4. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерi
Бағдарлама мақсаты:
Құқық бұзушылықтар профилактикасы әдiстерiн жетiлдiру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтың деңгейiн төмендету, азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерiн қорғау жүйесiн күшейту болып табылады.
Көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн мынадай мақсаттарды шешу ұйғарылады:
кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөнiндегi жұмысты жандандыру;
отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы;
есiрткi қылмыс мен нашақорлықтың профилактикасы;
қылмыстың қайталануының профилактикасы;
қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстың деңгейiн төмендету;
жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;
көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;
табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;
мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-әрекет;
қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;
этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру;
жұртшылықпен және азаматтармен серiктестiк;
нормативтiк құқықтық базаларды жетiлдiру;
құқық бұзушылықтар профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесi бойынша кадрларды дайындау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
Салалық бағдарлама индикаторлары мен көрсеткiштерiнiң жүйесi
Мiндеттердi орындауды қамтамасыз етушi бағдарламалық iс-шаралар
|
Iске асырылған бағдарламалық iс-шаралардан күтiлетiн нәтиже, (заттай мәнде), тиiмдiлiк
|
Индикаторлардың (көрсеткiштердiң) маңызы
|
Базалық жыл
|
Болжанатын кезең
|
2011
|
2012
|
2013
|
Мақсат:
|
Нысаналы индикаторлар
|
Құқық бұзушылық профилактикасы әдiстерiн жетiлдiру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың деңгейiн кемiту, республика аумағында азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
|
10 мың халыққа шаққанда тiркелген қылмыстар саны
|
77
|
80
|
77
|
75
|
Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерiн қорғау жүйесiн күшейту,
|
Панасыз және қадағалаусыздықтың деңгейi, %-да
|
9,4
|
9,0
|
8,5
|
8,0
|
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны
|
4457
|
4200
|
4000
|
3800
|
Мiндеттер:
|
Нәтижелердiң көрсеткiштерi
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы панасыз және қадағалаусыз қалғандардың профилактикасы бойынша кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларының жұмысын жандандыру
|
Панасыз және қадағалаусыз қалғандардың саны
|
7639
|
7300
|
6950
|
6600
|
Қорғау нұсқамалары шығарылды
|
55
|
75
|
95
|
100
|
Мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлендi
|
-
|
50
|
100
|
150
|
Арнайы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлдi
|
296
|
300
|
310
|
320
|
Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберiлдi
|
127
|
120
|
115
|
110
|
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнiндегi жұмысты жандандыру.
|
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлесi (тiркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да
|
5,9
|
5,2
|
5,0
|
4,8
|
Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы.
|
Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлесi (тiркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да
|
0,9
|
0,7
|
0,6
|
0,5
|
Алкогольге мас күйде жасаған қылмыстардың үлесi (тiркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да
|
9,9
|
11,5
|
11,0
|
10,5
|
Қорғау нұсқамалары шығарылды
|
7986
|
8150
|
8500
|
9000
|
Есiрткi қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы
|
Есiрткiге мас күйде жасалған қылмыстардың үлесi (тiркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да
|
0,5
|
0,8
|
0,6
|
0,4
|
Заңсыз айналымынан алынған есiрткi заттар көлемiнiң өсуi, кг-да.
|
27954
|
29000
|
30500
|
32000
|
Заңсыз айналымынан алынған опиаттар көлемiнiң азайуы, кг-да.
|
903,5
|
815
|
730
|
660
|
Қайталанатын қылмыстардың профилактикасы.
|
Бұрын сотталған адамдар жасаған қылмыстардың үлесi (тергелген қылмыстардың жалпы санынан), %
|
11,5
|
11,0
|
10,0
|
9,0
|
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiмдердiң күшi жойылды
|
161
|
200
|
220
|
250
|
Полицияның бастамасы бойынша әкiмшiлiк қадағалау белгiлендi
|
914
|
920
|
925
|
930
|
Қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар деңгейiн төмендету
|
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың меншiктi үлесi (КП желiсi бойынша тiркелген қылмыстардың санынан), %-да
|
17,1
|
18,0
|
17,5
|
17,0
|
Көшелерде жасалған қылмыстардың меншiктi үлесi (КП желiсi бойынша тiркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-бен
|
13,2
|
14,5
|
14,0
|
13,5
|
Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.
|
ЖКО-да қаза болғандардың саны
|
2898
|
2800
|
2650
|
2463
|
ЖКО-да зардап шеккендердiң саны
|
12534
|
12100
|
11700
|
11281
|
Көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.
|
Шетелдiктердiң Қазақстанға заңсыз келуiнiң орташа ұзақтығы (күндер)
|
30
|
25
|
20
|
15
|
Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.
|
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың саны (саны)
|
6204
|
6250
|
6300
|
6350
|
Қозғалған қылмыстық iстер саны
|
585
|
595
|
600
|
630
|
Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-қимыл.
|
Меншiкке қарсы қылмыстардың меншiктi үлесi (тiркелген қылмыстардың жалпы санында), %-да
|
62,5
|
66,0
|
64,0
|
62,0
|
Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы.
|
Атыс қаруын қолданып жасалған қылмыстар санының кемуi
|
465
|
430
|
400
|
390
|
Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен алдын ала ескертудiң тиiмдi жүйесiн құру
|
Этникааралық және конфессияаралық қақтығыстардың туындауына әкеп соғуға қабiлеттi жолы кесiлген қақтығыстардың саны
|
11
|
10
|
9
|
7
|
Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық.
|
Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың саны, оның iшiнде:
|
5863
|
6300
|
6600
|
6900
|
жалпы бiлiм беру мектептерiнде
|
3902
|
4100
|
4300
|
4500
|
Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.
|
Әзiрленген заң жобаларының саны
|
|
-
|
2
|
-
|
Құқық бұзушылықтар профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi арттыру.
|
Жүргiзiлген жалпы республикалық әлеуметтiк зерттеулердiң саны
|
-
|
1
|
1
|
1
|
Жүргiзiлген жалпы республикалық акциялардың саны
|
2
|
4
|
5
|
6
|
IIМ-нiң ақпараттық-аналитикалық орталығын құру үшiн техникалық-жұмыс құжаттамасын әзiрлеу
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелерi бойынша кадрларды дайындау және бiлiктiлiгiн арттыру.
|
Табиғат қорғау полиция қызметкерлерi үшiн өткiзiлген бiлiктiлiгiн арттыру курстарының саны
|
-
|
1
|
2
|
2
|
Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi мен мақсаттары, мiндеттерi, мақсатты индикаторларына жетуге жауапты мемлекеттiк органдар:
Мемлекеттiк органдар мен басқа да бағдарламаның негiзгi қатысушыларының қызметiн үйлестiрушi және бағдарламаның iске асырылуы үшiн жалпы жауапкершiлiкке ие Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi;
Бағдарламада көзделген iс-шараларды орындауды өз құзыретi шеңберiнде жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы әдiлет, қаржы, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, көлiк және коммуникация, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, елорда) атқарушы органдар.
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Ескерту. 5-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.06.24 № 703 Қаулысымен.
Бағдарламаны iске асыру үш жыл аралығын (2011 - 2013 жылдар) қарастырады.
Бiрiншi жыл аралығында (2011 жыл) бағдарламаны iске асыру мынадай алғашқы кезектi iс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайды:
1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығын толықтыру туралы мәселенi қарастыру;
2) кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерге алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырған, ерiктi түрде емдеуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жолдау және оларды медициналық-әлеуметтiк ақтау тәртiбi мәселесi жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудiң орындылығы мәселесiн қарастыру;
3) "қоғамдық орын" және "көше қылмысы" ұғымдарын нақтылау мақсатында нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
4) Қазақстан Республикасындағы есiрткiге тәуелдiлiк проблемасына көп деңгейлi зерттеу жүргiзу;
5) жергiлiктi атқарушы органдарға адамдарды маскүнемдiлiкке тәуелдiлiктен мәжбүрлеп емдеу үшiн наркологиялық ұйымдар желiсiн кеңейту туралы ұсыныстар енгiзу;
6) заңнамалық нормативтiк құқықтық актiлерге кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау мәселесi жөнiндегi жинақты дайындау және жариялау;
7) Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердi iшкi iстер органдарының көшi-қон бөлiнiстерiне ақпараттарды бере отырып, қонақ үйлерде тiркеу тетiктерiн құру;
8) жаңадан құрылған Көшi-қон полициясы комитетiнiң алдына қойылған мiндеттердi ескере отырып, IIМ-нiң Қарағанды академиясы жанындағы заңсыз көшi-қон мен адамдар саудасына қарсы күрес жөнiндегi мамандарды дайындайтын оқу орталығында бiлiктiлiктi арттыру курстарының оқу бағдарламасын кеңейту;
9) IIМ жоғары оқу орындарының бiрiнiң базасында табиғатты қорғау және криминалдық полиция, тергеу бөлiнiстерiнiң қызметкерлерi үшiн экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, ашу және тергеу мәселелерi жөнiндегi бiлiктiлiктi арттыру курстарын ұйымдастыру;
10) әкiмшiлiк полиция қызметкерлерiн жедел жағдайды талдауды ескере отырып, күштер мен құралдарды үнемдi бөлуге қабiлеттi бiлiктi басшы құраммен нығайту мақсатында бiлiктiлiк талаптарын қайта қарау;
11) жүктерi бар келген вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыру үшiн поездар мен жүктер туралы ақпараттарды дайындау, беру және қабылдауда бейнебақылау, қашықтықтан басқаратын ауқымды қақпаларды, электрондық-тензиметриялық таразылар мен аппаратураларды қондырып, мемлекетаралық, қиылысатын және түйiндi станцияларда коммерциялық қару бекеттерiне автоматтандыруды енгiзу мәселесiн зерделеу (Ресей Федерациясының шекаралық коммерциялық қарау бекеттерiнiң әдiсi бойынша);
12) тегiс ұңғылы, газдық, жарақат салатын патрондармен атуға мүмкiндiгi бар газдық және ұңғысыз қаруларды есепке қою мен сәйкестендiру үшiн қызметтiк қарулардың республикалық гильзотекасын қалыптастыру мәселесiн зерделеу;
13) қауiпсiздiк саласында халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi ЕҚЫҰ-ның iс-шараларына қатысу.
Екiншi және үшiншi жылдар аралығында (2012 — 2013 жылдар) бағдарламаны iске асыру мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
1) "Жол жүрiсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу;
2) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондары, жарылғыш заттар мен материалдар, оларды қолданып, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымы саласында кәсiпкерлiк қызмет i жүзеге асырушы заңды тұлғаларды орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызу, сондай-ақ көрсетiлген субъектiлерге тоқсан сайын тексерудi енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасына әкелiнетiн азаматтық және қызметтiк қаруларды олардың криминалистiк талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзiп, тиiстi қорытындыны беру жөнiндегi мамандандырылған зертхананы құрудың құқықтық аспектiлерiн зерделеу;
4) өмiрдiң қиын жағдайына тап болған адамдар үшiн халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартын енгiзу;
5) республика аумағында есiрткi арналарын анықтау мен жолын жабу жөнiнде бiрлескен iс-шаралар жүргiзу;
6) бiлiм беру ұйымдары мен жастар көңiл көтеретiн орындарда жедел-профилактикалық iс-шаралар өткiзу;
7) "Кендiр", "Арна", "Допинг" және т.б. арнайы жедел-профилактикалық iс-шараларды өткiзу;
8) нашақорлық пен уытқұмарлықтың профилактикасына бағытталған кең ауқымды ақпараттық-насихаттау науқанын ұйымдастыру;
9) республикалық және өңiрлiк деңгейде Халықаралық нашақорлықпен күрес күнiне (26 маусым) арналған акциялар өткiзу;
10) нашақорлық пен есiрткi бизнесi күресiнiң проблемаларына арналған "Наркопост" және "Есiрткiсiз болашақ" мерзiмдiк журналдарын шығару;
11) iшкi iстер органдарының кинология қызметiн дамыту жөнiнде iс-шаралар жүргiзу;
12) бостандығынан айырылу түрiнде жазаны өтеп келген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен ақтау проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференцияны өткiзу;
13) жол қауiпсiздiгi проблемалары жөнiнде қоғамдық пiкiр мониторингiн жүргiзу;
14) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелердi егжей-тегжейлi түсiндiру мен оқырмандардың хаттары мен сұрақтарына жауаптар бар жол қозғалысы қатысушылары үшiн жалпы республикалық журналды шығару;
15) талдау жүргiзу мен статистика функциясымен тiркеу және бейне бақылау жүйесiмен анықталған құқық бұзушылықтарды өңдеу жөнiндегi республикалық процессинг орталығын (бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, серверлердi, құрал-жабдықтарды сатып алу) құру;
16) автоматтандырылған бейне бақылау жүйесiн және Жол қозғалысы ережесiн бұзушылықты процессинг орталықтарымен тiркеудi енгiзу;
17) аумақтық iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiнiстерiн көлiк және басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
18) табиғат пайдалану саласында қылмыстардың ұйымдасқан нысандарын анықтау, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды тергеу және ашу бөлiгiнде әдiснама әзiрлеу және iшкi iстер органдарына енгiзу;
19) қарудың заңсыз айналымы саласында қылмыстарды анықтау мен тергеу жөнiнде құқық қорғау органдарының жұмыс тәжiрибесiн қорытындылау және әдiстемелiк нұсқаманы әзiрлеу;
20) iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiмен қажеттi ақпарат алмасу үшiн жолаушылар тасымалын (оның iшiнде такси) жүзеге асырушы кәсiпорындардың диспетчерлiк қызметiн пайдалану тетiктерiн пысықтау;
21) құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы проблемалары жөнiндегi әлеуметтiк зерттеулердi (сұрау салуларды) өткiзу.
22) Бағдарламаны iске асыру мониторингi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережелерiнде айқындалған тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |