3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Бүгінгі сабақта не ұнады?
№4 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлім:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Сөз туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсаты: Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп, айыра білуге үйрету.
Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету, сызбалар жасауға үйрету. "А" дыбысымен таныстыруды кеңейту, танып білуге деген қызығушылықтарын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дыбысты ауада жазуды, мақал-мәтел ішінен «а»дыбысы бар сөздерді табуды, ұзын, қысқа таяқшаларды жазуды;
Түсінеді: дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейтінін, дауысты дыбыс еркін кедергісіз айтылатынын, сөздердің ұзын, қысқа болатынын;
Қолданады:дыбыстардың дауыссыз, дауысты екенін текшелермен көрсетуді, допты қағып алып «а» дыбысынан сөздер айтуды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: ұзын – длинный, қысқа – короткий.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Балалар шеңберге жиналады.
Өзім жақсы баламын, Ана тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне де, барамын.
Негізгі кезең Педагог:
Аналарыңа үй жұмысына көмектесесіңдер ме?
Жарайсыңдар, анаға әркезде көмектесу керек. «Ана» сөзі қай дыбыстан басталады?
Өте жақсы, балалар, сендер өткен тақырыпты ұмытпапсыңдар. – «А» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па?
«А» дыбысының жуан дауысты дыбыс екенін қалай білдіңдер?
Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
Педагог: балалар мен мақал-мәтел айтамын, ішінде «А»дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап қалыңдар.
Мақал-мәтел
Анаңа рақым етпесең, Балаңнан рақым күтпе.
Ақылды қызға ана көп, Аяулы жанға пана көп.
Педагог:
Балалар, сөздердің ұзын, қысқа болатынын өткен тақырыпта өткен болатынсыңдар.
Естеріңе түсіріп өз есімдеріңді, қолдарыңмен өлшеп айтып көрсетіңдерші. Билингвалды компоненттерді қайталатады.
Сергіту сәті:
Кәне, қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық. Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық, Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
Дидактикалық ойын: «Сөз айт, тез айт»
Ойын шарты: доппен орындалады. Балалар бір-біріне доп лақтырып, «А» дыбысынан басталатын сөздерді айтады.
Педагог балаларға саусақ бұлшық еттерін дамыту жаттығуын жасатады.
Басбармағым бастап берді, Саусақтарым ән сап берді,
Шылдыр шүмек шылдырлады, Кіші бөбек былдырлады.
Жұмыс дәптердегі № 4 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |