Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет45/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: Қаймықпау – қорықпау деген екенін түсіндіру.
Дидактикалық ойын: "Балық аулау".
Билингвалды компонент: балық – рыба.
Ойын шарты: педагог қармақтың басына магнит орналастырады және қағаздан жасалған балықтарды қыстырғышпен сұрақтар жапсырады.
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 32 тапсырмамен орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің ұнағанын балалар смайлик көрсету арқылы білдіреді.
33 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Ү» дыбысы
Мақсаты: "Ү" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дыбыстық талдау жасайды
Түсінеді: «Ү» дыбысымен «Ұ» дыбысының ұқсастығын; Қолданады: сөздердің ішінен жаңа дыбысты табуды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптер, ойыншық үйрек, смайликтер.
Сөздік жұмыс: бөбек.
Билингвалды компонент: үйрек – утка.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, бізге бүгін қонаққа алыстағы көлден Үйрек келіпті. (Үйректі көрсету).

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Билингвалды компонент: үйрек – утка
2. Негізгі кезең
–Кәне, бәріміз «үйрек» – деп айтайықшы.

  • Үйрек қай дыбыстан басталады?

Бүгін біз «Ү» дыбысымен танысамыз.
«Ү» дыбысы – дауысты дыбыс.

  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

«Ү» дыбысы балалар «Ұ» дыбысына ұқсайды. Бір-біріне ұқсас ағайынды дыбыстар. Екі дыбыс та – дауысты дыбыстар.
«Ү» дыбысының айтылу артикуляциясы мынадай.
Ерін алға созылып, түтікшеге ұқсайды тіл, ауыз қысылып ұшы сүйірленіп, жоғары көтеріңкірейді. Дауыс шымылдығы ашық болады.

  • «Ү» дыбысын, кәне, айнаға қарап айтыңдаршы.

Тіл жаттықтыру.
Үс-үс-үс – көрдім бүгін түс.
Үш-үш-үш – бойға жинап күш. Үй-үй-үй – алыста тұр киіз үй.
«Ү» дыбысына кездесетін сөздерге мысалдар айтқызу.
«Ү»дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін айтып кету.
Сергіту сәті:
Басбармағым бастап берді, Саусақтарым ән сап берді. Шылдыр шүмек шылдырлады, Кіші бөбек былдырлады.
Сөздік жұмысы: Бөбек – сәби.
«Ү»дыбысын өлең сөзінде, қай сөзде кездесіп тұрғанын айтыңдар.

  • Екі көзің не үшін керек?

  • Екі қолың не үшін керек?

  • Құлақ деген не үшін керек?

  • Жүрек деген не үшін керек? Тіл мен жағың не үшін керек?


  • Балалар, сендер осы өлең жолында «Ү» дыбысы бар сөзді, есте сақтадыңдар ма?

"Үтік "сөзіне дыбыстық талдау жасау .

  • Ү қандай дыбыс?

  • Т қандай дыбыс? – І қандай дыбыс?

  • К қандай дыбыс?

Дидактикалық ойын: «Сөз ойлап айт».
Ойын шарты: Педагог әр балаға қалам таратады. Берілген дыбысқа сөз құрап айтады. Кім көп сөз айтса, соның қаламы көп болады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 33 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет