Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы


) Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу



бет6/6
Дата30.06.2016
өлшемі380 Kb.
#167320
1   2   3   4   5   6

4) Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу
      Ақпараттық қоғамға өту жағдайында мемлекет міндеттерінің бірі әр азаматтың ел өміріне қатысу деңгейін, қоғамдық ынтымақтастықты және билікке сенімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазіргі уақытта мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі негізгі функциялар ақпарат саласындағы уәкілетті органға жүктелген. Алайда бұл тәжірибенің бірқатар кемшіліктері бар, олардың қатарында түпкілікті ақпараттық өнімнің тиімділігі үшін жауапкершіліктің нақты болмауын, нақты қызмет пен оның БАҚ-та ақпараттық көрінісінің арасындағы уақыттық және мазмұндық алшақтықтың болуын атап өтуге болады.
      Әртүрлі мемлекеттік органдар арасында іске асыру және PR-сүйемелдеу мәселелерін бөлу мемлекеттің имиджін жақсарту мақсаттарын көздейтін тиімділігін төмендетеді. Ақпарат саласындағы уәкілетті органда толық ақпарат үнемі бола бермейді және қолда бар салалық ерекшелікпен таныс емес, ал басқа мемлекеттік органдардың өздерінің жетістіктерін ілгерілету үшін тиісті бюджеті мен құзыреті болмайды.
      Сонымен қатар, мемлекеттік органдар жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін толыққанды пайдаланбайды, соның салдарынан елдің азаматтары мемлекеттің қызметі туралы қолда бар ақпаратқа жаппай қолжетімділік ала алмайды.
      Міндеті: мемлекеттің қызметін жария ету және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және үйлестіру жүйелерін жетілдіру.
      Нысаналы индикаторлар:
      1) мемлекет қызметінің негізгі және әлеуметтік маңызы бар бағыттары туралы тұрғындарды хабардар ету деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша) 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы - 75 %.
      2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 100 %.
      Қол жеткізу жолдары
      Мемлекеттің ақпараттық жұмысы азаматтарға ұсынылатын ақпараттың толық, уақтылы және дұрыс қамтамасыз етілуіне баса назар аударылып, қайта қаралатын болады.
      Ол үшін бірыңғай мемлекеттік PR-стратегияның шеңберінде мемлекетті ақпараттық сүйемелдеу бойынша бүкіл белсенділікті біріктіру талап етіледі. Ол мемлекет қызметінің жекелеген аспектілерін ілгерілететін, бірақ жиынтығында, мемлекеттік ақпараттық саясат мақсаттарына қол жеткізбейтін көптеген салалық медиа-жоспарларды алмастыруға тиіс. PR-стратегиясы тұрғындардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтитын болады: білім беру, еңбек қызметі, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, азаматтық құқықтар және т.б. Бірыңғай орталықтан барлық мемлекеттік органдар бойынша әртүрлі телекоммуникация арналарын қолдануы мен ақпаратты беру форматы жағынан реттеліп отырады.
      Бірыңғай стратегия іскерлік қоғамдастық өкілдері мен барлық санаттағы азаматтардың ақпараттық сұранысы мен ақпаратқа қол жеткізудің қалаулы арналарын ескереді. Мемлекеттік органдардың интернет желісіндегі әлеуметтік алаңдардағы көрініске ерекше назар аударылатын болады.
      Ақпараттық кеңістікті басқарудың тетіктерін жекелеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік салаларын, өкілеттіктері мен функцияларын нақты шектей отырып, мемлекеттің стратегиясын айқындайтын бірыңғай басқару орталығын бөле отырып,  қарау қажет болады. Жаңа тетік ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін көрсететін, қайталауды болдырмайтын және мемлекеттің ақпараттық жұмысын еліміздегі маңызды оқиғалар кезеңінде назарға алатын болады. Ұйымдастырушылық деңгейде бұл мынадай өзгерістерге әкеледі:
      1) мемлекеттік органдардың баспасөз-қызметтері толыққанды PR-бөлімшелеріне ауыстырылуда оларға өздерінің салалары бойынша қорытынды ақпараттық өнімге жауапкершілік жүктейді, ол жұртшылықтың негізгі ақпараттық сұраныстарын уақтылы анықтауды, жарияланымдарда көрініс табатын конструктивті сынға мемлекеттің ұстанымын жедел жариялауды көздейді;
      2) мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың PR-құралдары арқылы сүйемелденуі олардың өздерінің бюджеттерінің шеңберінде көзделген, бұл ретте жаңа технологияларды қолдануға, оның ішінде әлеуметтік медиаға басты назар аударылатын болады, мемлекеттік тапсырыс еліміздегі ең маңызды оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеуге бағытталады, ұлттық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу арқылы жалпыұлттық маңызы бар әлеуметтік, мәдени және білім беру міндеттері шешіледі.
      Жалпы мемлекетке мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарының басым рөлін нығайту бойынша бағдар белгілеу қажет, оған жоспарлы әдістемелік жұмыс арқылы мыналарға қол жеткізуге болады:
      1) БАҚ-тың және қоғамның сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің жедел ден қоюын арттыру;
      2) халықтың Интернет желісі мен ұтқыр коммуникация құралдарына жаппай қолжетімділігін есепке ала отырып, мемлекеттік тапсырыстың құрылымын қайта қарау;
      3) мемлекеттік сайттардың ақпараттық және қолданбалы сервистерінің сапасын жақсарту;
      4) жаңалықтарды верификациялау және ақпараттық оқиғаларды, БАҚ арқылы түрлендіретін мемлекеттік емес қызметтердің дамуына ықпал ету.
      Халықты мемлекеттің қызметі туралы хабардар ету деңгейі мемлекеттік органдардың БАҚ аудиториясымен тікелей краудсорсинг технологиясын қоса алғанда, өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Іске асырудың барлық кезеңдерінде құнды ақпараттық-талдау жүргізілгенде мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметін жоғарыда жазылғандай ауқымды қайта құру қажет болады. Қазақстандық әлеуметке ақпараттық қоғамның жай-күйіне біртіндеп өтуі осы міндеттерді шешудің ахуалдық және формальды бағыттарын жоятын болады. Осыған байланысты қызмет мынадай бағыттар бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады:
      1) ақпараттық алаңды талдау мен мониторинг жүргізу;
      2) Қазақстан жағдайларында ақпараттық саясатты, тиімді медиа-технологияларды, оның ішінде Интернет саласында орнатудың және жүргізудің үздік шетелдік тәжірибесін зерттеу, бейімдеу және енгізу бойынша тұрақты (Жұмысты ұйымдастыру);
      3) ақпараттық қажеттіліктерді және халықтың проблемалық, форматтық және жанрлық қалауын зерттеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу, мемлекеттік ақпараттық саясатты түзету бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      4) масс-медиа саласындағы талдамалық зерттеулердің, БАҚ деректерін талдау негізінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету.
      Ақпараттық кеңістікті мониторингілеу, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелерін әдістемелік және талдамалық қамтамасыз ету бойынша бизнес-процестерді тиісті технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін отандық мемлекеттік құрылымдарды қазіргі заманғы телекоммуникациялық жабдықтармен, ақпаратты жинау және ұзақ мерзімді сақтау құралдарымен, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мәтіндік, аудио-, бейне деректерді өңдеу жүйелерімен және материалдық-техникалық қордың өзге де элементтерімен жарақтандыру мәселесі пысықталады.
      Осы міндет шеңберінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар енгізілетін болады. Бұл әртүрлі деректердің біртұтас алгоритмін қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына баға берудің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адам мүмкіндіктерінің шектеулі болуымен сипатталатын дәстүрлі әдістерді пайдалану мүмкін болмаған кезде ауқымды деректерді жедел өңдеу мүмкіндігі елеулі пайда әкеледі.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
      1-кезең - 2013 - 2017 жылдар;
      2-кезең - 2018 - 2020 жылдар.
      Осы Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленді.
      Кезеңдердің әрқайсысында Бағдарламаның жылдар бойынша іске асырылу барысын және бағдарламалық іс-шаралардың ақпараттық қоғамға көшуге дайындыққа әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.
      Бірінші кезеңде (2013 - 2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтқанда, нормативтік құқықтық актілерді оларға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі тұрғысынан қайта қарау, үлгі архитектураларды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау, «ұтқыр үкімет» құру, «электрондық үкімет» порталын дамыту, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізуді бастау жоспарлануда.
      Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп АКТ-ны енгізуді бастау, AT мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды бастау, сондай-ақ барлық салалардағы бейінді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті оқытуды бастау жоспарланады.
      Ақпараттық салада БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық жаңғырту, қазақстандық масс-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарлануда.
      Екінші кезеңде (2018 - 2020 жылдар) бірінші кезеңнің іс-шараларын іске асыру жалғастырылатын болады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.
      Екінші кезең аяқталғаннан кейін Бағдарламаның мақсаты - ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайлар жасауға қол жеткізіледі.
6. Қажетті ресурстар
      Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін мемлекет пен жеке меншік сектордың қаржы ресурстары шоғырландырылады, бұл ретте мемлекет АКТ-ны дамытуды жүйелік және секторалды қолдау шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншік сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға назар аударады. Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын тікелей шығындардың болжамды көлемі мынадай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі:
      1) жеке меншік ішкі және сыртқы инвесторлар;
      2) мемлекет қатысатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қаражаты;
      3) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың секторалды және жалпы жүйелік шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет.
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары
      Бағдарламаны іске асыруды басқару мәселелерін үйлестіруді Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы іске асырады.
      Бағдарламаны орындауды мониторингілеу және бағалау тетіктері әзірленеді және бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы тұрғындардың Бағдарламаны іске асыру нәтижелері жөнінде ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
      Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша осы Бағдарламаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет