БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұны бағдарламаның паспорты


-сурет. Ақтөбе облысының демографиялық көрсеткіштері, адам



бет6/26
Дата23.02.2016
өлшемі2.86 Mb.
#4582
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

1-сурет. Ақтөбе облысының демографиялық көрсеткіштері, адам


2009 жылдың соңында облыс халқының санағы, ҚР Статистика агенттігі бойынша мәліметтерге сүйенсек, 719,6 мың адамды құрастырды. 1995 жылмен салыстырғанда, аймақта 711,7 мың адам өмір сүргенде, халық саны 7,9 мың адамға үлкейді. 2001 жылмен салыстырғанда, ең төмен сан белгіленгенде – 668,2 мың адам, ада саны 51,7 мың адамға үлкейді.

Халықтың табиғи өсу динамикасы өсудің оң тенденциясына ие. Облыстың аудандары елеулі түрде адам қатарына өсті, мысалға, Ақтөбе қаласында, Алға ауданы, Мұғалжар, Темір аудандары. 2009 жылдың басынан 2010 жылдың қаңтарына алғанда ауыл тұрғындарының саны 2091 адамға ұлғайды. Жалпы алғанда, қала тұрғындарының үлесі 54,5 %-ды құрастырады. Ауыл жерлерде облыстар 45 %-ға бекем болып тұр.



Халық санының тығыздығы. Облыстың ең ірі аудандарында олар Шалқар (61,9 мыс кв м.) және Байғанин (61,0 мың кв м.) аймақ аумағының жалпы саны бойынша 20,6 және 20 % болып келеді, бірақ халық тығыздығы 1 мың кв м-ге 0,75 және 0,39 адам. Қаралып жатқан 2005-2008 жылдарға халық тығыздығының өсуінің қарқыны статикалық қалыпта қала берген болатын. Облыстың ең тығыз аудандары олар Алға, Мәртөк, Қарғалы және Хромтау аудандары. Бірақ Ақтөбе қаласында халық саны ең үлкен, 2009 жылдың басында 2,3 мың кв км-ге 136,06 адам болып келеді. Алаңы 41,5 мың кв км-дегі Ырғыз ауданында халық санының ең төменгі көрсеткіші – яғни онда 1 мың кв км-ге 0,38 адам келеді.

Қаза болу және туу. Халықтың қаза болуы 2007 жылдан беру төмендеп келеді. 2009 жылы бұл коэфицент 8,34-ті 1000 адамды құраса, ол 2003 жылдың коэфицентінен 1,2 есе кем. Дегенмен, сәби және ана өлімі жоғары деңгейде қала беріп отыр. 1999 жылы соңғы 15 жылда туу коэфицентінің ең төменгісі белгіленген еді – 14,3, яғни 1000 адамға, ал ол 2009 жылдың 61,6 % деңгейін құрастырады, ал бұл кезде аймақта туу коэфиценті жоғары болған. 2005 жылдан бастап туу деңгейі 1995 жылмен теңдес болып қалды, осылайша туу коэфиценті 19,1, яғни 1000 адамға жетті. Келесі жылдары туу коэфицентінің оң тенденциясы қалыптасты. Жаңа туған сәбилер мен 4 жасқа дейінгі балалардың елеулі өсуі облыстағы туу деңгейінің өсуін куәландырады. Жалпы, осы мәселені Ақтөбе облысында қазіргі уақытта бала туу жасындағы халық санының тұрғандығымен негіздеп айтуға болады.

Жас ерекшелік құрылымы. 2010 жылдың 1-қаңтарына. Ақтөбе облысы халқының 65 % жұмысқа жарамды тұлғалар. Солардың ішінде, 67 % ер адамдар, 61,8 % әйел адамдар. ВОЗ бойынша жасты жіктеуге сәйкес, Ақтөбе облысында халықтың 16,8 % орта жастан сәл жоғары адамдар (45-59 жас), 6,66 % қарт шамалас адамдар (60-74 жас).

Қазіргі уақытта 15-19 жас арасындағы, және 20-24 жас, сонымен қатар 25-29 және 0-4 жастағы адамдар саны көпшілік деп айтуға болады. Мұны облыстың халық саны жеткілікті түрде «жас» деп айтуға болады.



Көші-қон. Халықтың табиғи өсудегі оң және дағымды динамикасына қарамастан, Ақтөбе облысында облыстың демографиялық дамыту, былайша алғанда, халықтың тетіктік қозғалысы динамикасына қарағанда, сәл баяулауда. Көші-қонның жоғарғы интенсивтігі аймақ халқының санақ динамикасында ерекше бейнеленеді.

Облыс халқының ауқымды тетіктік құлауы түрлі этникалық топтар өкілдірінің өздерінің тарихи отандарына кетулерімен байланысты. 2004 жылға дейін облыста миграцияның теріс әсері сақталып келді, бұл өз кезегінде халықтың ресей, Украина және Беларусь экөші-қонының жоғарғы үлесін көрсетеді. Жалпы алғанда, этнос санақтарының төмендеуі титулды этностың ұлғаюында жалғасын табады.

Аймақтық көші-қон кетуі табиғи өсумен салыстырғанда ауқымды. 2000 жылы миграциялы көшіп қонудың ең таратылған кезі болған және ол 10537 адамды құрастырған. Халық санының табиғи өсуінің жағымды тенденциясына қарамастан, соңғы бірнеше жылдары Ақтөбе облысы аумағынан кеткендердің саны орта есеппен алғанда жылына 14 мың адам ауданында болуы мүмкін. Жалпы, соңғы бірнеше жылда облыс хылқының тетіктік қозғалысында жекелеген өзгерістер пайда болды. Егер 1990 жылдың орта кезінде және 2000 жылдың бас кезінде Ақтөбе облысында жойылу сыртқы миграцияға байланысты болса, онда қазір аймақаралық миграция облыстың тетіктік жойылының басты көзі болып табылады.

Ақтөбе облысының көші-қон сальдосы:1576 қала үшін, -1609-ауыл үшін. Ақтөбе облысының ішкі көші-қонында Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы лидерлікті ұстап келеді. Қалған аудандар өңірдің экономикалық өсуінің негізгі нүктелері болып табылады. Осылайша, миграция мүмкін жұмыс орындарының бар болуымен, өмірдің аса жағымды жағдайларына, қызметтің кеңейтілген шеңберіндегі сапасы мен қол жетімділігіне байланысты болуы мүмкін.

Аймақаралық миграцияда халықтың негізгі массасының кетуі анықталды. Аймақаралық ауысымның көші-қон сальдосы 2009 жылы 4093 құрастырыды. Негізінен алғанда, Астана қаласына кетуде (830), Маңғыстау облысына (798) және Алматы қаласына (582) кетіп жатыр. Бұл жерде негізгі үлесті 16-62 (57) жастағы жұмысқа жарамды адамдар құрастырады. Осылайша, 2009 жылы барлық көші-қон кетуден 83 % жұмысқа жарамды адамдаға келеді. Егер жұмысқа жарамды жастан жас болып келетін, яғни, 0-15 жасқа дейінгі тұлғалар көші-қон жойылудың 14 %-нан астамын құрастырса, жағдай қиындайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Ақтөбе облысында 2 тенденцияны анықтап алуға болады. Біріншіден, аймақтан кетіп жатқандардың негізгі бөлімі жұмысқа жарамды және 15 жасқа дейінгі тұлғалар болғандықтан, халық құрамында жұмысқа жарамдылық жасынан үлкен тұлғалар есептеледі, және осыған сәйкес Ақтөбе облысында «халықтың құрылуы» тенденциясы күшеюі мүмкін. Бұрын айтылғандай, облыс халқы жеткілікті түрде жас, сондықтан, осы тенденция қысқа мерзімді жоспарда бейнеленуі тиіс емес. Ұзақ мерзімді дамуда ең елеулі фактор болып табылады.

Екіншіден, көші-қон жойылымдар салдарынан Ақтөбе облысының еңбек ресурстарының тек қана сандық құрамы емес, сонымен қатар сапалық құрамы да төмендейді. Ақтөбе облысынан жоғары, жоғары аяқталмаған, орта арнайы білімдері бар кеткен тұлғалардың қатары 2009 жылы 52,9 %-ды құрастырды. Іспеттес білімі бар мигранттардың келуі аз. Осылайша, Ақтөбе облысында «білікті мамандардың кетуі» тенденциялары байқалады.

Қорытындысында, Ақтөбе облысының демографиялық дамытуның басты артықшылығы қазіргі уақытта облыстың халықтарының негізгі бөлігін бала туу кезіндегі тұлғалар құрастыратындығын атап өткен қажет. Жас ерекшілігінің құрылымын талдау халықтың табиғи өсуі әлеуетінің үлкеюі сақталатындығы туралы болжауға болады. Бірақ көші-қон азаюы өңірдің демографиялық дамытуның баяулауының негізгі проблемасы болып табылады. Халық санының төмендеуін қоғамдағы экономикалық құлаудың аса елеулі индикаторларының біріне қатыстыруға болады. Көші-қон азаюы Ақтөбе облысының қоғамы тұрақтылығының құбылуын күшейтеді. Халық санағының тетіктік қысқартылуы халықтың белсенді бөлігінің кетіп бара жатқандығын білдіреді. Бұл еңбектің жергілікті саудасында кадрлардың бәсекелестікке қабілеттігінің төмен деңгейі екендігін білдіреді.


Халықтың өмір сүру деңгейі

Ақтөбе облысындағы өмір сүру минимумының үлкендігі 11674 тенгені құрастырады, бұл орта республикалық деңгейдің 94,4 %н құрастырады. Кедей халықтың үлесі – 7,0 %, кедейлік тереңдігі – 1,1 %, кедейлік өткірлігі – 0,3 %.

Жалпы Ақтөбе облысының көрсеткіші ҚР басқа облыстарына қарағанда төмен.

Халықтың өмір сүру минимумы азық-түліктің негізгісін тұтынудағы ең аз нормадан алып есептегенеде, 2010 жылдың қаңтарында 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда орта есеппен 2,0 %-ға төмендеді.

Ақтөбе облысында бір қызметкердің номиналды еңбек ақысының мөлшері 2004-2006 жылдары жалпы республикалық деңгейдегі еңбекақының орта сомасынан асады. Дегенмен, 2007 жылдан бастап қызметкердің еңбекақысының сомасы республикалықтан кем болды. Орта айлық номиналды еңбекақы деңгейі бойынша Ақтөбе облысы 2008 жылы 6-орында тұр.

Экономикалық қызмет түріндегі еңбекақы қорның құрылымында Ақтөбе облысында елеулі диспорпорция байқалуда. Орта айлық еңбек ақы облыс экономикасының түрлі салаларында есептелінеді. Статистика органдарының мәліметтері бойынша салалық құрылымда ең жоғарғы еңбекақы таукен өндіру өнеркәсібінде сақталады – 92946 тенге (орта облыстың деңгейден 1,8 есе артады), қаржы қызметтерінде – 86052 тенге (1,5 рет), көлік және байланыс – 79692 тенге /1,4 есе/. Ең төмен еңбекақы ауылшаруашылық саласының қызметкерлеріне сақталады – 24518, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 56,2 % төмен.Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымындағы диспорпорция еңбек саудасында белгілі бір мамандықтардың тиімділігінің төмендеуі немесе жоғарылауының басты факторы болып табылады. Егер еңбек нарығында облыстың негізгі массасы ауылшаруашылығымен айналысқандығын ескерсек, онда осы секторда ауқымды дисбаланс байқалады.



2-сурет. Ақтөбе облысының аудандар кескінінде бір жұмысшының 2009 жылға арналған орта айлық номиналды еңбекақысы


Жоғары еңбекақы Хромтау (70 687 тенге), Байғанин (67 829 тенге), Мұғалжар (63 909) тенге, Темір (59 210 тенге), және Ақтөбе қаласында (62558 тенге) қалыптасты. Бұл аудандарда өндірістік кәсіпорындар бар.

Экономикалық қызметтің негізгі түрі ауылшаруашылығы болып келген аудандарда негізінен төмен еңбекақы белгіленген.

Орта облыстықтан төмен деңгейдегі еңбекақы облыстың 8 аудандарында атап өтілді. Ең төмен еңбекақы Ойыл (30699 тенге) ауданында және Қобда (32851 тенге) ауданында белгіленді. Бұл аудандар халықтың РФ кету көші-қоны ауқымды байқалатын шекара жанындағы аудандар болып табылады.

Денсаулық сақтау

Күтілетін өмір ұзақтығы 2005 жылы 65,71 жас болды, ал 2009 жылы ол 66,66 жасқа үлкейтілді. Бұған облыстағы жағымды демографиялық өзгерістер әсеріп тигізді.


Дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштер

2005-2009 жылдары Ақтөбе облысында дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштердің жағымдың динамикасы белгіленеді. Осылайша, халық санының тууы 19,1 /2005/ 23,09 /2009/ дейін 1000 адамға жетті, өлім көрсеткішінің төмендеуі – 9.63 /2005/ 8,49 /2009/ дейін 1000 адамға жетті. Осыған байланысты халықтың табиғи өсу саны коэфицентінің үлкеюі байқалды,ол 14,60 2009 жылы (9,47-2005ж) 1000 адамға өсті. Туудың облыстық көрсеткішінен төмендігі 2009 жылда-23,09 1000 адам, белгіленгендері: Қобда ауданында /1000 адамға 13,0/, Мәртөк ауданында /1000 адамға 14,3/ және Қарғалы ауданында /1000 адамға 14,8 /. Өлімнің облыстық көрсеткішінен жоғарылығы 2009 жылда-8,49 1000 адамға, белгіленгендері: Қобда-1000 адамға 10,9, Мәртөк ауданында – 1000 адамға 9,5, және Хромтау ауданында 1000 адамға 9,5 болды. Халықтың табиғи өсуінің облыстың көрсеткішімен салыстырғанда, 2009 жылы 14,6 1000 адамға, халықтың табиғи өсуінің төмен деңгейі – қарғалы /1000 адамға 3,8, Қобда ауданында 1000 адамға 4,4, Мәртөк ауданында 1000 адамға 4,7 болды.

2009 жылы ана өлімі 100 мың тірі туған сәбилердегі 17,9 дейін өсті. Салыстыру үшін бұл көрсеткіш 2005 жылы 100 мың тірі туған сәбилердегі 15,3 құрастырды. 2010 жылы ана өлімінің тенденциясы сол қалпында сақталуда. Осылайша, 2010 жылдың 9 айында облыста ана өлімінің 6 жағдайы тіркелген ( 100 мың тірі туған сәбилер 47,1 құрастырды), сонымен қатар Мәртөк ауданында /2 жағдай/, Ақтөбе қаласында /2 жағдай/, Байғанин /1 жағдай/, Шалқар ауданында /1 жағдай/ орын алды. Өлімнің негізгі себептері олар түсіктен кейінгі ауырлар, акушерлік қан кету және жүктілік гестозы, оның екі негізгі проблемасы: жүкті әйелдердің денсаулығының төмен деңгейі және медициналық көмектің сапасыздығы салдарынан болып отыр.

2009 жылы сәби өлімдерінің облыстық көрсеткіші 1000 тірі туған сәбилерге 18,81 құрастырды, Республикалық көрсеткіштер деңгейінде және ол жылдан жылға төмендеп барады. 2008 жылы ВОЗ бойынша Республиканың тірі туу және өлі туу өлшемдеріне ауысқаннан кейін сәби өлімі көрсеткішінің күтілетін ұлғайтылуы 1000 тірі туғандаррға қатысты 19,05 дейін жетті. Содан соң, 2009 жылы көрсеткіш төмендеуді жалғастырды. Сәби өлімінің көрсеткіші облыс деңгейінен жоғары Қарғалы ауданында қалыптасты /1000 тірі туғанға 22,73/, Ырғыз ауданында /1000 тірі туғандарға 22,42/ және Қобда /1000 тірі туғандарға 20,17/ жетті. Сәби өлімінің салдарының елеулі үлесін перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар құрастырады, ал екінші орында – туа біткен аномалия және үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары құрастыруда.

Әлеуметтік маңызы бар аурулар

Соңғы жылдары жүрек аурулары облыс халықтарының арасында бірінші орынға ие болып отыр (өлімнің барлық себептерінен алғанда 46 %-ға жуығы құрастырылады).



Қанайналым жүйесінің аурулары, гипертоникалық ауру жүрек ауруларының барлығынан 28,5 %-ды құрастырды, жүректің ишемиялық ауруы 18,4 %н және цереброваскулярлы аурулар 11,4 %н құрастырды. 2005 жылы қан айналым жүйесі ауруының көрсеткіші халықтың 100 мың адамына 2093,8 құрастырған болатын. Соңғы жылдары оның елеулі төмендеуіне қарамастан, көрсеткіш сол жоғары қалпында қалуда /2009 жылы 100 мы адамға 1956,2/, төмендеу 6,6 %-ды құрастырады.

Қанайналым жүйесі ауруларының ең жоғарғы көрсеткіші Ойыл /3660,3/, Байғанин /2533,9/ және Алға /2390,9/ аудандарында тіркелген.

Облыс бойынша қан айналым жүйесі ауруы салдарынан пайда болған өлім көрсеткіші республикалықтан кем. Дегенмен, өлім себептерінің құрылымында қан айналымы жүйесі ауруынан пайда болған өлім облыс бойынша бірінші орынға ие. 2009 жылы БСК облыстық деңгейден жоғары деңгейлегі өлім көрсеткіші Ақтөбе қаласында және Мәртөк ауданында тіркелген.

Облыс халықтарына туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің жетілдірілуі бойынша қабылданған шаралар туберкулез ауруының төмендеуіне септігін тигізді, яғни ол 2005 жылы 208,3-тен 2009 жылы 96,0-ға дейін 100 мың аддамға төмендеді (2,17 есе төмендеді). Туберкулезбен ауру көрсеткішіні облыстың деңгейлен жоғары Ақтөбе қаласында 100 мың адамға 124,5 белгіленген.

Туберкелез ауруы салдарынан пайда болған өлім 2005 жылы 25,6 дан 2009 жылда 12,6-ға дейін төмендеді (2,03 есе төмендеді). Туберкулезден пайда болған өлім көрсеткіші облыстық деңгейден жоғары болып 100 мың адамға 18,1 Ақтөбе қаласында белгіленген.

Туберкулезді тарату бойынша эпидемиологиялық қадағалау мәселелері туберкулездің көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылықпен қиын жазатын формаларының бар болуы салдарынан өзекті болып қала беруде. 2005 жылдан 2009 жыл аралығында көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылықпен туберкулезбен ауратын адамдарды емдеудегі ауруханадағы орындар, 30 орыннан 110 орынға дейін үлкейді.

Осы мерзімде емделуден жасырынған аудудың жұқпалы формасында ауратындарды мәжбүрлеп емдеу үшін 30 орынға арналған мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі ашылды.

2015 жылға дейін туберкулездің жазылмайтын түріне хоспис құру қажет. 2015 жылға дейін аудудың дәрі-дәрмекке тұрақтылық нысандары арқылы төмендетілуіне және облыстағы туберкулезды инфекциясы резервуарының кемуіне қажетті шаралар қабылдау алда тұрған мәселе. Күш-жігер халықтың туберкулез ауруын алдын-алу бойынша санитарлы сауаттылығын жоғарылатуға бағытталады.




Онкологиялық аурулар

2005 жылдан бері зақымды жаңадан пайда болған аурулар көрсеткіштерінің елеусіз төмендеуі байқалуда, 2005 жылда 162,9 дан 2009 жылда 158,7 дейін 100 мың адамға /2,6 %ға/ төмендеген. Сонымен қатар халық арасында скриниговты зерттеулердің жүргізілуі онкоауруларды алғашқы кезеңде анықтауға мүмкіндік туғызды, бұз өз кезегінде 5 жылда және одан аса жылдары зақымды аурулардан тірі қалудағы көрсеткіштің өсуіне өз септігін тигізді. Зақымды аурудан тірі қалу көрсеткіші 5 жылда және одан аса жылдары 2009 жылы 52,6 %-ды құрастырды /2005ж-44,9 %/.

2009 жылы облыстың деңгейден жоғары болып зақымды аурулар көрсеткіші Ақтөбеде аталып өткен, өндірістік аудандарда /Алға, Мұғалжар, темір, Хромтау және Приарал / Байғанин, Темір, Ырғыз, Шалкар аудандарында аталып өтті. Бұл аурудың жоғары көрсеткіші Ақтөбе облысы үшін өндірістің, мұнайгаз және таукен қызметтері нәтижесіндегі ауыр экологиялық ахуалға байланысты болып келеді. Сонымен қатар, кеуіп қалған Арал теңізінің экологиялық әсері де аз емес.

Көлік санының көбеюіне байланысты күнделікті өмірде травматизм және травматизм салдарындағы өлім өзекті мәселерінің бірі болып табылады.

Травматизмді төмендету және жедел жәрдем көмегін көрсету сапасын жақсарту мәселесі бойынша жасалып жатқан жұмыс және сектораралық өзара байланыс травмадан алынған өлім көрсеткішінің 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 36 %-ға төмендеуіне мүмкіндік туғызды.

Травматизмнің және травматизмнен пайда болған өлім көрсеткішін төмендету үшін ауқымды жұмыс жасалды: ірі автомобильді және темір жол магистральдары жиегінде бар елді мекендерде қазіргі заманды дәрігерлік пунктер салынып жатыр. Жарақат алған сәттің алғашқы кезеңде көрсетілетін медициналық көмектің үлкен маңызын ескере отырып, аралас ведомстволардың мамандарын медициналық дайыгдау жұмысы жүргізіледі (жүргізушілер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және т.б.).



Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің дамыту. 2010 жылдан бері

ЕНСЗ шегінде ТМКМҚ шегінде көрсетілетін стационарлы және стационарлы алмастыру медициналық көмектің орталықтандырылған төленуі, тегін мед көмектің кепілдендірілген көлемі тізбесінің кеңейтілуі, сонымен қатар жаңа технологияларды дамытып енгізу жұмыстары ашылды. Кезекте БМСК төлемін орталықтандыру тұр.

Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 2010 жылдың 01 қазанында мемлекеттік стандарттармен сәйкестендірілген (Үкіметтің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы), медициналық ұйымдар қызмет етуде (сонымен қатар , % жеке меншік), оның ішінде 55 дәрігерлік /27,3 % 15,7 % орынды құрастыратын қорынды қор/ және 502 амбулаторлы-емханалық /28,7 % жеке меншік/ құрастырады.
2010 жылдың басында облыста ДС жүйесінде 2736 дәрігерлер немесе 10 мың хылыққа 38,1 дәрігер қызмет атқарады Р-3079) және 4938 орта мед қызметкерлер немесе 6867 % 10 мың адамға (74,8). Салыстыру үшін 2005 жылы 2622 дәрігер және 4317 орта қызметкерлер қызмет атқарған. Сонымен қатар бүгінгі таңда БМСК құрылымының дәрігерлер құрылымы жалпы мамандықтағы дәрігерлер құрастырады. 2010 жылдың басында облыс бойынша дәрігерлік мамандық дефициті 193 адамды құрастырды, сонымен қатар ауыл бойынша 124 дәрңігер жетіспеді.

Мемлекеттік дәрігерлік ұйымдардың орындарының қоры 2005 жылда 4348 ден 2009 жылды 4314 төмендеді. Халықты орынмен қамсыздандыру 2009 жылы 60,0 %-ды 2005 жылы 63,3 %-ды құрастырған болатын.

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлармен қатар стацианарлы алмастыру технологиялары дамып келе жатыр,. Бүгін 64 күндізгі станционар қызмет етеді, соның ішінде амбулаторлы емханалық ұйымдарда 60, ауруханаларда -4. Күндізгі стационардың орын қоры 280 орыннан 2005 жылы 2010 жылы 672 орынға ұлғайтылды.

Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылауы

Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылуы білікті кадрлардың үнемі дайындығын, мед көмектің стантазизациясын, денсаулық сақтау ұйымдарының аккредитациясын талап етеді. 2010 жылы 56 мед ұйым аккредитациядан өтті, аккредитицияның барлығы 100 %-ға өтті. Осы мәселделерді шешіу үшін аурулдарды диагностикалау және емдеу кезеңді хаттамада қолданылады, облыстағы мед ұйымдардың аккредитациясы аяқталды. 2009 жылы әр мед ұйымда штат санағына байланысты ішкі аудит қызметі енгізілді, мамандарды жоспарлы дайындау жүргізілуде.

Көрсетілетін мед көмектің жақсатуы мақсатында денсаулық сақтаудың облыстың басқармасында пациенттің құқықтарын қорғау бойынша Қоғамдық Кеңес жұымыстары жаңартылуы көзделуде. Қоғамдың кеңестер мед көмекті көрсетуде және көрсетілген медициналық көмекті сапасы бойынша даулы мәселелерді шешетін болады.

Қол жетімділікті және дәрі-дәрмектік көмек көрсету сапасын жоғарылату

2010 жылдың басына облыста 402 дәріханалық ұйымдар әрекетті жүзеге асыруда, сонымен қатар 66-сы ауыл аймақта. Осыдан басқа, 214 ұйымда БМСК дәрі-дәрмек заттарын іске асыру пунктері әрекет туде. Сонымен қатар облыс халқына дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі қамтамасыз етілген.

Ауылды жерлерді фармацевтикалық қызметті объектілер желісі әлі нашар дамығанына қарамастан, дәрі-дәрмектерге бағалар жоғары. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты дәрі-дәрмек заттарының бағасының өсу тенденциясы орын алуда. Проблемалар қатарында дәрі дәрмектерді қоюда үзілімге келетін дистрибуция механизмінің жетілдірілмегендігін атап өткен жөн. Дәрігерлік ұйымдардың қалыптасқан тікелей бағдарының болмауына байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерімен дәрігерлік қызметкерлер айналысуға мәжбүрлі болып отыр.

Денсаулық сақтау шығыны 2005 жылы 5135,9 млн жетті, сонымен қатар ТМКМҚ шығындары 4241,7 млн тенгеге немесе /82 %-ға жетті, 2006 жылы 6238,9 млн тенгеге, сонымен қатар ТМКМҚ шығыны 4 593,6 млн тенге немесе /73 %-ға жетті/, 2007 жылы 10 165 млн тенге, сонымен қатар ТМКМҚ 7 891,0 млн тенге немесе /77,6 %/, 2008 жылы 12 194 млн тенге, сонымен қатар ГОМПБ шығына 9 284 млн тенгеге жетті немесе /76,1 %-ға жетті, 2009 жылы 15 095,8 млн тенге сонымен қатар ГОМПБ 9, 284 млн тенгеге немесе 76,1 %ға, 2009 жылмен салымтырғанда ГОМБ шығынының үлкеюі 2,8 есеге артты. 2010 жылы 11 304,6 млн тенге, сонымен қатар ТМКМҚ шығыны 9300,3 млн тенге немесе 82 %-ға жетті.

2009 жылы Жол картасын іске асыру шегінде 350,0 млн тенгеге 9 объектінің жөндеуі жүргізілді, 2010 жылы 292,1 млн тенгеге 5 объекті жөнделді.

100 аурухана құрылысы шегінде Ойыл ауданында 60 орынға арналған 1 ОАА және әрқайсысы 500 қатысым болатын Ақтөбе қаласында 2 қалалық емхана салынды. Қазір облыстың көппрофильді 300 орынға арналған аурухана салынуда және 200 орынға арналған коппрофильді облыстың балалар ауруханасы салынуда. Бұл объектілер 2010 және 2011 жылдары тапсырылады.

2015 жылдың соңында денсаулық сақтау ұйымдары Бірыңғай төлеуші жүйесі бойынша жұмыс жасайтын болады, бұл өз кезегінде пациенттерге дәрігерді және мед. мекемені өз еркімен таңдауға мүмкіндік туғызады.

Осы кезде халыққа мед. көмек көрсету сапасы жоғарылайды, облыс халқына мед. көмекті көрсету және оны қаржыландырудың тиімді жүйесі құрылады.

Облыста кардиохирургия, урология, ортопедия, нейрохирургия, гаматология, онкология, гастроэнтерология, лабораториялық диагностика бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері дамиды. Ауылды жерлердегі халықтарға дәрі-дәрмектің жеңіл қол жетімділігі қамтамасыз етіледі, сол үшін облыс аудандарында дәрігерлік ұйымдардың ашылуы көзделуде.

Сапалы мед. көмекті көрсету үшін мед персонал реабилитацияланған ауруларды емдеу және диагностика жасау бойынша жаңа технологияларға оқып үйренеді.

Халықты нысаналы профилактикалық қарау сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балаларды қарау кезекті сауықтыру жолымен аурудың бастапқы кезеңінде анықтап емдеуге мүмкінідік туғызады.

Білім

Мектепке дейінгі білім беру

Ақтөбе облысы Қостанай, Қарағанды облыстарынан кейін мектепке дейінгі мекемелерді қамтуда айтарлықтай жетістікке қол жеткізген өңірлердің бірі болып табылады. 2005-2009 жж аралығында Ақтөбе облысында 258 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Соның ішінде төрт мекеме жеке меншік болып табылады. Тек қана 2009 жылдың ішінде 389 мектепке дейінгі мекеме, соның ішінде 186 кіші орталық ашылды. Қалада 37 % мектепке дейінгі ұйым бар, соның ішіне сәбилер бақшасы, бала бақшалар, және мектеп-бала бақшалары кіреді. Мектепке дейінгі мекемелердің 63 % ауылды аймаққа жатады. Аймақта бала бақшаның 64,3 % бар, бұл өз кезегінде республика облыстарының ішінде ең жоғарғы болып табылады. Орта республикалық қамту 41,3 %-ды құрастырады.

Мектепке дейінгі мекемелердің жағымды динамикасына қарамастан, 2005-2009 жж аралығында облыста балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер дефицит болып табылады. 2009 жылға қатысты бала бақшаларындағы балалар санағы 22264 баланы құрастырды, оларға 2126 жуық педагогикалық қызметкерлер талап етіледі. Орта есеппен мектепке дейінгі үнемі жұмыс істейтін ұйымдар 113,4 балаға қарасты болады.

2009 жылы балаларға арналған 53 мектепке дейінгі мекеме ашылды, сонымен қатар 26 бала бақша, 27 кіші орталық. 26 бала бақшаның 4-еуі жаңа құрылыс есебінен ашылды, ал 22 бар ғимаратты қайта жаңғырту есебінен ашылып жатыр.

Бір жылда бір балаға бөлінетін қаржы жыл сайын өсуде. Егер 2008 жылы бір балаға қатысты шығын 75,0 мың тенгені құрастырса, 2009 жылы бір балаға деген шығын 11,4 мың тенгеге үлкейді және 94,4 мың тенгені құрастырды. Жалпы алғанда, мектепке дейінгі білім беруге көрсетіліп жатқан қолдау соңғы 3 жылда 2 млр 289 млн тенгені құрастырды.

Жалпы, Ақтөбе облысыныда мектепке дейінгі білім беру саласында жағымды динамика қалыптасқан, ол өз кезегінде балаларды мектепке дейінгі білім беру қамтылуының жоғарылау деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, осы облыс аймағының өзекті мәселесінің бірі ол мектепке дейінгі мекемелердің кадрлар тапшылығ деп білген дұрыс, яғни тәрбиелеушілер мен мұғалімдерге салынатын артық жүктелім болып табылады.



Орта білім

Ақтөбе облысында 2009 жылда 472 күндізгі жалпы білім беру мектебі бар, 2005 жылмен салыстырғанда, 5 бірлікке төмендеді. Аймақта орта мектептердің саны мектеп жасындағы балалардың азаюы салдарынан екендігін атап өтеді. Оқудың 12 жылдық оқыту моделіне көшуге басты назар аударылуда. 2002 жылдан бері облыстың 6 мектебінде 12 жылдық білім беру бойынша экспериментальды алаңдары жұмыс істеп келеді, ал 2015 жылға қарай облыстың 11 мың оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқылатын болады.

2005 жылдан бері республикалық және жергілікті бюджет есебінен 11136 оқушы орындары бар 36 мектеп пайдалануға енгізілді.

Облыста мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған 5 мектеп бар, оның ішінде 3 мектеп Ақтөбе қаласында бар, ал қалған екеуі Алға және Мәртөк аудандарында.

Бастауыш сынып оқушыларын облыс бюджеті есебінен тамақтандыру мәселесін шешу үшін 200,0 млннан астам қаражат бөлінді. Жалпы, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету 73,5 %-ды құрастырды.

Облыста жалпы білім беру мектепьтерінде 15970 педагогикалық кадры жұмыс істейді, соның ішінде 1732-сі жоғарғы санатты педагог, 3959-ы бірінші санатты және 5081-і екінші санатты мұғалім.



Кәсіби білім беру

Техникалық кәсіби білім беру деңгейі жеткілікті түрде жоғары республикалық деңгейде -23 %. Аймақта 2005-2009 жылыж аралығында 15 кәсіби білім беру желісі сақталған. 2009 жылы Ақтөбе облысында КЛ оқитындар арасында атақты мамандықтар ретінде өнім беру мекемесінің маманы /295/, кең көлемдегі матер-құрылысшы /275/, ауылшаруашылық өндірісінің мастері /251/ болып табылады. Мамандықтары бойынша оқып жүргендер арасында осындай тенденция сақталады.

Облыстың барлық колледждері Ақтөбе қаласында орын алған. 2009-2010 жылдардың бас кездерінде 20 өзіндік колледждер есептелген. Сондай-ақ ЖОО жанында 4 колледж қолданыста. Колледждарда күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде оқиды. 2005 жылы 16 колледж қолданыста болған.

Ақтөбе облысында оқуға қабылдау кезінде колледждердегі ең талап етілген мамандықтар құқықтанушы /546 оқушы/, тасымалдау ұйымдастыру және басқару /468 оқушы/, мұнай және газ орынджарын пайдалану /396 оқушы/ болып саналды. Ағымдағы оқу жылында колледждарда оқитындардың саны 32441 адамды құрастырды, кәсіби мектептерде /лицейларда/ ол 5626 құрастырды. Облыста ТжКББ ұйымдарында 2289 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 539 жоғарғы санатты педагогтар, 418-бірінші санатты, 612-і екінші санатты педагогтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет