Автокөлік жолдары және көлік
Теміртау қаласының қалалық мәні бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 295 км болып табылады, оның ішінде:
-
асфальтты-бетонды жамылғысы бар – 259 км (87,8%);
-
қара жол – 36 км (12,2%);
-
көпірлер мен жол өтпелері – 1 дана.
Жолдардың тығыздығы жоғары, қала аумағының 1 шаршы метріне 983 м жол келеді (облыстағы екінші көрсеткіш).
2010 ж. Жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде ұзындығы 12,46 км қала көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары өтті, 2,2 км жол қала бюджетінің қаражаттарынан жөнделді. Жұмыстарды орындаудың жөндеу жұмыстары арасындағы мерзімдерді есепке ала отырып, қазіргі уақытта 228,8 км немесе 77,6% автокөлік жолдарында әр түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бірінші кезекте қаланың 20 көшесінің жөндеу жұмыстарын өткізу қажет.
01.01.2010 ж. жағдай бойынша қалада 8 автокөліктік кәсіпорын жұмыс істейді, олардың үлесіне 111 298,5 мың ж*км жолаушы айналымы (2008 ж. салыстырғанда 44,8%-ға артық) және 32889,7 мың т*км жүкайналымы (2008 ж. салыстырғанда 6 есе артық) тиеді.
Теміртау қаласында жолаушылар тасымалын ұйымдастырумен 8 негізгі кәсіпорын (тасымалдаушы) айналысады: «Дат-TS» ЖШС, «TTS» ЖШС, «Қала Көлiк» ЖШС, «Стэка» ӨК, ЖК Мусина Ж.Г., ЖК Тұнқатар Т.Қ., ЖК Голубничий А.Н., «ТАУ-Профи» ЖШС.
Қалада жолаушылар тасымалын 11 автобус маршруты мен 5 такси маршруты жүзеге асырады, бұл маршруттар бойынша күніне 95 автобус және 70 шағын автобус жүреді. Сонымен қатар, Ақтау поселкесі – Мұрза стансасы бағыты бойынша жолаушы және жүк тасымалы жүзеге асырылады.
Қалада автобус маршруттары бойынша күніне орта есеппен алғанда 68,5 мың адам тасымалданады. Жазғы уақытта, қалалық маршруттардан басқа саяжай бағыттары бойынша жүретін автобус маршруттары болады. Бұндай маршруттар бойынша маусым кезінде сыйымдылығы үлкен 12 автобус жұмыс күндері және 16 автобус демалыс күндері жүреді.
2006 ж. дейін жалпы ұзындығы 57,8 км 4 маршрутты қамтыған трамвай хабарламасы болған. Трамвай паркі мен жол желілері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншігінде тұр. Қаладағы көліктік хабарламаның бұл түрін сақтап қалу мақсатында 1995 ж. Қарағанды металлургиялық комбинат балансынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншігіне берілді. Бірақ, қазіргі уақытта трамвай жолдарының және вагон паркінің тозу деңгейі өте жоғары болып саналады.
Осыған байланысты, меншік иесінің жолдарды қалпына келтіруге және жөндеу жұмыстарын жөндеуге қаражаттары болмағандықтан, трамвай шаруашылығын түбегейлі оңтайластыруға тура келді. 2006 ж. басынан бастап меншік иесі ұзындығы 9,4 км 2 маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды тоқтатты және қысқартылған маршрут жолдарын жөндеу туралы шешім қабылдады.
Бұдан басқа тағы да маңызды мәселелер бар: жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудың болашақта даму жоспарын жасау; жолаушы көлігі дамуының тиімді кешенді сызбасын дайындау.
Байланыс
Қаладағы телефон стансаларының саны 8 АТС құрастырды, оларға «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсетеді. 2005, 2006 жж. телекоммуникация желілерін жаңартуға және дамыту баса назар аударылды. АТС-да жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мәліметтерді тасымалдаудың магистралды желісінің дамуы, NGN үлгісіндегі жаңа желінің салынуы, телекоммуникациялық инфрақұрылымның жаңартылуы нәтижесінде 2009 ж. IP технологиясына негізделген жаңа қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндік туды. Жекелей алып қарастырсақ, «Қазақтелеком» АҚ ID Phone телефониясының жаңа шешімдерін енгізе бастады. Теміртау қаласында 1104 ADSL порттары жөнделді. Одан басқа, кең тарапты Интернет желісі де едәуір дамыды. «Megaline» қызметін тұтынатын клиенттердің ішкі трафигінің тұрақты түрдегі жағымды өзгерісі байқалады.
«Казпочта» АҚ пошта байланысы қызметін көрсетеді. Пошта бөлімшелерінің желісі оңтайластырылған.
Телекоммуникация желілері дамуының негізгі міндеті болып келесілер табылады: байланыс қызметтері саласындағы нарықтық қатынастардың одан әрі дамуы; қолданыстағы телекоммуникация жүйесін жетілдіру; қалалық және қалааралық желілерді оңтайластыру және оларды 100% деңгейінде сандық форматқа ауыстыру.
Ауылдық елді мекендердегі пошта байланысы бөлімшелерін техникалық жағынан нығайту мақсатында 2011-2015 жж. «Казпочта» АҚ қаражаттары есебінен ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Электрмен және жылумен қамтамасыз ету
Тұрғындарды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қалада меншік энергия көздері бар: «Аrcelor Mittal Temirtau» АҚ ЖЭО-2 және «Bassel Group LLS» ЖШС КарГРЭС-1. Қаланың барлық жылу желілері «Оқжетпес» ЖШС меншігінде болып табылады, бұл кәсіпорын 01.07.1998 ж. бастап қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. ЖЭО-2 1973 ж. іске қосылған. Стансаның бекітілген электр қуаты – 435 МВт, мүмкін қуаты – 379 МВт; бекітілген жылу қуаты – 1012 Гкал, ал мүмкін қуаты – 812 Гкал.
ЖЭО-2-де қуаттылығы 420 т. бу/сағ болатын 6 ТП-81 энергетикалық қазан, 3 Т-100-130 турбогенераторы, 1 ПТ-135-130/15 турбогенераторы орнатылған.
ЖЭО-2 даму бағдарламасы 2 бағыттан тұрады: күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және тозған құрылғыларды жаңаларына ауыстыру арқылы орнатылған құрылғыларды жұмысқа жарамды қалыпта ұстау; қуаттылығы 420 т/сағ 2 газ қазандарын және қуаттылығы N-185 МВт 1 турбогенераторды жөндеу, бұл жылу және электр энергиясының өсіміне жеткізеді (137 Гкал/сағ, 150 МВт/сағ).
КарГРЭС-1 1942 ж. құрылды. Электр стансасы құрама режимде жұмыс жасайды, яғни ол турбиналардан электр энергиясын да, жылу энергиясын да шығарады. Бекітілген электр қуаты – 108 МВт, мүмкін қуаты – 83 МВт, нақты қуаты – 80 МВт; мүмкін жылу қуаты – 35 Гкал, қосылған жылу қуаты – 25 Гкал. Қолданыстағы негізгі құрылғылар құрамына келесі агрегаттар кіреді: 3 қазандық агрегат ПК-10 (№ 9,10 ,11), 2 турбогенератор Т-42-90/2,5 (№8, 9) және 2 турбогенератор Р 12-90/8-13 (№4, 6).
Бу температурасы 510 град болған жағдайдағы бу өнімділігі 250 т/сағ жаңа қазан (№8 ст. баланстан шығарылған қазан ұяшығына) орнату және қуаттылығы 50 МВт ТП 50 типіндегі жаңа турбина (қазіргі Р 25-90/8-13 типіндегі №7 турбинаның орнына) орнату арқылы КарГРЭС-1-дің өндірістік қуаттылығын 50 МВт-қа арттыру жоспарланып отыр.
Ақтау поселкесіндегі 9 бюджеттік мекеме және 12 көпқабатты үйлер үшін 16 АЖЖ жұмыс жасайды. Оның 8 – көпқабатты секторда, ал қалған 8 – бюджеттік мекемелер бойынша, су жылытқыш қазандары бар – 29, оның 14 – тұрғын үйлерде, ал 15 – бюджетте.
Қаланың көпқабатты үйлерінде орталықтандырылған жылытумен қамтамасыз ету 100% деңгейінде, ал жеке үйлерде – 17,3%.
Қалада 2009 ж. 5544,7 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, бұл 2004 ж. салыстырғанда 5,9%-ға аз (2004 ж. – 5888,1 Гкал) болып табылады. Жалпы жылу энергиясы шығындары 361,9 мың Гкал-дан 1152 мың Гкал-ға дейін (немесе 218,3%), бұл жылу энергиясы жүйесіндегі шығындардың едәуір өскендігін көрсетеді.
Қаладағы электр энергиясы өндірісі 2004 ж. бастап 2009 ж. аралығында 13,6%-ға қысқарды және 2009 ж. қорытындысы бойынша 3746796,8 мың кВт*сағ. болды. Бұл кезде электр энергиясын тұтыну 2009 ж. 4908996,8 мың кВт*сағ. болды. Келтірілген мәліметтерден көріп отырғандай, қаланың энергожүйесі тапшы болып табылады: жеке өндіріс электр энергиясын тұтынудың 76,3% ғана өтейді.
Сонымен қатар, энергия Екібастұз ГРЭС-1 және Топар ГРЭС-2 келеді және ол 23,7% құрайды. Орташа есеппен алғанда 2 стансадан 130 МВт/сағ энергия келеді: 40 МВт – тұрғын үй қорына беріледі, 90 МВт – «АрселорМиттал Темиртау» АҚ қажеттіліктеріне беріледі.
Теміртау қаласындағы электр желілерінің ұзындығы – 1208,458 км, оның 1194,74 км – жеке меншікте, 13,718 км – коммуналдық меншікте, ТП және КТП жалпы саны - 269 дана, оның ішінде 46 – коммуналдық меншікте, 223 дана – жеке меншікте. Тұтынушылардың негізгі бөлігі 110/10кВ «Южная», «Западная», «Северная», «КазМеталлургСтрой», «Промбаза» және 35/6 кВ N 9 «Карбид» сияқты жеке трансформаторлық аралық бекеттер есебінен қамтамасыз етіледі. Қаланың электр желілерінің сипаттамасы келесідей болып көрінеді: 0,4кВ әуе желілері – 46,72 км, 0,4 кВ кабельді желілер – 348,5 км, 6-10кВ әуе желілері - 181,32 км, 6-10кВ кабельді желілер - 362,2 км, 35 кВ әуе желілері – 13,6 км, 35 кВ кабельді желілер – 87,4 км, 110 кВ әуе желілері – 34,1 км, 110 кВ кабельді желілер– 134,6 кВ, бір трансформаторлы ТП и КТП 6/10/0,4 кВ – 61 дана, екі трансформаторлы ТП и КТП 6/10/0,4 кВ – 183 дана, РП 6-20 кВ күш трансформаторлары – 19 дана.
6-10-0,4кВ трансформаторлық аралық бекеттердің қуаты 250-400-630кВА. ТП-ғы трансформаторлардың жалпы қуаты – 124 тыс. кВА. Қаланың электр энергиясымен қамтамасыз етілуі 100% құрастырады. Бірақ, қолданыстағы трансформаторлық аралық бекеттердің, 6-10-0,4кВ таратушы және қамтамасыз етуші әуе және кабельді желілердің басым көпшілігі тозған. 0,4 кВ электр тасымалдау желілерінің тозу дәрежесі - 75%, 6-10кВ – 70%, 35 кВ – 60%, 110 кВ – 50%, нормативті техникалық шығындар – 11,2%. 2011-2015 жж. аралығында «Оқжетпес» ЖШС қаражаттары есебінен ТП ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, сымдар мен кабельдерді, көше жарықтарын ауыстыру жоспарланып отыр.
Үздіксіз электрмен қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында 2014 ж. 70 орамда 2 жаңа трансформатор орнату, Ескі қаланың және Оң жағалаудың 37 км жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл іс-шаралар жеткізілетін электр энергиясы сапасын жақсартуға, электр энергиясының желілердегі нормативті шығынын 50%-ға дейін азайтуға, 200 МВт қосымша қуаттарды жалғауға (оның ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының, әлеуметтік-тұрмыстық объектілердің және тұрғын үйлердің) мүмкіндік береді.
Ақтау поселкесінің тұрғындарын «Қазақстан» ЖШС электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Электр тасымалдау желілерінің ұзындығы 42,2 км, оның ішінде: 0,4 кВ әуе желілері – 37,4 км, 0,4 кВ кабельді желілер – 4,8 км.
Сумен қамтамасыз ету және су өткізу
Су құбырлары желілерінің жұмысын Теміртау қаласындағы «АКВА-Трейдинг» ЖШС, «Окжетпес» ЖШС және Ақтау поселкесіндегі «Актау-Су» ЖШС қамтамасыз етеді.
Коммуналдық қызметтер нарығында «АКВА-Трейдинг» ЖШС-нің меншіктік баланста су шаруашылығы инфрақұрылымы бар: тәулігіне 11460 м3 су алу үшін 8 ұңғыма, 11 км магистральды су өткелі, оперативті штат персоналыжәне мамандандырылған техника бар.
Суды алу, оны тұтынушыларға жеткізу және таратудың осыған ұқсас сызбасы Ақтау поселкесінде де жұмыс істейді. Қала және поселке тұратын халық саны 176613 адамды құрастырады, оның 9584 адамы Ақтау поселкесінде тұрады. Теміртау қаласы тұрғындарының 90,4% және Ақтау поселкесі тұрғындарының 93% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, ал қалғандары құдықтар мен колонкалардағы суды пайдаланады. Су құбырлары желілерінің ұзындығы 345,85 км құрайды, оның ішінде 251,7 км - жеке меншікте, ал 94,173 км – коммуналдық меншікте, желілердің тозу дәрежесі 70% құрастырады.
2009 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көше желілерінің тозу дәрежесі 85% асып кеткен. «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 2007-2009 жж. Восточная көшесі бойындағы ұзындығы 2,1 км, Бейбітшілік даңғылы бойындағы ұзындығы 3,0 км және Ақтау п. ұзындығы 6,1 км (екінші кезек) сумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2008 ж. «Қ.Сәтпаев ат. каналдан бастап Теміртау қаласына дейін су бөгеті және тазартқыш құрылғыларымен бірге су өткелін салу», «Әлеуметтік қаланы және АБВ орамын сумен қамтамасыз ету желілерін салу» және «Әлеуметтік қаланың шаруашылық-фекалды кәріз желісін салу» нысандары бойынша технико-экономикалық негіз дайындалды.
2009 ж. «Әлеуметтік қаланы және АБВ орамын сумен қамтамасыз ету желілерін салу» нысаны бойынша технико-экономикалық негіз дайындалды. Сумен қамтамасыз ету желілерін салу жұмыстары 2011 ж. басталмақшы.
Кәріз желілерінің қызмет етуі келесі сипаттамалармен анықталады. Ағын сулардың нақты өтуі 2004-2009 жж. аралығында 7071,8 мың м3-ден 58514,8 мың м3қа дейін өсті (өсім – 727,4%), судың тазартқыш құрылғылардан нақты өткен мөлшері 2009 ж. 34472,2 мың м3 болды (2004 ж. – 232 мың м3). Тазартқыш құрылғылардан өткен барлық ағындар нормативті түрде тазартылған болып саналады. Қаланың кәріз желілерінің қуаты өткен жылда едәуір шамада - тәулігіне 4,3 мың куб метрден тәулігіне 690,3 мың куб метрге дейін өсті, бірақ, оған қарамастан бұл су құбырлары қуатының тек 19,8% құрайды. Кәріз желілерінің ұзындығы 294,228 км, оның ішінде: 238,573 км – жеке меншікте, 55,655 км – коммуналдық меншікте, тозу дәрежесі - 80%.
Кәріз желілері бойынша қызмет көрсету жұмыстарымен «Окжетпес» ЖШС, «АКВА-Трейдинг» ЖШС айналысады. Желілердің кейбір бөлігі коммуналдық меншікте тұр. Су өткізу жүйесінің біршама объектілері, сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету объектілері де 20 жыл бұрын салынған немесе күрделі жөнделген. Кәріз желілерінің жалпы тозу дәрежесі ағымдағы жағдай бойынша келесідей: «Окжетпес» ЖШС – 95%, «АКВА-Трейдинг» ЖШС – 83%, коммуналдық – 89,3%. Желілердің 80%-дан астам бөлігі күрделі жөндеу жұмыстарын немесе толықтай ауыстыруды қажет етеді.
Газбен қамтамасыз ету
Қалада баллонды газды және сұйытылған газды өткізумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар бар. Олардың қатарына: «Темир-Газ» ЖШС, УГХ «Газойл» ЖШС, ЖК Даирбеков, УГХ Карагандаоблгаз ЖШС, «Алемгаз» ЖШС, «Шебергаз» ЖШС, УГХ «Газ-Автосервис» ЖШС жатады.
Бұл кәсіпорындардың бір айда өткізген сұйытылған газ көлемі 227,806 тоннаға тең, оның ішінде халыққа өткізгені – 106,878 тонна. Ең ірі жеткізуші болып «Темир-Газ» ЖШС табылады (өткізілетін газдың 65% үлесіне тиеді).
1 адамға шаққанда газды тұтыну нормасының бекітілген мөлшері 8 кг құрастырады, сұйытылған газдың өткізу бағасы – 1 кг-ға 71 теңге, ал «Карагандагазсбыт» ЖШС-нің 19.08.2005 ж. №7 Бұйрығына сәйкес есептеу құралы бойынша төлем кезінде есептегіш құралдың 1 бірлік көрсеткішіне ауыстыру коэффициентімен (3,8) бірге есептегенде баға 270 теңге болып шығады.
Қалада 159 ГТҚ тіркелген, оның ішінде: 77 ГТҚ – коммуналдық меншікте, 82 ГТҚ – жеке меншікте (21 ГТҚ – «Алемгаз» ЖШС, 61 ГТҚ – «Темиргаз» ЖШС).
Қала тұрғындарын газбен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Газ таратушы құрылғыларға қосылған көпқабатты үйлердің жалпы саны – 866 (159 ГТҚ), оның ішінде жұмыс істеп тұрған 19 ГТҚ тек 87 көпқабатты үйлердің тұрғындарын газбен қамтамасыз етеді, бұл құрылғыларға «Темир-Газ» ЖШС газ жеткізеді. Есептеу құралдары 3827 пәтерде орнатылған. ГТҚ-дың тозу дәрежесінің тым жоғары болуына байланысты 140 ГТҚ пайдалануға жарамайды. Жұмыс істемейтін ГТҚ-ды қалпына келтіру үшін бюджеттен тыс қаражаттарды тарту керек, қажетті көлемі 280 млн. теңге болып табылады.
Тұрғын үй секторы
Тұрғын үй қоры 1152 үйден құралған, оның ішінде: 1 қабатты – 1 үй; 2 қабатты – 160 үй; 3 қабатты – 46 үй; 4 қабатты – 99 үй; 5 қабатты – 563 үй; 6 қабатты – 21 үй; 7 қабатты – 1 үй; 8 қабатты – 2 үй; 9 қабатты – 218 үй; 10 қабатты – 30 үй; 12 қабатты – 11 үй; жеке бір қабатты құрылыстар – 5500 үй.
Теміртау қаласындағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 3,12 млн. шаршы метрді құрайды. Ақтау поселкесіндегі тұрғын үй қорының жалпы ауданы 0,19 млн. шаршы метр, бұл 41 көпқабатты үйді құрайды, оның ішінде: 13 үй – 5 қабатты, 1 үй – 4 қабатты және 27 үй – 2 қабатты, 1 қабатты құрылыстар – 1010 үй.
Теміртау қаласында 16 бос қалған үйлер бар, ал Ақтау поселкесінде – 13, оның ішінде: 5 қабатты – 23 үй, 9 қабатты – 6 үй бар. Жалпы ауданы – 148152м2. Үйлерді кешенді тексеру нәтижесі бойынша бұзу және қалпына келтіру жоспары дайындалады.
Меншік түрі бойынша Теміртау қаласының тұрғын үй қоры қолданыстағы заңнамаға сәйкес 93 % - жеке тұрғын үй қорынан (2,38 млн. шаршы м) және 7 % - мемлекеттік тұрғын үй қорынан (0,18 млн. шаршы м) тұрады.
Қазіргі кезде Теміртау қаласының тұрғын үй қорын 82 ПИК (пәтер иелерінің кондоминиумы) және 328 үй комитеті басқарады, ондағы үйлер саны – 1152 үй. 3 үйге (жалға берілетін) КГП қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, қала 13 ҚЖӨБО-не (қоғамдық жергілікті өзін-өзі басқару округіне) бөлінген.
Тұрғындардың кондоминиум ұстауға жинайтын ақша көлемі қажет етілетін жөндеу жұмыстарының (үй ішіндегі коммуникацияларды күрделі жөндеу) тек 10% ғана қамтамасыз етеді.
Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін тұрғын үй қорының жалпы аумағы 2,7 млн. шаршы метрді (1004 үй) құрайды. 2011 ж. қарай тұрғын үй инспекциясының қарауына енген қала үйлерінің тізімі жасалды. Бұл тізімге 30 үй енді, оның ішінде: 2 қабатты – 2 үй; 3 қабатты – 2 үй; 4 қабатты - 13 үй, 5 қабатты – 11 үй; 9 қабатты – 2 үй. Жалпы ауданы 125596 м2 құрастырады.
Қазіргі таңда 1152 тұрғын үй кондоминиум объектілері ретінде тіркелген.
Тұрғын үй қорының инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілуі келесідей сипатқа ие: су құбырымен – 90,4%, кәріз жүйесімен – 86,8%, орталықтандырылған жылытумен – көпқабатты үйлердің 100%, ал жеке сектордағы үйлердің 17,3% қамтамасыз етілген.
Қаланың 178 үйінде 302 лифт бар. Қолданыста тек 98 лифт, оның 24-і 2005 ж. орнатылған және коммуналдық меншікте болып саналады. Лифттерді коммуналдық меншікке тапсыру механизмі жасалып жатыр.
Коммуналдық кәсіпорындар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізгі қорларының иелері сияқты, негізгі қорларды жөндеу және жаңғырту бағдарламаларын жүргізу үшін қаржылық қаражаттарды қажет етеді.
Қазіргі уақытта Теміртау қаласы және Ақтау поселкесі бойынша әлеуметтік қорғаудағы халық топтарынан 935 отбасы коммуналдық тұрғын үйді қажет етеді, олардың 596 – қала бойынша әлеуметтік кезекте, ал 295 – бюджеттік кезекте тұр. Ақтау поселкесі бойынша 30 отбасы - әлеуметтік кезек бойынша, 14 отбасы – бюджеттік кезек бойынша коммуналдық тұрғын үйді қажет етеді. Әлеуметтік қорғалған халық топтарын жақсы жабдықталған үйлермен қамтамасыз ету үшін 211 пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, бұл пәтерлер сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке берілген.
Бұдан басқа, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2008 ж. 20 пәтерлі 1 ипотекалық үй, 24 пәтерлі 1 жалға берілетін үй салынды. 2009 ж. жалға берілетін үйдегі 18 үш бөлмелі пәтер жалға берілді.
Мемлекеттік қорды сақтау мақсатында 2010 ж. Тәуелсіздік бульвары, Металлургтер даңғылы, Республика даңғылы бойындағы 44 үйдің алдыңғы жақтары жөнделді, сонымен қатар, Тәуелсіздік бульвары бойындағы 12 үйдің балкондарын шынымен жабу бойынша толық көлемде жұмыстар жүргізілді.
Жайластыру
Қарастырылып отырған кезеңде, яғни 2004 ж. бастап 2009 ж. аралығында қалада жайластырудың барлық көрсеткіштері бойынша өсім байқалады.
2009 ж. шамдар орнатудағы қажеттіліктер 64,6% деңгейінде қанағаттандырылды (6916 жарық нүктелері), бұл 2004 ж. деңгейден 22,3%-ға (4530 жарық нүктелеріне) артық болып табылады. Қала аумағында 2386 жаңа жарық көздері орнатылды, базалық жылмен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе артты. Жарық көздерінің басым бөлігі 2006 ж. және 2008 ж. орнатылған – 1178 және 944 сәйкесінше.
Қоқыс контейнерлерін орнатудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі, қарастырылып отырған кезеңде, 11,4%-ға (260 дана) артып, 2009 ж. 81,2% (2280 дана) құрастырды. Контейнерлер бюджеттен тыс қаражаттар есебінен орнатылды.
Жасыл желекпен қамтамасыз ету деңгейі нормативті қажеттіліктің 34,4% деңгейінде (960 мың шаршы м) болды. 2004 ж. салыстырғанда (767 мың шаршы м) бұл көрсеткіш 20%-ға артқанын көруге болады. Қаланың 1 шаршы метр аумағына 0,003 шаршы метр жасыл желек аумағы келеді, 1 адамға бұл көрсеткіш 5,4 шаршы метр шамасында болады, ал аймақтық дамудың ғылыми-зерттеу институты ұсынған жасыл желек нормасы бойынша 1 адамға 15,8 шаршы метр аумағында жасыл желек отырғызылуы қажет.
Соңғы үш жылда отырғызылған жасыл желектер мен ағаштарды жыл сайын суару жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қала аумағын жақсарту мақсатында ағаштардың ұшар бастары қиылады және басқа қалыпқа келтіріледі, өсімдіктер қиылады, газондар тегістеледі. Көгалдандыру және жайластыру бойынша іс-шараларын қаржыландыруға қажетті қаражат көлемі 2009 ж. 24 млн. теңгені құрастырды, бұл 2004 ж. деңгейден 17,7 млн. теңгеге артық болып табылады.
Жалпы тенденция бойынша қала аумағын қалпына келтіру және жақсарту бойынша жұмыстарды қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде.
«Менің аулам» бағдарламасы бойынша 2007 ж. балаларға арналған 65 ойын алаңдарында ШАФ (шағын архитектуралық формалар) орнатуға 74,9 млн. теңге бөлінді, ал 2008 ж. балаларға арналған 26 алаңда ШАФ орнату үшін 34 млн. теңге іске асырылды, осының нәтижесінде бюджеттік қаражаттар есебінен жақсартылған аулалар саны 91 болды.
Сонымен қатар, қосымша тартылған қаражаттар есебінен, қарастырылып отырған кезеңде, 202 аула жайластырылды. Бұл бағдарлама бойынша жалпы саны 293 аула жайластырылды.
Жыл сайын күзгі-көктемгі кезеңде қаланы санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде ұзындығы 10,8 км нөсер жүйесін және 240 құдықты тазарту бойынша, нөсер жүйелерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар, бұл шаралар автокөлік жолдарынан және жаяу жүру тротуарларынан жаңбыр суларының жылдам ағып кетуіне қолайлы жағдай жасайды.
Заңсыз қоқыс үйінділерін жинау, автокөлік жолдарын суару, кәріз люктерінің қақпақтарын ауыстыру және жаңадан орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2009 ж. санитарлық тазалау бойынша іс-шараларға 9 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Қаланың архитектуралық келбетін және тартымдылығын жақсарту мақсатында 2011-2013 жж. 8 фонтан салу және жаңғырту жоспарланып отыр.
Аумақтық-кеңістіктік даму
Теміртау қаласы Қарағанды қаласымен бірге Қарағанды қала агломерациясының (ҚҚА) ошағына енеді.
Бұл ошақ халық тығыздығы 1 шаршы метрге 707,6 адамнан келетін Қарағанды қала агломерациясының жоғары урбандалған зонасы болып табылады.
Қала Қарағанды-Астана өсі осінде орналасқан, облыстың жартылай магистральды көлік жолдарын республиканың солтүстігі мен оңтүстігімен ғана емес, сонымен қатар, Қытай және Ресеймен де байланыстыратын өнеркәсіптік-көліктік түйілістің бір бөлігі болып табылады.
Агломерация ошағындағы автокөлік жолдарының және темір жолдың тығыздығы ең үлкен болып саналады, бұл бизнестің экономикалық белсенділігіне қажетті қолайлы инфрақұрылымдық жағдайлар туғызады.
Қарағанды және Теміртау қалаларының аумақтық жақындығы бірыңғай жергілікті еңбек нарығын қалыптастырады, бұл көші-қон есебінен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың дамуы
Техникалық жабдықтау. Қарағанды облысының 2006-2010 жж. «электронды үкімет» құру Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Теміртау қаласының мемлекеттік мекемелері компьютерлік техникамен, серверлік құрылғылармен жабдықталды, жергілікті есептегіш желілерді жасауға баса назар аударылды. Серверлік құралдарға, жергілікті есептегіш желілерге, серверлік бөлмелерді жабдықтауға көп көніл бөлінді.
Қаланы басқару органдарын компьютерлік техникамен жабдықтау деңгейі 100% құрастырды; орташа өткізу қабілеті 128-256 kb/s арналарда Интернет желісіне шығу мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Байланыс арналары. Қарағанды облысының 2006-2010 жж. «электронды үкімет» құру Бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Казахтелеком» АҚ қатысуымен Теміртау қаласын бірыңғай көлік желісіне (БКЖ) қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстың БКЖ-не қалалық бюджет есебінен қаржыландырылатын 6 мемлекеттік мекеме қосылған.
Қалада жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер. Қазіргі кезде Теміртау қаласының мемлекеттік мекемелерінде келесі ақпараттық жүйелер қызмет жасайды:
-
электронды құжат айналымы жүйесі (жүйені пайдаланушылар саны 42);
-
персоналды басқару жүйесі (жүйені пайдаланушылар саны 7);
-
жергілікті бюджеттерді атқарудың «Қаржы үйі» атты қаржылық мониторингісі (1 пайдаланушы);
-
халық тұтынатын әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының мониторингісі (1 пайдаланушы);
-
сайлаушылар тізімін қалыптастыру (1 пайдаланушы).
Жоғарыда көрсетілген жүйелерден басқа 2007 ж. бастап Теміртау қаласының әкім аппаратының ресми сайты жұмыс жасайды.
е-үкіметтің негізгі құрамдарын пайдалану. Қаланың ЖАО (жергілікті атқару органдары) деңгейінде жұмыс жасалынатын е-үкіметтің негізгі құрамдары болып табылады:
-
«Адрестік регистр» мемлекеттік ақпараттық жүйе.
-
Қоғамдық қол жетімділік пункттері.
Электронды құжатайналымы жүйесі (одан әрі - ЭҚЖ) Теміртау қаласының 12 мемлекеттік мекемесінде енгізілді.
«Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі» (одан әрі - АР АЖ) жобасы аясында 2007 ж. АР АЖ-н бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің адрестерін түгендеу жұмыстары өткізілді. АР АЖ-нің мәліметтер базасына адрестердің 100% енгізілді.
Мемлекеттік «электронды үкімет» қалыптастыру бағдарламасын орындау барысында Қазақстан Республикасында қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі құрылды. Қалада 8 қоғамдық қол жетімділік пункттері жұмыс жасайды, олар қаладағы ХҚО-да (халыққа қызмет көрсету орталықтары), әкімшіліктерде, ТКШБ-да (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы), кітапханаларда орналасқан.
Бұдан басқа, 2007-2008 жж. аралығында қалада «Қазақстан Республикасындағы 2007-2009 жж. ақпараттық теңсіздікті азайту» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асты. Халықтың әр түрлі топтары ақысыз түрде оқытылатын 2 компьютерлік сынып ашылды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қаланың политехникалық колледжінде курстардан өтті, қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттарынан болды. Барлығы 2512 адам оқытылды, оның ішінде Республикалық бағдарлама бойынша – 313 мемлекеттік қызметкер.
Достарыңызбен бөлісу: |