Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы


) АКТ-нарығын ынталандыру



бет3/6
Дата30.06.2016
өлшемі380 Kb.
#167320
1   2   3   4   5   6

2) АКТ-нарығын ынталандыру
      АКТ саласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңалықтар мен өнертабыстарды жасауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, бизнес-модельдерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.
      АКТ-ны кеңінен қолдану, бірінші кезекте жылдан жылға артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкі трендімен байланысты. Бүгінгі күні Интернет, бұлыңғыр есептеулер, ұтқыр және мультимедиялық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
      Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ірі мемлекеттердің қатарына кіруіне қатысты батыл мақсаттары мемлекеттің білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бойынша зор күш жұмсауын талап етеді, қазіргі заманда оған тек АКТ-ны дамыту және енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
      Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
      Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша әлемде АКТ нарығының жалпы көлемі 2011 жылы 3 280 миллиард АҚШ долларын қүрады және жыл сайын 4 %-ға артуда. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2011 жылы 840 миллиард теңгені құрады, яғни Қазақстан ЖІӨ-нің 3,02 %.
      IDC бағалауы бойынша, барлық ІТ-нарығын көлемі 2011 жылы 207 миллиард теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өсім - 19,2 %. Бұл ретте нарықтың 88,6 %-ы жабдықтарға, 5,2 %-ы БҚ-ға, 6,2 %-ы ІТ-қызметтерге тиесілі. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер нарығының төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы  кәсіпорындарда инновациялық қызметтердің дамымағандығын көрсетеді және ол, ең алдымен, ғылыми-зерттеу қызметі тәуекелдерінің артуынан және елдегі АКТ компаниялар, ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының инновациялық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты.
      Сонымен бірге осы саладағы негізгі проблемалар АКТ құралдарының отандық өндірісі деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі, сондай-ақ, ІТ-білім берудің халықаралық стандарттары мен жаңа білім беру технологияларының трансферті мақсатында отандық ЖОО-лардың шетелдік университеттермен ынтымақтастығын дамытудың төмен деңгейі болып табылады.
      Міндеті: ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті отандық АКТ нарығын құру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 жылы - 3,8 %, 2020 жылы - 4 %;
      2) АКТ саласындағы инновацияларға жұмсалатын шығындардың үлесі 2017 жылы - ЖІӨ 0,5 %, 2020 жылы - ЖІӨ 0,9 %;
      3) елдегі АКТ саласындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2017 жылы - 7 %, 2020 жылы - 10 %;
      4) АКТ-парктердің саны 2017 жылы - 2, 2020 жылы - 4;
      5) АКТ саласында МЖӘ схемасы бойынша бизнес-инкубаторлардың саны 2017 жылы - 2, 2020 жылы - 4;
      6) МЖӘ схемасы бойынша ортақ қолданыстағы зерттеу зертханаларының саны - 8;
      7) PhD дәрежесіндегі АКТ мамандарының саны 2017 жылы - 200, 2020 жылы - 300.
      Қол жеткізу жолдары
      Қазақстанның АКТ нарығын дамытудың мемлекеттік саясаты мынадай шараларды қолдана отырып, отандық АКТ кәсіпорындарды қолдауға және АКТ саласындағы инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға бағытталады:
      1) өңірлік AT және технопарктері бар инновациялық зерттеу орталығы ретінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында АКТ-кластерін құру;
      2) бизнес инкубациялау тетігі бар шағын инновациялық және старт-ап компанияларды егістік және венчурлік қаржыландыру құралдарын дамыту;
      3) өзекті бағыттар бойынша салалық кәсіпорындарға арналған инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін қажетті инфрақұрылымы бар ортақ пайдаланымдағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларды құру: робот жасау, ұтқыр технологиялар, бұлыңғыр және Grid есептеулер, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі, мультимедиа технологиялары және басқалары;
      4) АКТ қызметтерді коммерцияландыру орталықтарын құру;
      5) ноу-хау технологиялық және зияткерлік трансфертін қамтамасыз ету мақсатында білімнің ғаламдық банкін пайдалану үшін шетелдік зерттеу және көп ұлтты корпорациялармен ынтымақтастық жасау;
      6) өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім мекемелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын қолданбалы зерттеу қызметіне белсенді түрде тарту арқылы ғылым — білім индустриясының тығыз ынтымақтастығын орнату;
      7) меншік әзірлемелерін ілгерілету бойынша университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында маркетингтік және коммерциялық қызмет машықтарын дамыту;
      8) АКТ саласындағы отандық кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығаруға көмек көрсету;
      9) еркін әрі ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдана отырып, бағдарламалық қамтамасыз ету мен АТ-қызметтер нарығын дамыту;
      10) акцияларының елу және одан көп акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тиесілі мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың, концессионерлердің, жүйе түзуші ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы кезінде тұрақты негізде АКТ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуды мониторингілеу және талдау жүргізу;
      11) ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға жатады.
      Нарықты білікті АКТ мамандармен қамтамасыз ету үшін білім бағдарламаларын АКТ саласындағы мамандарды даярлаудың әлемдік стандарттарына сәйкес жетілдіру жоспарланады.
3. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға
арналған ақпаратты орта құру 1) Адами капиталды дамыту АКТ саласындағы мамандардың компьютерлік сауаттылығын
мен білім деңгейін арттыру
      Бүгінгі күні АКТ-ны енгізу көп жағдайда ғылым, білім, экономикалық және әлеуметтік саланы дамытуды белгілейді, еңбек өнімділігі, өндірілетін тауарлар, қызметтердің сапасын, мемлекеттік билік органдарының жұмысының тиімділігін және олардың қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын арттыруға ықпал етеді. Алайда білімінің жоғары деңгейінсіз, жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды, жаңа технологияларды пайдаланатын қандай да бір саланың қызметкерлері енгізілетін АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдалануға, және тиісінше олар ұсынатын қызметтер мен орындалатын функцияларының сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, ақпараттық қоғамды құру кезіндегі негізгі мәселе тұрғындардың жалпы компьютерлік сауаттылығын арттырумен қатар, экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің бейінді бағыттар бойынша компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру болады.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ АКТ таралуының жоғары деңгейі және Интернеттің экономикаға, мемлекеттік басқаруға, азаматтардың күнделікті өмірі мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті. Алайда арнайы мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті арттырусыз телемедицинаға кеше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және т.с.с.
      АТ-мамандарды даярлаудың келеңсіз факторлары даму деңгейі төмен АКТ әдістеме, оларды даярлауға арналған білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары болып табылады. Халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби стандарттарды әзірлеу және бейімдеу, қазіргі заманғы АТ-мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жүйелері жеткілікті деңгейде дамымаған, бұл мамандарды даярлау мазмұнының индустрияның қажеттіліктеріне барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
      Қашықтан жұмыспен қамту нысандарын дамыту үшін 2012 жылы еңбек заңнамасына қашықтан жұмыспен қамту нысанын заңнамалық бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді. Алайда жұмыстың аталған нысанын кеңінен қолдану үшін нақты жағдай жасалған жоқ, дегенмен қашықтықта  жұмыс істейтіндер көптеген көрсеткіштерге әсер етеді, мысалы, жол кептелістерінің азаюы, экологияға келтірілетін зиянды төмендету, мәселенің әлеуметтік жағы (мысалы, мүгедектердің немесе жас балалары бар әйелдердің жұмыс істеуі), халықтың әл-ауқатын арттыру және т.с.с.
      Міндеті: Қазақстанда ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталдың дамуына жағдайлар жасау.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) адами капиталды дамыту индексі 2017 жылы - 0,764, 2020 жылы - 0,781;
      2) электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы — 60 %, 2020 жылы - 100 %;
      3) халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы - 80 %;
      4) қашықтықтан жұмыс істейтіндер саны 100 тұрғынға 2017 жылы - 7 адам, 2020 жылы - 20 адам.
      Қол жеткізу жолдары
      Қазақстанда ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін аталған бағдарламаның шеңберінде мынадай шаралар іске асырылатын болады:
      1) қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында қолданылатын АКТ біліктілігінің қажетті деңгейіне дейін арттыру үшін біліктілікті арттырудың мамандандырылған курстары ашылады;
      2) қашықтықтан жұмыспен қамтуды дамыту шеңберінде мынадай шараларды іске асыру жоспарланады:
      қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту бағдарламаларын іске асыру;
      қашықтықтан жұмыспен қамту жүйелерін енгізетін және бөлек еңбек ету мүмкіндігін беретін жұмыс берушілерді ынталандыру;
      3) халықтың және бизнестің ақпараттық қоғам мүмкіндіктеріне дайындығын арттыру мақсатында компьютерлік сауаттылықтың негізгі қашықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері (өз бетінше жұмыспен айналысушылар), жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыспен қамтылған жастар, сонымен қатар денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, қарттар мен әлеуметтік-қорғалмаған бөлігінің өзге де санаттарына жататын адамдар үшін электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша курс өткізіледі;
      4) АКТ саласындағы мамандардың деңгейін және жаңа технологиялардың жоғары өсімін ескере отырып, олардың біліктілігін арттыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:
      АКТ мамандықтары бойынша біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;
      АКТ мамандықтары бойынша кәсіби стандарттарды жасау;
      АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Білімді беру мен ғылымдағы АКТ
      Қазіргі заманғы АКТ дамуы білім беруді дамытудың қарқыны мен бағытын белгілейді: әдістемелер вариабельді, ғимараттар өндірістік тәжірибеге жақын болуы керек, ал оқытушылар жоғары білікті болуымен өздерінің әдістемелік және өндірістік біліктілігін үздіксіз арттырып отыруға міндетті болуға тиіс. Кері жағдайда АКТ-ның адами капиталды қалыптастыруға жасайтын ықпалы теріс болып шығады.
      Болашақтағы білім - бұл аралас білім, яғни білім беру процесіне күндізгі және желілік оқу нысандарының тартылу дәрежесі әртүрлі симбиозы. Қазіргі уақытта әлемде аралас (дәстүрлі және электрондық) оқыту тәжірибеге енгізілген. Халықаралық зерттеулерге сәйкес (Watson, John, 2008) болашақта аралас оқу нысаны орта білім беруде басымдыққа ие болмақ.
      Білім беру саласында АКТ-ны дамытудың барлық жаңа процестерін есепке алу және оларды білім беру процестерінде пайдалану елдегі білім беруді жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Орта білім саласына АКТ мүмкіндіктерін ғаламдық енгізу мақсатында 2011 жылы мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беруге (бұдан әрі - ТжКБ) электрондық оқытудың ақпараттық жүйесін (e-Learning) енгізу жобасы басталды. Алайда, бұл жоба цифрлық білім беру контентін стандарттау, білім беру ұйымдарын тегін немесе жеңілдікті КЖҚ қамтамасыз ету, оқушылар мен оқытушыларды жеңілдікті Интернетпен қамтамасыз ету сияқты бірқатар ілеспе міндеттерді шешуді талап етеді.
      Міндеті: АКТ енгізу арқылы Қазақстанның білім беру және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) ғылыми білім берудің бірыңғай ұлттық желісіне қосылған ғылыми білім беру мекемелердің үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы -100 %;
      2) ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті білім беру) балалар үшін АКТ көмегімен сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 %.
      3) мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімділіктегі электрондық контенттің көлемі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 90 %;
      4) ғылыми және ғылыми-техникалық электрондық мерзімді басылымдардың саны 2017 жылы - 2, 2020 жылы — 4.
      Қол жеткізу жолдары
      Білім беру саласына АКТ-ны толық ауқымда енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылды:
      1) мультимедиа-технологияны қолдана отырып, цифрлық ғылым және білім ресурстарын жүйелі түрде дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді;
      2) білім беру саласындағы стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестіріледі;
      3) мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленеді;
      4) мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін мониторингілеу және басқару бойынша ресурстарды құру жөнінде ұсыныстар енгізілді;
      Орта білім беру мекемелерінің білім беру процесіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
      1) электрондық оқыту жүйесінің жұмыс істеуі үшін оқытушыларды және электрондық оқыту жүйесінің әкімшілерін даярлау және біліктілігін арттыру;
      2) мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарының оқу процесіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
      1) ЖОО-лар жанында студенттердің өздерінің ғылыми жұмыстарын іске асыруы үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханалар құру жөніндегі ұсыныстарды қарау;
      2) білім беру процестерін электрондық форматқа көшіру: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, студенттердің өзара араласуы, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарының бәрінде студенттер мен оқытушылардың арасында жеке қарым-қатынас жасауы;
      3) білім беру процесіне мамандану бойынша нақты кәсіптік қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдер мен қосымшаларды тәжірибелік пайдалану курстарын оқуды (мысалы, экономика факультеттерінің студенттеріне - экономика саласындағы қазіргі заманғы бағдарламалық шешімдер) енгізу.
2) Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
      АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық көмек көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуде және қамтамасыз етуде өмірлік маңызды рөлге ие болады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары емделушілерге қашықтықтан мониторинг жүргізуге, емделушілер арасында ақпарат таратуды жақсартуға, медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті, әсіресе шалғайдағы аудандарда, мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін жақсартуға мүмкіндік береді.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске асырылды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Ауруханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлық емделушілердің электрондық тіркелімі»), «Дәрігерлік-санитарлық көмектің ынталандырушы қүраушысы» порталдары жұмыс істейді.
      Алайда шектен тыс төрешілдік проблемасы сақталып отыр, бұл өз кезегінде емделушілерге қызмет көрсетудің сапасына әсер етеді. Жылдан жылға емделушілердің дәрігердің кабинетіне кезегінің артуы байқалады, емделушілердің дәрігерді таңдауы кезінде балама көп емес, сондай-ақ оған бару уақытын жедел жоспарлай алмайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған проблемаларды АКТ-ны кеңінен енгізу, «электрондық денсаулық сақтауға» көшу арқылы жоюға болады, бүл медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыруға, емделушілерді диагностикалау және емдеудің жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз етуге, қағаздарды толтыруға кететін уақытты қысқартуға, және тиісінше оны тікелей емделушіге қызмет көрсетуге жұмсауға мүмкіндік береді.
      Міндеті: АКТ-ны барынша пайдалану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;
      2) «Электрондық медициналық карталармен» қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;
      3) денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін бірыңғай ықпалдастық тұғырнамасымен ықпалдастыру 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %;
      4) 100 медициналық қызметкерге есептегенде компьютерлер саны 2017 жылы - 60, 2020 жылы - 100.
      Қол жеткізу жолдары
      АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу арқылы халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
      1) ақпарат алмасу және ақпаратқа қолжетімділігі үшін елдің барлық медициналық мекемелерін ДСБАЖ-ға қосу;
      2) барлық бастапқы қағаз түріндегі медициналық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру (бұл ретте барлық медициналық құжат үшін бірыңғай формат қамтамасыз етіледі);
      3) қажет болған жағдайларда телекөпірлерді, консилиумдарды және саланың жетекші мамандарымен консультацияларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың қорғалған бірыңғай желісін құру;
      4) мекемелердің қызметі, мамандар, науқастарды қабылдау кестесі туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын бірыңғай ықпалдастырылған тұғырнаманы әзірлеу, енгізу және оған медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық ақпараттық жүйелерін және деректер қорын қосу, тұрғындардың Интернет желісі немесе ұтқыр телефония арқылы медициналық деректер қорына қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет арқылы жедел қолжетімділік мүмкіндігімен дәрігерге бару, ауруханаға жату, диагностикалық зерттеулер, амбулаториялық және стационарлы емдеулер туралы ақпаратты қамтитын, емделушінің қорғалған электрондық (ұтқыр) картасы арқылы нақты уақыт режимінде деректерді емделушінің электрондық картасына және емдеуші дәрігеріне жіберетін емделушінің денсаулық жағдайын мониторингілеу құрылғыларын енгізу;
      5) эпидемиялар мен ауру ошақтары, аурулар, олардың алдын алу және емдеу туралы мәліметтер, жарияланымдар, есептер, зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми және медициналық ақпараттың деректер қорын құру;
      6) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік препараттардың және олардың дәріханалар желісінде болуының жалпыға қолжетімді бірыңғай деректер қорын құру;
      7) емделушілердің тағайындау мұрағатына қолжетімділікті жедел алуға мүмкіндік беретін электрондық медициналық тағайындаулар мен рецептердің жүйесін құру;
      8) егде тартқан және жалғыз басты азаматтардың (60 жастан асқан) денсаулық жағдайын мониторингілеудің телемедициналық білезігін енгізу;
      9) жедел жәрдем қызметін автоматтандыру;
      10) АКТ және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және даярлау жүйесін құру.
3) Электрондық коммерцияны дамыту
      Электрондық коммерция - бұл біз үшін салыстырмалы түрде жаңа, ал Батыста және Оңтүстік Шығыс Азияда жақсы дамыған экономика сегменті, ол компьютерлік желілердің көмегімен барлық қаржылық және сауда транзакцияларын, осындай транзакцияларды жүргізуге байланысты бизнес-процестерді қамтиды. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде соңғы екі жылда неғұрлым қарқынды дами бастады, бұл интернет-пайдаланушылар санының артуымен, әлеуметтік желілер ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен және жетекші веб-парақшалардың Web 1.0 технологиялық тұғырнамасынан Web 2.0 тұғырнамасына көшуімен түсіндіріледі.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Бүгінгі күні Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлемнің индустриялық елдерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4 % құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шекті салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санының 20 %-ынан артық болған кезде және онда кемінде 2-3 жыл болғанда (онлайн төлеу қорқынышы кедергісін жою үшін жеткілікті уақыт) индустрияға айналады.
      Проблеманың екінші бөлігі - төлем карточкалары бойынша төлеу мәдениетінің жетіспеушілігі және e-commerce карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тартудың аса жоғары деңгейі. Қазіргі кезде барлық транзакциялардың тек 21 %-ы - төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер, ал қалғаны банкомат арқылы төлем карточкасынан ақша алу (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы тамыздағы деректері бойынша елімізде 11 млн. төлем карточкасына қолма-қол ақшаны алу бойынша 12,5 млн. транзакция және картадан 3,4 млн. қолма-қол төлемсіз төлем транзакциялары) сәйкес келеді. Интернетте төлем карточкасы бойынша төлеу туралы айтатын болсақ, жағдай бас тартулардың көптігімен тереңдей түседі (нарықтың түрлі ойыншыларының төлем карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тарту деңгейі 37-ден 48 %-ға дейін құрайды). Бұл қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің көбінің интернет-транзакциялар үшін төлем карточкаларын жабу салдары, ал ол негізінен жасанды кедергі болып табылады.
      Міндеті: электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерция үлесі 2017 жылы - 7 %, 2020 жылы - 10 %;
      2) электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі 2017 жылы - 30 %, 2017 жылы - 40 %.
      Қол жеткізу жолдары
      Электрондық коммерцияны дамыту үшін мынадай шаралар қабылданады:
      1) салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірленді;
      2) Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар (саны және көлемі) бойынша есептілікті қалыптастыру туралы мәселе қаралды;
      3) интернет-коммерсанттарды салықтық және кедендік преференциялармен және технопарктерге қатысу арқылы ынталандыру жүзеге асырылады;
      4) электрондық коммерция саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді;
      5) жалпы интернет-ортаны және негізінен интернет-бизнесті дамыту тақырыбына конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау және интернетте электрондық төлем құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылды.
4) Электрондық экономиканы қалыптастыру Өнеркәсіп саласындағы АКТ
      Ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды. Алайда отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен деңгейі жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және қарқынды өсуді көрсетпей отыр. Кәсіпорынның экономикалық базалары АКТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар кіріс қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл салаға аса көлемді емес, біржолғы шығындарды ғана жұмсауды қалайды.
      Қазіргі заманғы ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауы және барлық ішкі процестерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының енеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға артты.
      Бүгінгі күні ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны 1 848 құрайды.
      Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің деңгейі төмен екенін атап өту қажет.
      Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процестерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.
      Міндеті: қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндіріс құру үшін жағдай жасау.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %;
      2) өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімі көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындардың ұлғаюы 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 % (2012 жылға қатысты);
      3) кәсіпорынның үлестік АКТ-бюджетін арттыру 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы 50 % (2012 жылға қатысты);
      4) инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 15 %, 2020 жылы - 10 %;
      5) өнеркәсіп кәсіпорындарының жөнелтілген өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылы — 10 %, 2020 жылы - 20 %.
      Қол жеткізу жолдары
      Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісті құру үшін міндетті іске асыруға жағдай жасау жөніндегі мынадай шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады:
      1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың АКТ инфрақұрылымын дамыту;
      2) адам өміріне және денсаулығына қауіп деңгейі жоғары өндірістік процестердің барлығын роботтандыру;
      3) өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық және ішкі процестерді басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізу;
      4) отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту;
      5) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен салық және жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде қолдау құралдарын пайдалану арқылы өндірістік процесте энергия, ресурстарды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны енгізуге өнеркәсіптік кәсіпорындарда ынталандыру;
      6) жаңа өткізу нарығын ашу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік өнімдерін Интернет арқылы сатудың жаңа схемаларын дамыту және енгізу;
      7) қойма қорларын есепке алу процесін оңтайландыру, радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) технологияларын, геоақпараттық жүйелерді және ERP жүйелерін пайдалану арқылы жүктерді орналастыруды бақылау үшін өзінің логистикалық және қойма инфрақұрылымын дамыту;
      8) авариялық және басқа да төтенше жағдайларды жою және алдын алу үшін өнеркәсіп кәсіпорындары нысандарының агрегаттары мен тораптарының жағдайын мониторингілеу үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық тетіктерді пайдалану.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет