы есірткі экспанзия, бірінші кезекте Ауғанстаннан есірткі әкелуді қарқындатумен негізделеді. Еуропа елдерінен әртүрлі синтетикалық есірткіні контрабандалық жолмен жеткізудің кеңеюі Қазақстандағы есірткі жағдайының дамуының басқа сыртқы факторы болып табылады.
Жағдай есірткі құралдарын өндірудің жекеменшік шикізат қоры болып табылатын ірі алқапта жабайы өсетін кендірдің Жамбыл облысында болуымен де шиеленіседі.
Қылмыстарды есепке алу және тіркеу саясатын реформалау, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін бағалау тәсілдері бойынша ІІД және облыс прокуратурасы қабылдап жатқан шаралар елдегі қылмыстың статистикалық өсуіне ықпал етеді. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге, олардың ішкі істер органдарына сену деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Табиғи сипаттағы ТЖ салдарын тез жою және қиыншылықтың алдын-алу, азайту
Халықтың тұрмыс сапасын көтерудің бір бағыты болып азаматтық қорғаныстар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жүйесін ұйымдастыру, өңірдің экономикалық потенциалын сақтау. Қызметтердің маңызды тармағы болып халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғау негізінде азаматтық қорғау жүйесі дамытылатын олады, сонымен қатар табиғи сипаттағы ТЖ салдарын тез жою және қиыншылықтың алдын-алу, азайту.
Әр түрлі табиғи, тау-геологиялық және геодинамикалық жағдай Қарағанды облысы аумағында көптеген табиғи катастрофалар – ағын сулар, урагандар, орман және дала өрттері, тез суып кету және қарды бран, эпидемия және эпизоотия.
Облыста 161 ықтимал ағын судың қауіпті туындайтын жер бар, оларда 65 елді мекен орналасқан.
Қарағанды облысының тез құбылмалы климаты жағдайында және елді мекендердің бір-бірінен біраз алыс болуы адамдар денсаулығына қыс мезгілінде төтенше жағдай келтіреді. Облыстың орманды ерлерінде өрт жағдайы қиын жағдайда болуда. Жаз кезінде суда төтенше жағдайлар сан туындайды.
Жабдықтардың ескіруі мен тозуы және негізі қорлар, жылжымалы остав пен көліктегі инфрақұрылым, табиғи ресурстардыәзірлеу интенсификациясы, оларды тасу көлемін арттыру және техногенді қауіптің өсуі үшін нақты қауп туғызады.
Көптеген қорғаныс ғимараттарында жөндеу және техникалық қызмет көрсетілмейді, өйткені олардың біразы жасырынғандарды қабылдауға дайын емес.
Халықтың жеке қорғанысының 90 пайыздан аста құралдарының сақтау мерзіі өтіп кеткен, оларды қайта брондау, ауыстыру жоспарлы қажеттілікке дейін толықтырылуы. Жеке қорғаныс құралдарын құру мен ұстау бойынша бірыңғай нормативтік құқықтық құжат жоқ.
Қазақстан Республикасының Индуустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері жөніндегі Комитетінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі №154 бұйрығына сәйкес «Сейсмалогиялық аудандардағы құрылыс» қабылданған және ҚР 2.03-30-2006 СНиП 01.07.2006 жылы әрекет етуге енгізілген. 2 қосымшада СниПа Балқаш пен Қарқаралы қалаларында сейсмалоиялық 5 балл көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |