БАҒдарламасы қарағанды мазмұны №



бет4/20
Дата04.03.2016
өлшемі2.51 Mb.
#41413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Машина жасау

Бұл сала бойынша қалада «Техол» ӨТЗ ЖШС (Өнеркәсіптік тоңазытқыштар зауыты) кәсіпорны жұмыс жасайды. Зауыттың өнеркәсіптік кешені 1991 жылы жоба бойынша және «Фексима» фирмасының қатысуымен салынды және қазіргі таңда алдыңғы қатарлы еуропалық фирмалардың технологиялық линияларымен жабдықталған қазіргі заман талабына сай кәсіпорын болып табылады. Өндірістік қуаты жылына 10000 тонна металл конструкциялары, 50000 м2 «Сэндвич» панельдері, пенополиуретаннан жасалған жылытқышпен бірге, 40000 м2 «Сэндвич» панельдері, минералды мақтадан жасалған жылытқышпен бірге, оның ішінде базальт негізінде, 10000 тонна профильдендірілген болат табағы. Шығарылатын өнім түрлері: жеңіл металл конструкцияларынан жасалған көп мақсатқа арналған қойма, өнеркәсіп және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар; модульді типті өнеркәсіптік тоңазытқыштар; көкөніс қоймалары; «Сэндвич» панельдері.

2005-2009 жж. кезеңде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3041,1 млн. теңгені құрастырды.

2009 жылы өндіріс көлемі 188,2 млн. теңгені құрастырды немесе 2008 жылға қарағанда 62,6% болды (300,6 млн. теңге). Металл конструкциялары 2,1 мың тонна көлемінде шығарылды немесе 2008 ж. қарағанда 16,2%-ға азайды, жапқыш панельдер 1,4 мың тонна көлемінде немесе 2008 ж. қарағанда 0,3 мың тоннаға аз көлемде шығарылды. Өндіріс көлемінің азаюы өнімді өткізу нарығының азаюына байланысты.


Электр энергиясын, жылу энергиясын және суды үлестіру саласында келесі кәсіпорындар қызмет атқарады: «Окжетпес» ЖШС, «Горсвет» ЖШС, «Темиртау-Куат» ЖШС. Қаланың елді мекендерін электрмен қамтамасыз етуді «Ваssel Group LLS» ЖШС жүзеге асырады.

2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде өндіріс көлемі 2913,1 млн. теңгеден 7193,3 млн. теңгеге дейін немесе 2,5 есе өсті. 2009 ж. электр энергиясын өндіру 2961 млн. кВт*сағ болды, бұл 2008 ж. қарағанда 106,1 % құрастырды. 2009 ж. суды өндіру бойынша 2008 ж. қарағанда екі кәсіпорында арту байқалды, өсім 0,5% құрастырды.

Бұл салада жұмыс істейтіндердің саны 3,9%-ға артты, бұл, өз кезегінде, еңбек өнімділігінің артуына әкеліп соқты.
Электр энергиясын, жылу энергиясын және суды үлестіру бойынша негізгі көрсеткіштер

Кесте 20

Көрсеткіш

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Электр энергиясын, газды және суды үлестіру өндірісінің көлемі, млн. теңге

2913,1

4072,6

5170,5

6315,4

7193,3

Еңбек ақы қоры, мың теңге

356230

475195,2

587900

676141

715238,4

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

1392

1544

1632

1495

1448

Еңбек өнімділігі, млн. теңге

2092,7

2637,7

3168,2

4224,3

4967,7

2005 жылдың желтоқсан айында жұмыс істеп тұрған КарГРЭС кәсіпорнының базасында «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының құрамына кіретін «Bassel Group LLS» ЖШС кәсіпорны құрылды. Сатып алған кезде станцияның негізгі және қосымша құрылғылары апатты жағдайда болған. 2006-2009 жж. 1942 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жағдай 2007-2009 жж. жылыту маусымында тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және қуатты 40 МВт 80 МВт дейін арттыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, осы кезеңде 434 млн. теңгеге негізгі қаражаттар сатып алынды.


«Bassel Group LLS» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 21

Көрсеткіш

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн.теңге

96

633

831

1457

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

592

635

450

394

Еңбек ақы қоры, мың теңге

211337

275010

247818

261439

Еңбек өнімділігі, мың теңге

162,2

996,8

1846,6

3697,9

2006 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы өндіріс көлемі қазіргі бағамен есептегенде 96,0 млн. теңгеден 1457,0 млн. теңгеге дейін артты. 2009 ж. осы саладағы жұмысшылар саны 394 адам болды, бұл 2005 ж. салыстырғанда 33,4 %-ға аз болып табылады. Қарастырылып отырған кезеңде өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақы қорының 211337 мың теңгеден 261439 мың теңгеге дейін өскендігі байқалады. Еңбек өнімділігі 2005 жылғы 1,9 млн. теңгеден 4,0 млн. теңгеге дейін өсті.

2009ж. «Bassel Group LLS» ЖШС 467,5 млн. теңге көлемінде инвестицияны іске асырды, бұл 2008 ж. қарағанда 274,5% құрастырды (2008ж.-170,3 млн.теңге). Инвестициялар негізгі және қосымша құралдарды жөндеуге, ғимараттар мен құрылыстарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталды.

2011 жылы негізгі құрылғылардың бос тұрып қалуын қысқарту есебінен электр энергиясының берілуін 6%-ға арттыру жоспарланған.

Бос жұмыс оырндарын 100 % жабу жоспарланған, жұмысшылардың тізімдік саны 2011 ж. 391 адамды құрастырды. Сондай-ақ, алдыңғы жылға қарағанда еңбек ақы қорын 8%-ға арттыру жоспарға алынды.

25 млн. теңге көлемінде негізгі құралдар сатып алу, 452 млн. теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Окжетпес» ЖШС 1998 ж. шілде айынан бастап қызмет жасайды. Құрылтайшысы болып «АрселорМиттал Темиртау» АҚ табылады. Негізгі қызмет түрі: коммуналдық қызмет (жылу энергиясы, суық су, кәріз ағындарын өткізу, электр энергиясы) көрсету. Кәсіпорын балансында 425832 м.п. жылу желілері бар. 1998 ж. бастап 2010 ж. аралығында 240150 м.п. жылу желілері (жылу желілерінің жалпы ұзындығының 56,4%), 46677 м.п. су құбырлары желісі (су құбырлары желісінің жалпы ұзындығының 18,5 %), 166554 м.п. электр желісі (электр желілерінің жалпы ұзындығының 13,9%) және 3332 м.п. кәріз желісі (кәріз желілерінің жалпы ұзындығының 1,4 %) ауыстырылды.
«Окжетпес» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 22

Көрсеткіш

2006

2007

2008

2009

Көрсеткіш

Өндіріс (жұмыс, қызмет) көлемі, млн. теңге

1476,0

1571,0

1736,0

1947,0

2168,0

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

502

516

494

523

559

Еңбек ақы қоры, мың теңге

13418

159979

175588

236136

267271

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2940,2

3044,5

3514,2

3722,8

3878,4

2006-2009 жж. аралығында өндіріс көлемі қазіргі бағамен есептегенде 1476,0 млн. теңгеден 2168,0 млн. теңгеге дейін өсті. Бұл салада жұмыс істейтін халық саны 2009 ж. 559 адам болды немесе 2005 ж. салыстырғанда 11,3 %-ға көбейді. Қарастырылып отырған кезеңде өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақы қоры 13418 мың теңгеден 267271 мың теңгеге дейін артты. Еңбек өнімділігі 2005 ж. 2,94 млн. теңге деңгейінен 3,88 млн. теңгеге дейін өсті.

Электрмен, жылумен және сумен қамтамасыз ету және су өткізу объектілерін қалпына келтірудің дайындалған инвестициялық бағдарламасына сәйкес «Оқжетпес» ЖШС инженерлік коммуникацияларды жобалау және салуды, инженерлік коммуникацияларда жөндеу жұмыстарын жүргізуді және жаңа техника мен есептегіш құралдарды сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл бағдарламаның мақсаты – тұтынушыларды қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету, еңбек ету шарттарын жақсарту және қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның негізгі қорларын реновациялау.

Бағдарламаны қаржыландыру көзі болып құрылтайшының меншікті қаражаттары табылады.
Индустриалдық-инновациялық даму

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін экспортқа бағытталған өнім шығару керек; өндіріс үрдісіне инновацияларды енгізу керек; халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін сертификаттаған кәсіпорындар санын көбейту керек; отандық тауар өндірушілерді өндірілетін өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіруге ынталандыру керек; технологиялық бәсекеге қабілетті басымдылықтар мен білікті еңбек ресурстары болуы керек.

Бұл сұрақтың индикаторларының бірі ретінде халықаралық стандарт талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін сертификаттаған кәсіпорындар санының өсуін атап өтуге болады. Қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде СМЖ енгізу бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаланың 30 кәсіпорын мен мекемелері ИСО 9000; 14000 сериясының халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізген, олардың 7 – орта бизнес өкілдері («Архстрой» ЖШС, «Стройэкс» ЖШС, «Темиртауэлектромонтаж» ЖШС, «Темиртауский завод Казмеханомонтаж» ЖШС, «Казмеханомонтаж №1» ЖШС, «Казмеханомонтаж №2» ЖШС, «Аян- м» ЖШС).

2008 жылы «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламасы бойынша Теміртау қ. кәсіпорындарының 4 жобасына екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы сомасы 105,0 млн. теңге көлеміндегі несие бөлінді. Олар: «Бидай НАН ЛТД и Со» ЖШС (өндірісті кеңейту үшін жаңа құрылғылар сатып алуға – 60,0 млн. теңге), «Профиль м» ЖШС (өндірісті кеңейту үшін жаңа құрылғылар сатып алуға – 36,0 млн. теңге), «Ескандер» ЖШС (мамандандырылған техника сатып алуға – 6,0 млн.теңге), Дмитриев ЖК (жиһаз өндірісі – 3,0 млн. теңге).

Мемлекеттік Үдемелі Индустриалды-Инновациялық Даму Бағдарламасы аясында Теміртау қ. бойынша жүзеге асырылу мерзімі 2011-2015 жж. жоспарланған 17 инвестициялық және инновациялық жобадан тұратын база құрылды. Оның ішінде:

Аймақтық индустриалдандыру картасына Теміртау қ. кәсіпорындарының 2 инвестициялық жобасы кірді:

- «Карцемент» АҚ цементті құрғақ әдіспен өндіру бойынша №5 технологиялық линия іске қосылды. Жоба сомасы – 12,5 млрд. теңге. Жүзеге асыру кезеңі: 2008-2012 жж.

- «АрселорМиттал Темиртау» АҚ дамыту және жаңарту» жобасы, болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыру. Жоба құны: 294 млрд. теңге. Жүзеге асыру кезеңі: 2010 – 2014 жж.

«Бизнес Жол Картасы-2020» Бағдарламасы аясында Теміртау қ. Үйлестіру кеңесі 2010 жылы 5 жобаны қолдады:


  1. «Фолти» ЖШС- Полиэтиленді пленкалар мен пакеттер өндірісін кеңейту. Жоба құны: 217,6 млн.теңге.

  2. «ДАТ TS» ЖШС – Автобус паркін жаңарту және жөндеу базасын кеңейту. Жоба құны: 162,0 млн.теңге.

  3. «Ast Etalon Crown» ЖШС – Литография және лакталған ақ темір өндірісін кеңейту. Жоба құны: 275,9 млн.теңге.

  4. «ЗемДорстрой» ЖШС – «Жүктерді тасымалдау үшін қозғалмалы құрамды жаңарту». Жоба құны: 70,0 млн.теңге.

  5. «NORD пром НС» ЖШС – «Бетонды теміржол шпалдары үшін жаңа технологиялық линияны іске қосу». Жоба құны: 1081,0 млн.теңге.

Келесі 10 жоба өңделіп жатыр:

1. «Феррит Темиртау» ЖШС – «Жоғары тазалықты темір оксиді өндірісі». Жоба құны: 302,0 млн. теңге.

2. «Водоканалстрой» ЖШС – «Мин.плиталар немесе жылу сақтағыш материалдар өндірісі». Жоба құны: 1396,5 млн.теңге. Жүзеге асыру кезеңі: 2010 ж.-2011 ж.

3. «Оникс-1» ЖШС – «Қуаттылығы айына 25 мың дана анкерлі кірпіш өндіру бойынша линия салу». Жоба құны – 220,5 млн. теңге.

4. «ГДК Промтехнология» ЖШС – «Көмірді байыту бойынша фабрика салу». Жоба құны: 1900,0 млн. теңге. Жүзеге асыру кезеңі: 2010-2011 жж.

5. «Центр технической поддержки-А-сервис» ЖШС – «Тігін емес материалдар өндірісі». Жоба құны: 294,0 млн.теңге. Жүзеге асыру кезеңі: 2010 -2011 жж.



  1. «ТЭМК» АҚ «Ферромарганец және ферросиликомарганец алу үшін ферробалқыту пешін салу», қуаттылығы жылына 30 мың тонна. Жоба құны: 3626,5 млн. теңге.

  2. «КЗАЦИ» АҚ – «Цементті клинкерсіз әдіспен өндіру бойынша тарту цехын салу», қуаттылығы жылына 6250 тонна. Жоба құны: 1800,0 млн. теңге.

  3. «Термокерамика» ЖШС «Формасы бар, формасы жоқ отқа қарсы тіреуіштер өндірісі». Жоба құны: 837,9 млн.теңге.

  4. «Химии и строительных материалов» НЦП ЖШС –«ТЭМК» ЖШС Д-23 базасында тұрмыстық химия өнімдері өндірісі». Жоба құны: 666,0 млн.теңге.

  5. «Pers International» ЖШС «Арнайы аяқ-киім өндірісін кеңейту». Жоба құны: 220,5 млн.теңге.


«Қазақстандық қамту» бағдарламасының дамуы

2009 жылдан бастап Қарағанды облысының ірі тауар өндірушілерінің жүйетүзуші кәсіпорындарының, ұлттық компанияларының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Қазақстандық қамтуды дамытуға байланысты Қарағанды облысының әкімі С.Н.Ахметовтің бұйрығын орындау барысында Теміртау қ. жүйетүзуші ірі 7 кәсіпорны бойынша («ТРЕК» ЖШС, «CentralAsiaCement» АҚ, «BasselGroupLLS» ЖШС, «ТЭМК» ХМЗ ЖШС, «Карцемент» АҚ, «ЗПХ Техол» ЖШС, «КЗАЦИ» АҚ) ай сайын мониторинг өткізіліп жатыр. Осы кәсіпорындар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2010 жылы 11211,0 млн. теңгені құрастырды.

2010 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі 11371,6 млн. теңгені құрастырды, оның ішінде қазақстандық қамту 9923,4 теңге немесе 87,3% болды, соның ішінде:

тауарларды сатып алу көлемі – 6751,5 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық қамту 5420,7 млн. теңге немесе 80,3 %;

жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі– 4620,1 млн.теңге, оның ішінде қазақстандық қамту 4502,8 млн.теңге немесе 97,0 %.

Қарағанды облысының өндірушілерінің сатып алу көлемі 6035,5 млн. теңгені немесе жалпы сатып алу көлемінің 53,1% құрастырды.

Қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – бұл өнім өндіретін кәсіпорындарды «Самрұқ-Қазына ҰБҚ» АҚ ҚР отандық тауар өндірушілер Реестріне тіркеу.

Нәтижесінде, бүгінгі күні Теміртау қ. 34 кәсіпорны, оның ішінде 29 шағын және 5 орта кәсіпорындар, СТ-KZ сертификаттарын алды және отандық тауар өндірушілер Реестріне енгізілді. Бұл жағдай «Самрұқ-Қазына «ҰБҚ» АҚ тобының құрамына кіретін компанияларға СТ-KZ тауар сертификаттарына ие және Реестрге енген жеткізушілерден тікелей тауарлар сатып алуға құқық береді.

Қазақстандық қамту «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде де өзінің бағытын тапты.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында жергілікті қамту үлесі 85% құрастырды.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселесі Теміртау қаласының экономикасының дамуындағы басымдылыққа ие бағыт болып табылады. Жалпы алғанда, қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жұмыстар ай сайын бақылаудан өтеді.

Бұл бағдарламаны дамытудың мақсаттық индикаторларына сәйкес Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің жүйетүзуші кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесі 90%-дан астам деңгейге дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Инвестициялық қызмет

Қарастырылып отырған 2004-2009 жж. Теміртау қ. экономикасына 153742,0 млн.теңге инвестиция салынды, оның ішінде өнеркәсіпке – 148960,4 млн. теңге инвестицияланды.

2009ж. Теміртау қ. экономикасына 38827,2 млн. теңге инвестицияланды, оның ішінде өнеркәсіпке – 37897,9 млн. теңге.
2005-2009 жж. өнеркәсіпке салынған инвестициялар динамикасы

Кесте 23

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар, млн.теңге

38789,8

20990,5

23055,7

32078,8

38827,2

Негізгі капиталға салынатын инвестициялардағы Қарағанды облысының үлес салмағы, %

25,3

15,6

16,7

16,5

17,7

Өнеркәсіпке салынатын инвестициялар, млн. теңге

38227,5

20209,4

22276,6

30349,0

37897,9

Негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көздері: кәсіпорындардың меншікті қаражаттары – 50,8% (78230,0 млн. теңге), бюджет қаражаттары – 3,1% (4781,7 млн. теңге), басқа қарызға алынған қаражаттар – 15,5% (23979,9 млн. теңге), шетелдік инвестициялар – 30,4% (46750,5 млн. теңге).

Шығын түрлері бойынша инвестициялардың құрамы келесідей: ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыстар – 38826,4 млн. теңге (жалпы көлемнің 25,3 %); машиналар, құрылғылар – 113323,8 млн.теңге (73,7%); басқа да күрделі шығындар – 2,0 млн.теңге (1,3 %).

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ дамыту және жаңарту, болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыру есебінен 2015 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін 10,4%-ға арттыру жоспарлануда.

МУИИДБ аясында «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның металлургиялық өнімін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды дамытуға және олардың санын арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарға алынды.
Теміртау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Қазіргі кезде Теміртау қаласының өнеркәсібінің дамуына бизнес-инициативаларды жүзеге асыруда даму институттарының қатысуын қарастыратын МҮИИДБ жағымды әсер етуде.

Сонымен қатар, мемлекет жергілікті қалақұраушы және жүйетүзуші ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру мәселесіне көп назар аударуда. Қазақстандық қамтуды дамытудың мәні – бұл отандық өндірушілерді, өнеркәсіптің негізгі салаларын, импорттың орнын басуды және бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қолдау деп түсінуге болады.

Қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау нәтижесі ретінде Теміртау қаласы жұмысының рейтингтік бағасына әсер ететін өнеркәсіп дамуының бағалау көрсеткіштеріне жетудің жағымды динамикасын атап көрсетуге болады.

Теміртау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді сипаттамасы басымдылықтар бойынша жасалған SWOT-талдауда көрсетілген, онда негізгі мәселелер, қауіптер, іркілу факторлары, бәсекелік басымдылықтар мен мүмкіндіктер анықталған.
Агроөнеркәсіптік кешен

Ауыл шаруашылық саласы қала экономикасында басымды бағыт болып саналмайды, сондықтан да облыстың АӨК жалпы өнім көлеміндегі қаланың үлесі шамалы – 1,7%.

Ауыл шаруашылығы бойынша 2 кәсіпорынды атап өтуге болады. Бұл «Фермер» ЖК және «Убойный пункт» ЖК. Агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімі 2009 жылы 1374,7 млн. теңгені құрастырды, бұл 2004 ж. деңгейден 2,5 есе артық. Жалпы өнімнің физикалық көлем индексі 4,3%-ға төмендеп, 2009 ж. 101% құрастырды. Ауыл шаруашылығының құрылымында өсімдік шаруашылығы басымырақ, үлесі – 87% (2004 – 84%).

Қала аумағында картоп пен көкөністер өсіріледі. Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі ақшалай шамада 1195,9 млн. теңгені құрастырды, бұл 2004 ж. салыстырғанда 162,5%-ға артық болып табылады. Картоптың егіс алқабы бұрынғы деңгейде қалуда – 0,8 мың га. Көкөністердің егіс алқабы 0,2 мың га азайды.

Мал шаруашылығы бойынша жалпы өнім ақшалай шамада 178,8 млн. теңгені құрастырды, бұл 2004 ж. салыстырғанда 104,4%-ға артық болып табылады. Ірі қара мал мен жылқылар саны сәйкесінше 500 басқа және 100 басқа көбейді. Қой мен ешкілер саны өзгеріссіз қалуда – 1600 бас. Шошқа саны 600 басқа, ал құс саны – 1000 басқа азайды. Асыл тұқымды мал жоқ болып табылады. Негізгі өнім түрлері: ет, сүт, жұмыртқа, жүн өндірісінің динамикасы жағымды өзгерген. Өсім сәйкесінше 34%, 24,3%, 32,5%, 30,8% құрастырды.

Қала аумағында 3 өңдеуші кәсіпорын жұмыс жасайды. Олар: «Бидай-нан», «Ren-milk», «Аян-М», бұлардың бәрі ИСО стандарттары бойынша жұмыс істейді.



Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Теміртау қ. 128 мердігерлік құрылыс мекемелері құрылыс қызметін атқарады, 2004 ж. олардың саны 82 фирма болған (қосымша 1). 2009 ж. құрылыс саласының кәсіпорындары жалпы сомасы 11,9 млрд. теңге көлемінде мердігерлік жұмыс атқарды, бұл көрсеткіш 2004 ж. деңгейінен 2 есе артық болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру кезінде Теміртау қаласы бойынша 2005 ж. бастап жеке құрылысқа 1251 жер үлескілері берілді, яғни түскен өтініштердің 44 % (2834) қарастырылды. Берілген жер үлескілерінің ішінде: жас отбасыларға– 540, мемлекеттік орган қызметкерлеріне – 138, әлеуметтік сала қызметкерлеріне – 102.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 2008-2010 жж. тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жөнге келтіруге 305,9 млн. теңге көлемінде трансферттер бөлу қарастырылып отыр.

2008-2010 жж. жалпы ауданы 168,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарға алынды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаттары есебінен салынған үйлер: несиелік үйлер – 1,9 мың шаршы метр; мемлекеттік жалға беру үйлері – 6,8 мың шаршы метр. Меншік инвестициялар есебінен ауданы 57,3 мың шаршы метр коммерциялық үйлер және ауданы 102,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр.

2009 ж. пайдалануға берілген тұрғын үйлердің құрылымында басым бөлігі, яғни 59% (44,91 мың шаршы метр) коммерциялық үйлердің үлесіне тиеді, ал жеке тұрғын үй құрылысының үлесі - 39% (29,8 мың шаршы метр), республикалық бюджет қаражаттары есебінен салынған жалға беру үйлері – 2% (1,46 мың шаршы метр) құрастырады.

Сонымен қатар, «Білім беру объектілерін салу және жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2009 ж. бастап облыстық бюджет қаражаттары есебінен 9 ықшамауданда 320 орынға арналған балабақша салына бастады, оның сметалық құны 444,8 млн. теңгені құрастырды, аяқталу уақыты 2010 ж. бекітілді. Объект 2010 ж. маусым айында пайдалануға беріледі.

2008 ж. Теміртау қ. Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының бөлшекті жоспарлану жобасы әзірленді және әкімнің 2008 ж. 7 ақпанындағы №6/59 қаулысымен бекітілді.

Теміртау қаласының генералды жоспарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облыстық маслихаттың 2010 ж. 30 қыркүйегіндегі №335 шешімімен келісілген соң Теміртау қаласының генералды жоспарының жобасы мемлекеттік кешенді қалақұрушы экспертизаға жіберілді.

2008 ж. электронды карта жасау – мемлекеттік қалақұру кадастрының негізгі деңгейін жасау бойынша жұмыстар аяқталды.

Стратегиялық жоспар бойынша жүргізілетін жұмыстар қатарына келесідей шаралар енді: топогеодезиялық жұмыстар атқару; Теміртау қ. аумағындағы инженерлік инфрақұрылым объектілерін түгендеу; М1:500, М1:1000 электронды карталарын жасау; сонымен қатар, қаланың аумағының жер асты бөлігінің электронды картасын жасау; «Қарағанды облысы Теміртау қаласының генералды жоспары» жобасының кешенді қалақұру экспертизасын өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет