БАҒдарламасы қарағанды, 2010 мазмұны №



бет8/33
Дата24.02.2016
өлшемі4.52 Mb.
#13116
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

Құрылыс

«Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2009 жылдың 1 қаңтарда 1149 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 2009 жылы 598 кәсіпорын (52%) жұмыс жасады, 551 (48%) уақытша бос тұрды. Соңғы жылдары облыстық орталықта құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр, 2009 жылы Қарағанды қаласында 43,7% мердігерлік жұмыстар болды.

Құрылыста экономикалық белсенді халықтың 3,6% жұмыспен қамтылған, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер 89,1%, қалған үлесті өз бетімен жұмыс істейтіндер құрайды.

Қарағанды облысында 2009 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй салуға 15,8 млрд.теңге инвестициялар жіберілді, бұл 2004 жылдан (3,6 млн.теңге) 4,4 есе жоғары. Негізгі бағыт ретінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесінде өзгерістерді атауға болады. Жеке құрылысшылар негізгі рөл атқарады, 2004 жылы олардың үлесі 66,9% болды және 2009 жылы жеке құрылысшылардың қаржы үлесі 62,3% құрайды.

Бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.2009 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялардың жалпы көлемінен бюджет қаржысы есебінен 2068 млн.теңгені жұмсалды, 2004 жылы бюджет қаржысы есебінен жұмсалған инвестиция үлесі 866 млн.теңгені құрайды.

Келесі мәселелер құрылыстың негізгі проблемаларына жатады:

- азаматтарға қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші жылына бір адамға тұрғын үйді салу және беру көрсеткіші болып табылады, облыс бойынша 2010 жылдың 1 қаңтардағы бұл көрсеткіш 0,17 ш.м. құрайды, аса дамыған елдерде бұл көрсеткіш 1 ш.м. көрсетуін ескерсек, ал республика бойынша – 0,5 ш.м. құрайды;

- құрылыс индустриясының дамуының әлсіз болуынан құрылыс материалдары бұйымдарының маңызды бөлігін сырттан әкелу қажет, бұл құрылыстың қымбаттауына әкеледі;

- базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастры жоқ;

- Сәтбаев, Шахтинск, Приозерск, Қаражал қалалары мен Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Қарқаралы аудандарының бас жоспарлары өздерінің ресурстарын тауысты және жаңалап әзірлеуді талап етеді;

- облыс аймағын қала құрылыстық жоспарлаудың әзірленген кешендік сызбасы жоқ.
Шағын және орта кәсіпкерлік

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай боййынша облыста шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп жтқан субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өсті және 41829 брл. құрады, оның ішінде – 4772 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары ( жалпы санынан 11,4%), 31144 – жеке кәсіпкер (74,5%) және 5913 шаруа (фермерлік) шаруашылық (14,1%).

Шағын және орта бизнеске қамтылғандырдың жалпы саны 151,7 мың адамды құрады, ол өткен жылдан 4,6%-ға жоғары (145,0 мың адам) және экономикалық белсенді халықтың 20,5%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өндірген өнім, жұмыс, қызметтің жалпы көлемі 188,8 млрд. тенгені құрады.

Елбасының "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2010 жылы негізгі бағыттардың бірі «Бизнестің жол картасы -2020» бюджеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болады.

Бағдарлама Қазақстанды 2014 жылға дейін үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерінің бірі және 2009, 2010 жылдардың Жол картасын жүзеге асырудың қисынды жалғасы болып табылады. Бұл ретте, екпін дағдарыстан кейінгі дамуға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және ашуға түседі.

Оның басты мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу

Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларын қаржылай қолдау экономиканың шикізаттық емес секторларында жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналардан тұрады:



  • жобаларды жүзеге асыру үшін банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

  • жобаларды жүзеге асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша жарым-жартылай кепілдік беру;

  • өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

  • бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;

  • кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Екіншіден, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни Банктік несиелері бар пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды сауықтыруға мемлекеттік қатысу (мақыладу сәтінде) несие жүйесі шеңберінде жаңа берешектерге жобаны мақұлдағаннан кейін шығады.

Үшіншіден, экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау. Бағдарламаны жүзеге асыру ішкі нарыққа өнім экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мемлекеттік қолдау Банктердегі бұрыннан бар кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.



Сауда

Сауда экономикалық қызметтің маңызды салаларының бірі болып табылады. Облыста 2010ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша сауда қызметін 10665 нысан іске асырады, оның ішінде 7048 сауда нысаны, 1623 қоғамдық тамақтану орындары, 1928 қызмет көрсету нысандары, 66 сауда базарлары. Қарағанды қаласында дамыған сауда желісімен 25 супермаркет және 31 облыста өндірілмейтін азық-түлік тауарларын (жармалар, қант, күнбағыс майы, тұз, шай, сыр) көтере жеткізушілер жұмыс істейді. Едәуір ірі супермаркеттер: «Южный», «Юма», «Грин-март», «Вестер – Гипер – Казахстан», «Рамстор», «Аян», «Корзина», «Магнум». Ағымдағы жылдың желтоқсанында «METRO» халықаралық сауда желісі супермаркетінің ашылуы жоспарланып отыр.

2005-2009 жылдар аралығында бөлшек сауда айналымы 1,8 есеге, көтерме сауда айналымы 2,5 есеге артты. 2009 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 266,9 млрд. теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға артты. Бөлшек сауда айналымы көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада Алматыдан кейін екінші орынды алады. Облыстық сауда айналымының үлесі республикалық көлемде 10,4% құрады.

Жеке сауда айналымының негізгі көлемі жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға және базарларда сататын жеке тұлғалар қамтамасыз етті , олардың қызметі 185,5 млрд.теңгені құрады ( жеке сауда айналымының жалпы көлемінен 69,5%).

2009 жылы көтере сауда айналымының жалпы көлемі 495,1 млрд. тенгені құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артты.

Көтерме сауда айналымының көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада Алматы мен Астанадан кейін екінші орынды алады. Облыстық сауда айналымының үлесі республикалық көлемде 7,2% құрады.

Көтерме сауда көлемде басымдық жағдай заңды тұлғаға беріледі, оның көтерме сауданың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2009 жылы 98,8% құрады немесе 489,3 млрд. тенге құрады.

Сауда саласына қамтылғандардың саны 2009 жылы 103,0 мың адамды құрады, жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 14,8%. Саудада экономикалық белсенді халықтан 11,7%, бұл ретте өз бетінше қамтылғандар 41,3%.

Жеке сауда айналымының жалпы көлемі 2010 жылдың 8 айында 199,6 млрд. тенгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға артты, көтерме сауда айналымының көлемі 318,1 млрд. тенге және 22,3%-ға артты.

Сауда айналымын арттыру және облыс халқын жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыс қалаларында жәрмеңке өткізіледі. Мәселен, 2009 жылы 379 жәрмеңке өткізілді, оларда жалпы сомасы 1172 млн. тенгеге нарықтағыдан 15%-ға төмен бағамен ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.

Қарағанды қаласында «Қарағанды Агро-Орталық» КМК кәсіпорынына тиесілі 2 коммуналды базар жұмыс істейді, оларда тұрақты негізде облыстың 78 шаруа қожалығының ауыл шаруашылық өнімдерін нарықтағыдан 15%-ға төмен бағамен сату үшін орын орын жалдайды.

Қызмет көрсету салалары

Қарағанды облысында 200 жылы халыққа жалпы сомасы 422,5 млрд. теңгеде қызмет көрсетілді. 2004-2009 жылдары көмек көрсету көлемі бір жарым есеге өсті. Облыс қалаларында жалпы қызмет көрсетудің жалпы көлемінен 90,6% келді. Қызмет көрсетудің негізгі көлемі Қарағанды қаласына - 80,77%, Теміртау қаласына – 5,86% және Жезқазған – 4,27%-дан келеді. Ең аз қызмет көрсету Қаражал қаласында – 0,43%.

Қызмет көрсетудің ең негізгі түрлері сауда көлік қызметтері . Ең көп қызмет көрсету байланыс пен IP-телефон орнатуға байланысты. Облыс аудандарының ішінде қызет көрсететіндердің ең көбі Абай ауданында – 0,88% және Осакаров ауданында – 0,4% , ең аз қызмет көрсету Ұлытау ауданында .

Қызмет көрсету саласында экономикалық қабілетті халықтың 24,1% қамтыған (оның ішінде көлік пен байланыс – 6,5%), оның ішінде өздерін-өздері жұмыспен қамтуға 75,1%. келеді.



Бәсекелестікті дамыту

Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлікте бәсекелес ортаны жақсартуға және кәсіпкерлік қызметтерді дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі шаралар іске асырылады.

Облыстың ішкі нарығын молайту мақсатында, сонымен қатар сауда орындарын үнемі көтерме түрде сатып алуға жол бермеу үшін жергілікті ауылшаруашылығын өндірушілер базар маңында тегін және жеңілдікпен сауда орындарын береді, тұрақты түрде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жол бойындағы сауда және көліктен сауда жасау ұйымдастырылады. Өз өнімдерін арнаулы орындарда сатуға рұқсат етілген, алыпсатарларға тосқауыл қойылған. Мал соятын пункттер мен алаңдарда салу кестесі бойынша жұмыс жүргізіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілері қызметтеріне әкімшілік барьерлерді азайту мақсатында облыс бойынша Қарағанды облысы әкімінің жанында рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі (консультативтік-кеңесетін орган) экспертті Кеңес қызмет етеді. Бұдан басқа әділ бәсекелестіктің артықшылығын түсіндіру үшін уәкілетті органдар, бинес өкілдері, «атамекен» қоғамы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Осы тақырыптар бойынша облыстық және аудандық газеттерде материалдар басылады.

Сонымен қатар аймақ экономикасының келесі салаларының қиын мәселелері шешуді қажет етеді.

ЖЖМ нарығы. Аумақтың негізгі қиын мәселесі ішкі көздерден бензин және дизель отындарымен төмен деңгейде қамту болып табылады. Облысқа Ресейден бензин бойынша импорт 65 пайыз шамасында, дизель отыны 35 пайызды құрайды.

Осыған байланысты келесі шаралар қарастырылды: өңірлік операторлар санын ұлғайту, мұнай өнімдерімен сауда жасаудың биржалық жүйесін құру, шетел тәжірибесін есепке ала отырып, болашақта мұнай өңдейтін шағын зауыттарды салуды қарастыру.



Тас көмір жеткізу нарығы. Қазіргі кезде облыста «Сарыарқа Энерджи» ЖШС «Жалын» кен орнынан көмір қазу жөніндегі жобаларды іске асыру, «Көкшоқы» кен орнынан (Солтүстік участок) көмір қазуды және «Дубовская-Соқыр» шахтасынан көмір қазу жүргізілуде. Бұл жоба олардың әрбірінің бір жақты әрекет етуі көмірдің ортақ жағдайына ықпал етеді.

Көмір нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында көмірдің биржалық сауда жүйесін құру қалыптастырған, бұл шаруашылық субъектілерінің өнімі жоқ орташа кәсіпорындардан көмір алуын болдырмайды.



Жеміс-жидек өнімдері . Облыста 47 жеміс сақтау қоймасы бар, олардың жалпы сыйымдылығы 43 мың тоннаны құрайды. Жеміс-жидек өнімдеріне бір жылдағы қажеттілік 175 мың тонна шамасында. Осыған байланысты қойма, складтар және жеміс-жидектер сақтауға бейімделген онда маусымаралық кезеңдегі қажеттілікті өтеуге арналған басқа пункттер салу қарастырылған. Бұл шаралар жеміс-жидек өнімдеріне бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.

Фармацевтикалық және медициналық өнім. Қарағанды облысында дәрі-дәрмектерді көтерме бағамен сатумен нарықтың 8 субъекті айналысады. Қарағанды облысында дәрі-дәрмек құралдары бар нарықтық 2 субъекті іске асырылады: «Фармация-2010» ЖШС мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС. Алайда, облыстың фармацевтикалық және медицина өніміне импортқа қарауы 94 пайызды құрайды. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек құралдарына қосымша өнім пайызы жоғары. соған сәйкес кәдімгі дәрілік заттарды өндіретін зауыттар салу мәселесін көтеру қарастырылған, оларға бағаның көтерілуі респираторлық сырқаттар кезеңінде (қыс-көктем айларында) білінеді.

Жалпыәлемдік экономикалық форум да бәсекеге қабілетті. Ғалами индекс рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсартуға ықпал ететін тұрақты түрде жергілікті бәсекеге қабілеттілікті дамыту бойынша шаралар қабылданады, яғни «жергілікті бәсекелестік интенстивтік» көрсеткіштерді жақсарту, оның ішінде ӘКК мен МЖӘ арқылы әкімшілік барьерлерді азайту жөніндегі шаралар мен бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау. Осы жұмыстың жүріп жатқаны туралы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігіне (монополияға қарсы агентік) ұсынылатын болады



Электр қуат нарығы. Осы нарықтың субъектілері санының қысқартылуы байқалады, өйткені 2008 жылы нарық субъектілерінің тізіліміндегі тиісті тауар нарығында (әрі қарай - Тізілім) 27 энергиямен қамту ұйымы тұрған, 2009 жылы 12 нарық субъектісі өз жұмысын тоқтатты. Бұл кезеңде тізілімде 15 энергиямен қамту ұйымдары бар. Нарықтан кетудің негізгі себебі субъектілердің өз ақпараттары бойынша: 1) электрмен қамту қызмет салаларының шығындануы, «KEGOC» АҚ өңірлік тасу ұйымдары мен энергия тасуға электр қуатын жеткізуге шарттар жоқ, орташа тәулік (базалық) қуаты 1 мегаваттан кем; 2) коммерциялық есептің автоматтандырылған жүйесінде ЭҚЖ жоқ ; 3) Сатып алынатын электр қуатын сатып алуға тарифтің өсуіне байланысты бағаның өсуін табиғи монополиялардың реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің аумақтық органы тарапынан бас тартуы себепті алдағы бағаның өсуіне хабарлауды ұсыну тәртібінің бұзылуы.

Салада бәсекеге қабілеттілікті дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар ретінде:

1. Электр тартатын және электр беретін ұйымдар қызмет көрсетулерге тарифтер жүйесін әзірлеу және бұл энергиямен қамту ұйымдары үшін тарифтерді енгізуге ықпал етеді, сонымен қатар электр беретін ұйымдар нормативтік техникалық шығындарды орнына келтіру.

2. ЭСО-ны қолжетімді деңгейде қамтамасыз ету, электрмен қамтумен айналысатын соңғы тұтынушы орта тәуліктік (базалық) қуатпен 1 мегаваттан кем электр қуатының көтерме нарығы энергия беретін көздерден энергия қуатын тікелей сатып алуға, бұл энергиямен қамтуға қызет көрсетулердің азаюына ықпал етеді. Соған әйкес «Электр энергиясы туралы» қолданыстағы заңнама мен электр энергиясы саласындағы қызметтерді реттеуге басқа да нормативтік актілер. Энергия беретін ұйымдар АСКУЭ - мен жарақтанулары керек.

3. ЭСО сменасын басқаға ауыстырғанда энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың уақытша қызеттерін кепілденген жеткізуші өзіне алады. Электр энергиясының бөлшектік нарықтағы кепілденген жеткізушілері үшін көтерме нарықтан электрэнергиясын сатып алуға, бөлшек тұтынушының электр қуатына реттелмеген бағасын құнын азайту ақсатында, баланстандырылған электр энергиясын провайдер қызметтерін кепілденген жетізшіге қосу жолмен жұмсауларды оңтайландыру жөніндегі ынталандыруларды құру қажет.

4.Электр энергетикасының инфрақұрылымдқ ұйымдары қызметтері туралы ЭСО ақпараттарын қамтамасыз ету, оның ішінде электр жүйесіне қосу үшін бос қуаттардың болуы туралы, инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы туралы ақпарат.



Өңірдің экологиялық мәселелері.

Қарағанды облысының дамыған өнеркәсібінің қоршаған ортаға жоғары антропогенді әрекет болып табылады. Экологиялық мәселелері тізілімінде 3 ұлттық және 9 локалды мәселе көрсетілген. Ұлттыққа жататындары:



  • Семей сынақ ядролық полигонын көп жыл пайдалану соңынан;

  • Қарағанды облысының қоршаған ортаға «Байқоңыр» кешені қызметіне зиянды ықпал ету әрекетін азайту мәселесі (ракета тасушылардың бірінші деңгейлерінің бөлінетін бөлігі құлайтын аудандар);

  • Балқаш көлінің экожүйесін қалпына келтіру және сақтау мәселесі.

Қарағанды облысының локалды экологиялық мәселелеріне жататындар:

  • Қарағанды қаласында қоқыс өңдіретін зауыт болмағандықтан қатты тұрмыс қалдықтарын жою мәселелері;

  • облыстың ауылдық елді мекендерінде қатты тұрмыс қалдықтарының проблемалары (ұйымдастырылмаған үйінділерді көму);

  • Көмір қазатын кәсіпорындарының бірқатарын жою нәтижесінде иесіз қалған және «қарағандышахталарын жою» РМСК аумағындағы шұрайландырылатындарға кірмеген бұзылған жерлерді шұрайландыру мәселесі;

  • зиянды қалдықтарды көму үшін полигонның болмауына байланысты зиянды қалдықтарды әкету және қауіпсіз сақтау мәселелері;

  • Қарағанды қаласының ағын суларын тазалау жөніндегі барлық кешенді тазалау ғимараттарының тиімсіздігі;

  • Шахтинск қаласының тазалау ғимараттарын қайта жөндеу;

  • Балқаш, Приозерск қалаларында тазалау ғимараттарының болмауы;

  • облыстың елді мекендерінде тазалау ғимараттары мен кәріз жүйесін қалпына келтіру және қайта жөндеу;

  • Қарағанды көмір бассейнінің көмір шахталарынан жоюға бөлінген газ метанын жою және пайдалану мәселелері.

Қарағанды облысы бойынша ауаға ластанған заттарды жалпы лақтыру көп, бірақ та соңғы жылдары ауаға ластанатын заттарды шығару көлемдері азаю бойынша оңтайлы динамика байқалады. Осылайша, ауаға шығатын ластандыратын заттар эмиссиясы 2004 жылы – 1465,2 мың тоннаны, 2005 жылы – 1415,4 мың тоннаны, 2006 жылы – 1303,2 мың тоннаны, 2007 жылы – 1265,9 мың тоннаны, 2008 жылы – 991,6 мың тоннаны, 2009 жылы – 687,7 мың тоннаны құрады. Оңтайлы динамика жаңа технологияларды енгізуге және облыс кәсіпорындарында табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына байланысты. Осылайша, 2009 жылы күкірт қышқылы өндірісі «Балқаш түрлі түсті металл» ПО, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС пайдалануда «БЦМ» ПО лақтырулар көлемдерінің 2004 жылы 752,8 мың тоннадан 2009 жылы 109,9 мың тоннаға дейін қысқаруына ықпал етті. Облыс бойынша жалпы лақтырулар көлемі 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 53 пайызға қысқарған.

Су ресурстарына келеңсіз ықпалды төмендету және су қоймаларының ластануының алдын-алу үшін қазіргі кезде жаңа конструктивтік қолдануды талап етіледі. Мәселені түбегейлі шешу келісушілік пен технологиялық, ұйымдасқан және экономикалық іс-шаралардың экологиялық аспектілерін оңтайландыру болып тұр, бұлар ағын суларды тазалау техникасын жетілдірумен тығыз байланысты.

Облыстың экологиялық мәселелерінің бірі болып қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ), әсіресе оларды жою мен өңдеу мәселелері болып табылады. Бүгінгі күні ҚТҚ жинақталған көлемі үйінділерге сұрыпталмай және өңделмей жөнелтіледі. Бірқатар жылдар бойы Қарағанды қаласында қоқыс өңдеу зауытының құрылысы мәселесін шешу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі шеңберінде қоқыс өңдеуші кешеннің жобасы (бұдан әрі – ҚӨК) испания технологиясы бойынша өнімділігі 200 мың тонна қоқыс іріктеуші таңдалды. 2010 жылы қоқыс өңдеуші зауыттың құрылысы үшін 6 га. жер алаңы, 19,4 га. полигонды орналастыру үшін жайластырылды.

Алматы қаласындағы «Қазмеханабор» мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік экология бірлестігі» ДГП институтымен ҚӨК құрылысына арналған жоба орындалды. Қазіргі заманғы жабдықтарды жеткізуге шарт жасау кезеңінде (алдын ала куны - 6 млрд. тенгеге жуык), жобаға сараптау өткізіп болған соң, бекітілген кестеге сәйкес ҚӨК құрылысы бойынша қаржыландыру ашылатын болады.

ҚӨК құрылысы және қосымша өндірістерді аяқтау қаржыландыру күнінен бастап 18 ай ішінде жоспарлануда, пайдалануға кешенді енгізу және жобалық қуатқа – келесі 4 айлардың ішінде енеді.

Жобаланатын өнідірістік қуатқа енгізуге дейін құрылыстың басындағы сәттен бастап жалпы мерзім 22 айды құрайды.

Жоғарыда көрсетілген жобаны қаржыландыру көздері болып тартатын жалға алған қаржаттар мен «Таза Дала» ЖШС құрылтайшысының қажаты болып табылады.

Қарағанды облысы үшін маңызды экологиялық мәселе өндірістің зиянды қалдықтарының жиналуы болып табылады, өйткені облыста 1,4 млрд. тоннадан астам қалдықтар жинақталған, оның ішінде жоғары қауіпті – 100 мың тонна. Жоғары улы және химиялық қауіпті қоқыстар мәселесін шешу бұл қалдықтарды көму мен залалсыздандыру үшін полигон құрылысы табылады. Қаржыландыру мәселесі анықталған жоқ және инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.



ҚТҚ көму. Қазіргі уақытта ҚТҚ көму қызметі бойынша Тізімде 14 субъект бар. Осы тауар айналысында көму нормативтеріне сәйкес белгілі елді-мекендерде полигондарды бекіту күшінде бәсекенің даму мүмкіншілігі жоқ, сонымен қатар табиғи монополисттерді ретту бойынша ҚР Агенттігінің стратегиялық жоспармен алдын ала ескерілген «Мемлекеттік тізімде монополисттердің салыстырмалы салмағын қысқарту» нысаналы индикатор көрсеткішін үлкейту мақсатында ҚТҚ көму бойынша қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді және табиғи монополия саласына тапсыруды немесе Үкіметпен бекітілген баға номенклатурасына кіргізуді болжамдайды. Қоқыс өңдіруші зауыт саласында құрылыс бойынша мемлекеттік – жеке серіктестіктер (әрі қарай МЖС) аясында жұмыстар жүргізілуде.

Туризм

Қарағанды облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Оның аумағында көшпенділердің көне саяси орталығы – қазақ ұлтының қауымдастығы мен бірлігін паш ететін қазақтың үш жүзінің өкілдері рулық таңбаларын (белгілері) ойып жазған Ұлытау (Ұлы тау) орналасқан.

Облыста туризмді дамытуға арналған барлық алғы шарттарға ие, бұл табиғи ландшафтар, 200 астам туристік мекемелер, 2000 астам тарихи және мәдени ескерткіштер, оның 1500 астамы мемлекеттің қорғауында. 25 ескерткіштің республикалық мәртебесі бар.

Облыста туризмді дамытудың негізгі бағыттары болып жағажай туризмі (Балқаш көлі), экологиялық туризм (Қарқаралы МҰТП, Кент, Қызыларай таулары), спорттық туризм (жаяу, тау туризмі), мәдени-танымдық туризм және іскерлік туризм.

2007 жылдан бастап туризм саласының дамуы Мемлекет Басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын және Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыруға негізделген.

Туризмді дамытуға кедергі келтіретін негізгі мәселелер мен себептерді табу мақсатында 2009 жылы Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 12 желтоқсандағы ХХІ сессиясының № 264 шешімімен бекітілген 2010-2011 жылға арналған облыста туризмді дамытудың шебер-жоспары қабылданды.


2004-2009 жылдарға арналған туризм көрсеткіштерін

дамыту динамикасы

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Туристік қызметтен көрсетілген қызметтер көлемі

млн.теңге

714,7

1 161,0

1 694,0

2 269,1

3 095,7

2 311,5

Шығу туизмінің көлемі

мың адам

12,0

14,3

18,9

22,7

23,8

19,2

Ішкі туризмнің көлемі


мың адам

83,5

132,9

161,7

180,1

201,2

218,1

Туристік іс-шаралардың саны

саны

68

122

157

163

188

203

Туристік саладағы өңірлік саясаттың аса маңызды міндеті болып кіру және ішкі туризмді дамыту табылады. Облыс аумағында туристік қызметпен шұғылданатын кәсіпорындар саны 2009 жылы 203 бірлікті құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 8% деңгейге жоғарыласа, 2004 жылмен салыстырғанда 67% құрады.

2004 жылдан бастап көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 69% ұлғайып, 2009 жылы 2311,5 млн теңгені құрады (2008 жылы – 3095,7 млн теңге).

2004 жылмен салыстырғанда кіру туризмінің көлемі 2008 жылы 50%-ға, ал 2009 жылы 38%-ға ұлғайып, 19 283 адамды құрады.

Өз кезегінде еліміздің ішінде саяхат жасап жүрген туристердің белсенділігі 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 59% ұлғайды (218,2 мың адам), ал 2009 жылы 62%-ға ұлғайып, 218,1 мың адамды құрады.

Облыстың туристік имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы алғаш рет «Қарағанды облысының туристік мүмкіншіліктері» тақырыбында облыстық туристік көрме өткізілді. Сонымен қатар, шетелде туристік өңір ретінде облысты танымал ету және туристерді тарту үшін халықаралық нарықта облыс әлеуетін насихаттау талап етілуде.

Бүгінгі таңда өңірлік индустриализациялық картаға «Балқаш-Нұрсая» халықаралық туристік-сауықтыру орталығының құрылысы» жобасын енгізу бойынша мәселе қаралуда.

Қазіргі кезде рекреациялық демалыс орталықтарының бірі – Қарқаралы ауданында 15-тен астам туристік обьектілер бар, 8 демалыс үйі, 5 қонақ үй, 10 сауықтыру лагерлері және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жұмыс жасайды. Табиғи парктің негізінде аудан әкімдігімен туризмді дамыту бойынша 3 басымды бағдарлама әзірленген.

Жүргізілген талдауға сәйкес өңірде туризмді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемаларды табуға болады:

- туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткілікті дамымауы (орналастыру нысандарына қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелердің материалдық базасын енгізе отырып, туристік нысандардағы сервистік қызмет көрсету мен туристік өнімдер сапасының төмендігімен, бағасының жоғарылығымен, материалдық-техникалық базасының дамымағандығымен сипатталады. Бүгінгі күні туризм масштабы, туристердің тұратын орнына ұсыныстар мен сапа түрлері халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді);



  • тартымды және бағалы экскурсиялық нысандарға және көркем ландшафтарға баратын автомобиль жолдарының нашарлығы, нәтижесінде өңірдің көптеген нысандарына ішкі бұқаралық көп күндік туризм үшін қол жетпейді;

  • туризмнің қызмет көрсететін секторларында кадрлардың жетіспеушілігінен туристер демалатын орындарда сервис деңгейінің төмендегі;

- Қарағанды облысының тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттардың аз танымалдылығы;

- облыста экологиялық және ауылдық туризмді дамыту үшін аудандарда жергілікті тұрғындар арасында білікті қызмет көрсету мамандарының жоқтығы (гид-аудармышалар, экскурсоводтар, қонақ қабылдау үйлері және аңшы үйлеріде, кемпингтерде қызмет көрсететін мамандар);

- жол бойындағы нысандардағы көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі;

- аймақтың шет елдердегі аз танымалдылығы. Облыста шығу туризмі басым дамуда, осыған байланысты кіретін туризмді дамыту үшін шетелде өңірдің туристік өнімдерін жылжыту бойынша іс-шараларды белсендіру және жүйелендіру қажеттілігі пайда болуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет