3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің ұнағанын балалар смайлик көрсету арқылы білдіреді.
№ 34 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Ү» дыбысы.
Мақсаты: "Ү" дыбысын қайталау.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту. Саусақ моторикасын дамыту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Түсінеді: «Ү» дыбысы төл дыбысы екенін;
Қолданады: дыбысты дұрыс айтуды, сөйлем құрастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: базарлы үй. Билингвалды компонент: су – вода.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызады.
Өлең шумағын айтады.
Отаным менің кең-байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт қаласы, Ел – Отан біздің кең-байтақ, Отанның біздер баласы.
Негізгі кезең
Балалар, сендер өткен оқу қызметінде алыстағы көлдегі үйректі қарсы алғансыңдар.
–Үйрек қайда жүзеді?
Үйрек қай дыбыстан басталады?
«Ү» деп бірге қайталап айтыңдаршы.
Педагог балалардан «Ү» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясын сұрайды.
«Ү» дыбысын өткен дыбыстарға қосып сөз құрау: Үн, сүт, түс, үш, үс.
Педагог қысқа сөздерге дыбыстық талдау жасатады.
С қандай дыбыс?
Ү қандай дыбыс?
Т қандай дыбыс?
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Ойын шарты: педагог бір құстың немесе жәндік пен жануарлар атын айтады, балалар не керек екенін айтып береді. Мысалы: Үйрекке не керек?
Қоянға не керек? Сергіту сәті:
Топ, топ – добым домалақ, Қайда кеттің домалап?
Бір, екі деп екі ұрдым, Шатырға сен секірдің.
Балалар «Ү» дыбысы – қазақтың төл дыбысы. «Ү» дыбысын дұрыс айту керек. Дұрыс айта алмаған бала қазақ тілін дұрыс сөйлей алмайды.
Тіл ұстарту. Үз-үз-үз – суда еркін жүз.
Достарыңызбен бөлісу: |