БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №



бет9/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

Демографиялық потенциал.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс халқының саны 1 351 854 адамды құрайды. 2009 жылға табиғи өсім оңтайлы қарқында 6,06 промиллде, өлім 11,22 промилл болғанда халықтың тууының 17,28 промилл өсуі негізінде құрайды. Қарағанды, Балқаш, Приозерск және Теміртау қалалары халқының оңтайлы өсу қарқыны бар.

2004-2009 жылдары қолайсыздығы көбірек халықтың механикалық көшуінің тұрақсыз сальдосы байқалады. Демографиялық потенциалдың келеңсіз қарқынына Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарындағы село халқының 2,5 пайызынан астамының көші-қон ағынымен азаюына байланысты. Көші-қон салдарынан халықтың азаюы 2007-2009 жылдары Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында байқалады, бұл Қарағанды қаласына «Қазақмыс» корпорациясы АҚ штаб-пәтерінің көшуіне байланысты.

ТМД шегінде тұрған жерін ауыстыру және Ресеймен азаматтық қабылдау түзімін оңайлату өңірге білікті, жас және мобильді халықтың тұрақты орталығы болуын анықтайды. Өңіраралық көші-қон оңтайлы мағынамен сипатталады.

Табиғи азаю облысқа этникалық қазақтардың көшіп келуі есебінен қалпына келтірілуде. 2004 жылдан бастап 2010 жылдың аралығында 9103 отбасы оралмандар, 31296 адам келген. Жергілікті атқарушы органдар көші-қон жөніндегі аумақтық бөлімшелер комитетімен бірлесіп отандастардың қазақстандық қоғамға оңтайлы бейімделу және шоғырлануын қамтамасыз ету үшін барлық іс-шараларды қабылдайды.

Еңбек нарығы

2004 жылдан 2009 жылдар аралығында Қарағанды облысында экономикалық белсенді халық саны 1,49%, 729,7 мыңнан 740,5 мыңға өсті. Экономикалық белсенді халық санының ең көп шоғырлануы облыс қалаларында (72,48%), ауылдық аудандарда сәйкестігіне қарай 27,5% тіркелген. Облыс қалаларының ішінде экономикалық белсенді халықтың көп бөлігі мына қалаларда: Қарағандыда – 31,3%, Теміртауда – 12,3%, Жезқазғанда – 7,2%. Экономикалық белсенді халық санының ең аз бөлігі Приозерск қаласында 1,05% тіркелген. Ауылдық аудандардың ішінде экономикалық белсенді халық санының ең көп шоғырлануы Бұқар жырау ауданында – 5,1%, ең аз шоғырлануы Ұлытау ауданында – 1,1% байқалады.

Экономикалық белсенді халық деңгейінің төмендеуі Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск қалаларында, Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандарында тіркелген.

Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 1,3 % - ға төмендеді және 6,1 % құрады. Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Шахтинск қалалары мен Абай, Нұра, Осакаров аудандарында жұмыссыздық деңгейінің өсуі байқалады.

Еңбек нарығының аса тапшы жұмыскерлері: медицина қызметкерлері; облыста биология, ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар; физика және инженерлік бағыт саласындағы біліктілігі орта деңгейдегі мамандар; тау-кен, күрделі тау-кен, құрылыстық-монтаждық жарнамалық-құрылыстық жұмыстармен айналысатын жұмысшылар; операторлар, аппаратшылар, машинистер, жинақтаушы – слесарлар, Д және Е санатындағы жүргізушілер.

Қарағанды облысына шетел жұмыс күші өндірісті дамыту үшін, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен және шетел технологиясын енгізу үшін тартылады.

Облыста 2009 жылы уәкілетті орган берген рұқсаттарға сәйкес 244 шетелдік маман еңбек қызметін жүзеге асырды. Шетел жұмыс күшін тартатын ұйымдарда 104 717 қазақстандық азамат еңбек қызметін жүзеге асырды.

Облысқа келген оралмандар отбасының талдауы көрсеткендей 2006 жылы оралмандардың көшіп келуі азайған, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылар. 2006 жылы барлығы 6845 оралман келген, оның ішінде 3902 адам еңбекке жарамды жаста, 2009 жылы 1768 оралман, оның ішінде 979 адам еңбекке жарамды жаста.

Облыста ұжымдық келісім-шарт жасаған кәсіпорындар саны 3166, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар – 809 (69,7% ірі және орта кәсіпорындар саны - 1161) немесе қолданыстағы белсенді кәсіпорындардан 99,6%.

Әлеуметтік көмек

көмек халықтың әлеуметтік әлсіз тобына әлеуметтік қызметтердің кең спектрін ұсыну түрінде жүзеге асырылады: ақшалай төлемдер – атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, азық-түлік себетінің құнынан аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысымен аз қамтылған отбасылардан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар; мүгедектерге оңалтудың техникалық көмекші құралдарын және қызметтерді ұсыну, қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінен орын беру және т.б.

Әлеуметтік қорғау бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

2004 жылдан 2009 жыл аралығында кедейлік деңгейі 2,4 пайыздық тармаққа азайды (1.01.2005ж., 3,4%-дан 1.01.2010 ж. 0,9%-ға дейін)

2010 жылдың 1 қаңтарына облыста халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының есебінде 3172 аз қамтылған отбасы (12241 адам) тұрды, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,6%-ға аз.

Жалпы әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге 2009 жылы 728,8 млн.теңге бюджеттік қаражат, оның ішінде республикалық бюджеттен 163,2 млн.теңге жұмсалды.

2010 жылдың 01 қаңтарына облыста 9 интернат-үйі (қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы түрдегі 5 интернат-үйі, 3 психоневрологиялық интернат-үйі, ақыл-ой дамуы артта қалған балаларға арналған 1 интернат-үйі, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін 64 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, нақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Психоневрологиялық интернат-үйіне орналасуға мұқтаж адамдар үшін орналастыру кезегі бар, 2010 жылдың 1 қаңтарына кезек 396 адамды құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімдерінде 50 мың мүгедек есепте тұр.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 3 жылдың ішінде (2010 жылы қоса алғанда) облыстық бюджет қаражаты есебінен 748,7 млн. теңге бөлінген, оның ішінде 2008 жылы – 169 млн. теңге, 2009 жылы – 223,6 млн.теңге, 2010 жылы – 356,1 млн. теңге медициналық, әлеуметтік және кәсіби бейімделу шараларын өткізуге жұмсалды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының қабылдануына байланысты Салалық министрлік әлеуметтік қорғау саласындағы әр түрлі мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын кезең-кезеңмен енгізу жұмысын: 2009 жылдан бастап балалар психоневрологиялық интернат-үйлерінде, 2010 жылдан бастап 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға арналған интернат-үйлерінде, 2011 жылы жалпы түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде жүргізуде.



Халық тұрмысының деңгейі.

Қарағанды облысында 2004 жылдан бастап 2009 жыл бойынша облыстың барлық қалалары мен аудандарында ортаайлық номиналды еңбекақының 2,3 есеге өскені белгіленген. Барлық селолық аудандар мен Қарағанды, Балқаш, Қаражал, Шахтинск, Саран, Приозерск қалаларында ортаайлық номиналды еңбекақы көлемінің ортаоблыстық мөлшерден төмен екенін айтып өту қажет. 2009 жылғы мәлімет бойынша номиналды еңбекақы облыс бойынша орта есеппен 57630 теңгені құрайды.



Денсаулық сақтау

Облыс аумағында 298 жеке медициналық ұйымдар жұмыс істейді, олардың 187 жекеменшік және ведомстволық бағыныста, 111 мемлекеттік. Тұрғындарға стационарлық медициналық көмекті 92 ауруханалық медициналық ұйымдар көрсетеді (10 566 төсектік оның ішінде 9 403 мемлекеттік меншік түріндегі клиникаларда 1 163 жекеменшік клиникаларда). 2005 - 2010 жылдар аралығында жыл сайын тәулік бойғы стационарлардың тиімсіз төсектерін қысқарту және қайта бейіндеу жүргізілді. 2007, 2008, 2009 жылдары (1 0000 тұрғынға шаққанда) тәулік бойғы стационарларды төсектермен қамтамасыз ету сәйкесінше 82,5. 80,3.және 69,5 құрады. Бұнымен қоса, амбулаторлық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарлар төсектерін жоспарлы кеңейту 1 000 тұрғынға шаққанда – 6,8 (2007ж.); 8,8 (2008ж.); 9,4 (2009) жалғастырылды.

Соңғы жылдары облыста 1 000 тұрғынға шаққанда негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің – (2007 ж) 16,1 –ден (2009г.) 17,28-ге дейін туу деңгейінің жоғарылауы, (2007 ж) 13,34 –ден (2009 ж) 11,22 дейін жалпы өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы, (2007 ж) 2,85 –ден (2009ж) 6,06 дейін тұрғындардың табиғи өсімі коэффициентінің ұлғаюы жақсарғаны байқалды.

Алайда, ана мен баланың денсаулық деңгейінің жеткіліксіздігі, әлеуметтік елеулі аурулардың таралуы және тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жетімсіз қамтамасыз ету, тұтастай алғанда, тұрғындар денсаулығының төмен деңгейін айқындайды.

2009 жылы облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 66,87 жасты (2007ж – 63,6) құрады, бұл - 68,6 (2009ж.) құрайтын республикалық көрсеткіштен төмен. Азаматтардың денсаулығына, олардың өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік елеулі аурулар, жарақаттанулар мен уланулар, олардан болған өлім-жітімдер нақты әсерін тигізеді.

Қан айналу сырқатын азайту мақсатында көрсетілген сырқаттың жаңа басталған кезінде профилактикалық қарау жүргізіледі. 2008 жылдан бастап облыстың кадиохирургиялық орталық жұмыс істей бастады, ол қазіргі заманғы жабдықтармен және жоғары мамандандырлған медициналық көмек шегінде қызмет көрсетуді іске асырады. Амбулаторлық деңгейде қан айналымы ауруымен ауыратындарға тегін және жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Қабылданған кешнді шаралар нәтижесінде 2007- жылдан 2009 жылдар кезеңінде осындай сырқатпен ауыратындар санын 100 мың адамға шаққанда 739,5 тен 613,6 дейін азайтуға қол жеткізілді.

Ерте диагностика жасау нәтижесінде , сондай-ақ емдеу-профилактикалық жұмыстар мен эпидемияға қарсы іс-шаралар арқасында 2007 жылы туберкулезден қайтыс болғандар саны 100 мың дамға шаққанда 26,1 ден 2009 жылы 20,4 дейін азайды. Туберкулезбен ауыру қарқыны 100 мың адамға шаққанда 2007 жылы 136,7 ден 2009 жылы 96,9 дейін азайған. Сырқаттарға фтизиатрлық көмек көрсетудің кезеңді жүйесі қалыптасуда, хоспистер құрылуда, күштеп емдеу орындары, балаларға туберкулезге қарсы санатории қызмет етеді. туберкулезбен ауырудың негізгі факторлары болып халықтың көшіп қонуы және облыста қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің болуы табылады.

Бақытсыз жағдайлар, жарақат алу және ұшынудан өлгендер жоғары деңгейде қалуда. Жарақат алудың жғары деңгейде қалуы облыстағы автомобиль жолдары жүйесінің дамуы (оның ішінде республикалық маңызы бар) , автокөлік санының көбеюі, сонымен қатар өнеркәсіп өндірісі дамуының жоғарғы деңгейі. Бақытсыз жағдайлар, жарақат пен ұшынудан қайтыс болу қарқыны 100 мың адамға 141,9 дейін азайған(2007 ж. -203,0).

Жазатайым жағдайлардан, жарақаттанулар мен уланулардан болған өлім-жітім деңгейі жоғары.

Соңғы жылдар ішінде бала өлімі көрсеткіші тұрақты болып қалуда. Ана өлімі көрсеткіші 2007 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 32,0 құрады. Акушерлік себептерден болған ана өлімі 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 16,9 құрады. Осы жылы жүкті әйелдердің жіті вирустық инфекицялармен науқастану көрсеткішінің 100 мың тірі туғандарға шаққанда 42,6 дейін жетуіне жол берілді.

Соңғы жылдары облыста ана мен сәби өлімін азайту жөнінде Халықаралық бағдарлама енгізілуде. ВОЗ ұсынған – «Бала астағы сырқаттарды интегрирды жүргізу» , «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету тиімді перинаталды технология енгізу. Көрсетілген бағдарламаны енгізгеннен бастап ана мен бала өлмінің азаюы байқалады. Ұрықтың әр түрлі кемшіліктерін ерте анықтаудың генетикалық және ультразвукты скринингі табысты іске асырылуда.

Жұқпалы ВИЧ-тің таралу деңгейі бойынша облыс республикада алдыңғы қатардағылардың бірі. Эпидемия басталған кезден бастап (1990 жыл) облыста ВИЧ жұқтырған 2 598 тіркелген. 100 мың халыққа таралу көрсеткіші 127,8 құрайды (республика бойынша – 73,4) және облыс бойынша көрсеткіш 2007 ж. – 152,6, бұл инфекцияның таралу деңгейінің азағанын көрсетеді. 15 жастан бастап 49 жас аралығында ВИЧ-инфекциясының таралуы 2009 жылы 0,223 құрады Ең көп таралу Теміртау, Қарағанды қалаларында және Бұқар жырау ауданында. Бұл жағдайда жыныстық жолдармен жұқтыру ұлғайғаны байқалады.ВИЧ/СПИД эпидемиясына қарсы әрекет жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде инфекцияның таралу ошағы құрықталды және әрі қарай таралуға тосқауыл қойылды.

Облыста туберкулез және онкологиялық сырқаттармен ауырғандар динамикасы азаюда (өсу қарқыны: -31% және тиісінше -10,8% ). Жұқпалы ВИЧ-тің таралу деңгейі бойынша облыс республикада алдыңғы қатардағылардың бірі. Эпидемия басталған кезден бастап (1990 жыл) облыста ВИЧ жұқтырған 2 598 тіркелген. 100 мың халыққа таралу көрсеткіші 127,8 құрайды (республика бойынша – 73,4) және облыс бойынша 2007 ж. – 152,6, Ең көп таралу Теміртау, Қарағанды қалаларында және Бұқар жырау ауданында. Бұл жағдайда жыныстық жолдармен жұқтыру ұлғайғаны байқалады.ВИЧ/СПИД эпидемиясына қарсы әрекет жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде инфекцияның таралу ошағы құрықталды және әрі қарай таралуға тосқауыл қойылды.

Облыста науқастардың негізгі жіктемесінің ішінде тыныс алу жолдарының аурулары, жарақаттанулар, уланулар басым болып отыр. Аурулардың көп болуына негізгі себеп – Арал маңайы, Семей полигоны, Балқаш қаласы (кен байыту комбинаты), Теміртау қаласы (металлургиялық комбинат) тәрізді экологиялық қолайсыз аймақтардың болуы және ҚТЖК 10 түзету мекемелерінің орналасуы, урбандалудың жоғары деңгейі болып отыр, сондай-ақ шылым шегу, ішімдік ішудің көбеюі, мұңаю, жұмысқа белсенділіктің төмендеуі, тиімсіз тамақтанудың таралуы.

Аталған факторлар денсаулық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Тұрғындар арасында денсаулық принциптерін қалыптастыру мақсатында «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» салалық бағдарламасы аясында шаралар жүргізілуде.

Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты шегінде қызметтер ұсынуға қатысатын үкіметтік ұйымдар саны артуда.

Мәлімет бойынша 2007 ж. – темекі шегу 35,6% (2009г. – 28,3%), қауіпті дозада арақ ішу 37,8% (2009ж. – 29,5%). 2009 жылы артық салмағы бар адамдар саны – 47,3% құрады.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласында 15 мың медицина қызметкерлері қызмет істейді. Халыққа 4 862 дәрігер, 9 817 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Облыстық денсаулық сақтау жүйесінде 54 медицина ғылымдарының кандидаты, 6 докторы қызмет атқарады. Медицина ұйымдарын дәрігер мамандармен жинақтау 2009 жылы 82,9% құрады. Дегенмен де облыстың ауылдық аудандары мен шағын қалаларында медициналық мамандармен қамтамасыз етудің жеткіліксіз болу проблемасы (346 маманға тапшылық бар) әлі де өзекті.

Дәрігер кадрлардың «картаю» үрдісі бар: 50 астам адамдар дәрігерлердің жалпы санынан 38 пайызды құрайды, бұл жас кадрлардың ағылуы азаюына байланысты. Облыстың 10 000 халқына дәрігер кадрлармен қамту деңгейі (35,8) орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалуда (30,8). Орташа едицина қызметкерлерімен қамту 72,8 (2009ж) құрады және 2007 ж. салыстырғанда артқаны байқалады 2007 ж. – 70,4. Әрі қарай дәрігерлер тапшылығын жыл сайын 15-40 маманға азайту жоспарлануда оның ішінде – 10-12. Сондай-ақ жалпы оқуға жіберілгендер санынан (5 тен 15 пайызға жыл сайын) шет елде оқыту есебінен өте қажет мамандар қажеттілігін азайту жоспарлануда).

Облыстық денсаулық сақтау саласы бюджетінің жыл сайынғы ұлғаюы жағымды сәттердің бірі болып табылады. Егер 2007 жылы денсаулық сақтауды жалпы қаржыландыру көлемі – 19,7 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы ол - 29,5 млрд. теңгені құрады. ( 2010ж. болжам– 30,5 млрд. теңге). Алайда, жыл сайынғы қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан, ресурстарға қажеттілік сақталуда, атап айтқанда, материалдық-техникалық жарақтандыру (жарақтау деңгейі 80% тозу қасында ең кіші нормативтердің 44% құрайды), амбулаторлық деңгейде тегін және жеңілдіктегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу және салу, ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін мамандарды жұмысқа тарту және бекіту.

ГОБМП шегінде дәрі қаражаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету 248 нысан арқылы сату ұйымдастырылған ( дәріхана ұйымдары және АМСК ұйымдастыру). 2013 жылға дейін 100 пайыз село халқын қамтумен дәрі-дәрмек сатуды іске асыратын ұйымдар жүйесін кеңейту жоспарлануда, оның шінде жылжымалы дәрілі пунктер жұмыстарын ұйымдастыру жолымен де.

«100 мектеп пен 100 аурухана құрылысы» бағдарламасы аясында облыста: Теміртау, Сәтпаев қалаларында (кезегіне 500 келулерге арналған) консультативтік-диагностикалық емханалар, Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде орталық аудандық аурухана жұмыс істей бастады. «Жол картасы» бағдарламасы аясында 2009 жылы 62 денсаулық сақтау нысаны жөндеуден өткізілді. Облыстық қан орталығы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда (2010 ж). Бұдан әрі облыстық көп салалы және балалар ауруханаларының құрылысы іске асырылады.

Өңірді әлеуметік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаты бәсекелестік артықшылық және мүмкіндіктер факторының негізгі мәселелерін анқтайтын SWOT- талдауында анықтаған өңірдің дамуы.

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық үдерістер және ағымдағы жағдайлар талдауының негізінде денсаулық сақтау секторы үшін маңызды негізгі тенденциялар белгіленді.



Әлемдік тенденция:

        • Ауруды диагностикалау және емдеудің қазіргі заманғы технологияларын, дәлелдеу медицинасы принциптеріне негізделген скринингтік бағдарламаларды дамыту.

        • БДДҰ ұсынған халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қаржылай қолдау көрсету.

        • Ауруды диагностикалау және емдеудің халықаралық хаттамаларын, қызметтер стандарттарын кеңінен қолдану.

Қазақстандағы тенденция:

  • Амбулаторлық-емханалық деңгейде көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту, стационарлық көмек үлесін қысқарту, стационарды алмастыратын қызметтер көрсетуді динамикалық дамыту.

  • Денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттарын дамыту: ана мен баланы, әлеуметтік елеулі аурулар, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтері.

  • Медициналық білім беру жүйесін жетілдіру.

  • Ауруды ерте кезінде диагностикалаудың скринингтік бағдарламаларны енгізу.

  • Саланы қаржыландыру көлемін ұлғайту.

Қарағанды облысындағы тенденция:

  • Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсарту (туу, өлім-жітім, табиғи өсім).

  • Медицина ұйымдарының дамыған желісі. Телемедицина жүйесін дамытудың жоғары деңгейі.

  • Әлеуметтік елеулі аурулардың таралуы және олардан болған өлім-жітімнің жоғары болуы.

  • Дәрігер мамандармен қамтамаыз етудің жеткіліксіздігі (әсіресе, ауылдық елді мекендерде).

  • Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі (жарақтау деңгейі 80% тозу қасында ең кіші нормативтердің 44%).

  • Медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік сонымен бірге жекеменшік денсаулық сақтау секторларының үлкен нарығы.

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Қарағанды облысында 166 (2005ж.-126) мектепке дейінгі білім беру ұйымы, оның ішінде 119 (2005ж - 90) мемлекеттік, 233 шағын орталық жұмыс атқаруда. Облыстағы мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесі құрылыс, білім ұйымдарын кеңейту мен қайта салу есебінен шешілуде. Балабақшалар жүйесін қалпына келтіру, шағын орталықтар ашу мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткішін 2005 жылмен салыстырғанда 35,1%-дан 2009 жылы 70,9%-ға дейін арттыруға септігін тигізді.

Кейінгі жылдары мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің саны артып келеді. 2009 жылы 39635 бала (2004 жылы-21314 бала).

Дегенмен, облыс қалаларындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылған балалар санының орташа деңгейі - 71% , ол 2005 жылы – 27,9% көрсеткіштен жоғары, (ауылдық елді мекендерде - 69,9%, бұл 2005 жылы -3% көрсеткішке жоғары)), құрайды. Сонымен қатар, 1 мен 6 жас аралығындағы тәрбиеленушілермен қамту бойынша төмен көрсеткіштер (60%-дан кем) Қаражал, Теміртау қалаларында, Бұқаржырау, Ұлытау аудандарында байқалады. Қарағанды, Теміртау қалаларында мектепалды мекемелерде орын тапшылығы байқалады.

Мектепке дейінгі білім ұйымдарында 3358 педагог еңбек етеді, оның ішінде жоғарғы және бірінші санаттылары 1109 немесе педагогтардың жалпы санынан 32,8%.

Басты мәселе болып табылатын – қалалардағы балалардың кезекте тұруы және жоғарғы санатты кадрлардың тапшылығы.



Орта білім

Облыста 177965 оқушысы бар (2004 жылы-220399) 569 (2004 жылы - 591) мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде. 2005-2009 оқу жылындағы облыстағы күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны 22 бірлікке қысқарды. Мектеп санының қысқаруының негізгі себебі – облыс бойынша ауылдық аудандардағы ауылдық жергілікті тұрғындардың қалаға көшуі, сонымен қатар бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты аз қамтылған бастауыш мектептердің жабылуы болып табылады.

2005 жылғы көрсеткішке қарағанда облыстағы білім алушылар саны 42434 балаға кеміді. Мектептердің жалпы санынан 57,9% (329) мектеп шағын көлемді болып табылады (2005 жылы - 54,4% (322). Облыста коррекциялық білім беру мекемелерінің желісі қарқынды дамуда, денсаулық ақаулықтарының барлық түріне арналған арнайы коррекциялық 11 мектеп-интернат бар. Ерекше сұраныстары бар балаларға білім берудің барлық қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жүйе жұмыс істеуде, мүгедек балаларға балабақшадан жалпы орта білімге дейінгі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. 2 психолого-медико-педагогикалық комиссия, «Үміт» дамуында қиындықтары бар балаларға арналған реабилитациялық орталығы және психолого-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс жасайды. Облыстағы арнайы коррекциялық мекемелер мен логопедиялық пунктердің көп болуы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген санына қарама-қарсы қосымша психолого-педагогикалық, коррекциялық кабинеттер мен реабилитациялық орталықтардың ашу қажеттілігін азайтады. Соған қарамастан, 2011 жылы екі ауылдық елді мекенде (Жаңаарқа және Осакаров аудандары) коррекциялық кабинеттердің ашылуы жоспарланып отыр.

Облыс мектептеріндегі мұғалімдер саны 19128 адамды (жоғары және бірінші санатты – 47,6%) құрайды, 2005 жылмен салыстырғанда 1474 адамға кем (2005 – 20602).

Ауылдардағы математика, физика, информатика, химия, биология пәндері мұғалімдеріне деген тапшылық байқалады. «100 мектеп, 100 емхана» бағдарламасының арқасында облыстағы оқушылардың орын тапшылығы, 3 ауысымдылық мәселелері толығымен шешімін тапты. Күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді облыстың барлық аймақтары қажет етеді. Мектептерінің көбісі ыңғайландырылған ғимаратта орналасқан аудандар – Жаңаарқа, Шет, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров. 12 жылдық білім беру жүйесіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жүйе негізінде білім беру мекемелерінде тәжірибелік қызмет жүзеге асырылып жатыр.


  • Негізгі және бастауыш мектептерге 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу бойынша республикалық тәжіребенің жемісті болуын зерттеу;

  • Облыс мектептерінің 10-11-ші сыныптарға бейінді оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі.

Компьютерлік парк кеңеюде. Бірақ техникалық жабдықтардың ескіруіне байланысты 2009 жылдың аяғында облыстағы компьютерлік техниканың 17,5%-ы жаңартуды қажет етеді. Пәндік сыныптармен барлық мектептер қамтылған, бірақ 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысуына байланысты мектептерді жаңа үлгідегі заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап тұр. Бүгінгі күнде жаңа үлгідегі заманауи физика кабинеттерімен мектептердің жалпы санының - 42,8%, химия - 17,4%, биология - 15% қамтылған. Облыс мектептерінің 41,6%-ы лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.

Білім басқармасы атқарушы органдармен бірлесе отырып, білім ұйымдарының білім алушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыруда. 2007-2008 оқу жылынан бастап облыста 1-2 сынып оқушылары, 2008 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап 1-4 сыныптар тегін ыстық тамақ пен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендер үлесі 77,8% -ды құрайды. Тегін тамақпен 79744 оқушы қамтылған, олардың ішінен 14044 көпбалалы, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балалар санының 100%-н құрайды. Бүгінгі күнде тасымалдауды қажет ететін 1888 оқушылардың барлығы тасымалдау көлігімен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылында оқушыларды тасымалдау үшін 55 автобус жұмылдырылған (2008-2009 оқу жылынын басында - 36), олардын 11-і 2009 жылы сатып алынған (5 автобус,6 шағын автобус).

Облыста 5536 жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар бар немесе о-ден 18 жасқа дейінгі 328708 баланың 1,7%. Оның ішінде 3231 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 67 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеде, 28 білім саласындағы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мемлекеттік ұйымда 2238-і тәрбиеленуде. Интернаттық мекемелерде балалар саны кемуде: 2009 жылдың соңында – 2238, 2007 жылы 2487 бала болған. Жол картасы бағдарламасы бойынша жетім балаларға ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың 7 мекемесіне 167 млн. 129 мың 966 теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Құлыншақ» балалар үйі мен даму мүмкіндігі шектелген балаларға арналған балалар үйінде 2009 жылдан бастап қолдау жобасы тәжжірибе түрінде енгізілген. «Қолдау» жобасына сәйкес 33 бала отбасына берілді (11 бала асырап алынды, 6 бала патронат, 14 бала отбасына қайтарылды, 2 бала қорғаншылыққа берілді). 2008 жылмен салыстырғанда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны 201 адамға кеміді. Мектеп оқушылары арасында қылмыс жасау 18%-ға төмендеуі байқалады.

Құрылымның басты мәселесі – білікті мамандардың жетіспеуі; 80 жылдар мен 2001 жылдар арасында экономикалық трансформация кезеңінде бала туу кемуіне байланысты мектеп оқушыларының саны азайды және жергілікті тұрғындардың көшуі: балалар құқығын қорғау бойынша білікті мамандардың жетіспеуі.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 55 колледж (2005жылы - 38) және 35 кәсіптік лицей (2005 жылы – 33, 2005 жылмен салыстырғанда 19 бірлікке артық) жұмыс істейді. 2132 мамандық бойынша даярлау жұмыстары жүргізіледі. Еңбек ресурстарына сұраныс бағамдарын анықтау мақсатында өндірістік қуатты рационалды орналастыру Кестесіне енген нысандарға жұмысқа орналастыру үшін кадрларды даярлау жұмыстары жүргізілуде. Облыста техникалық және қызмет көрсету кадрларын даярлау бойынша меморандумдар мен келісім-шарттар жасалуда. Ауылдық аудандарда жұмыс істейтін колледж Абай ауданында орналасқан, Абай, Шет, Жанаарқа, Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарында бір-бір кәсіптік лицейден бар, ал Бұқар жырау ауданында 3 кәсіптік лицей жұмыс істейді. Нұра, Осакаров аудандарында жеке кәсіптік лицей жоқ, бірақ Қарағанды қаласынын №3 кәсіптік лицейінің филиалдары бар.

Облыс колледждерінің жалпы санынан 18%-ы СМЖ ИСО 9001-2000 енгізді: Қарағанды қаласы - 5, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск қалаларында бір –бір колледжден, Теміртау қаласында - 2 колледж.

Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында 54186 адам оқиды» 2005 ж – 12000), олардың 11 986-ы кәсіптік және техникалық лицейлерде оқиды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 4100 педагог жұмыс істейді. Олардың 350-і өндірістік оқыту шеберлері.

КЛ мен колледждер түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, түлектердің жалпы санының 90%-ын құрады.

Құрылымның басты мәселесі – техникалық және кәсіптік білім беру ғимараттарының ескіруі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет