Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет32/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, оқу қызметінде түсінген, түсінбегендеріңді смайликтерді көтеру арқылы көрсетейік.
21 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «С» дыбысы.
Мақсаты: «С» дыбысымен таныстыру;
Міндеттері: Балаларға дыбыстық талдау жасауды үйрету. Сөздерді буынға бөлуді дамыту. Саусақ моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:сөздерді буынға бөлуді; Түсінеді: сөздердің буыннан құралатынын; Қолданады: дыбыстарға сөздер құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері, әуе сары шары.
Сөздік жұмыс: әуеден ұшып келеді. Билингвалды компонент: сөз – слово.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар әліпбиден бізге қонақ келіпті. Есік қағылады, әуеден сары шар ұшып келеді.

  1. Негізгі кезең:

  • Балалар, мына шардың түсі қандай?

  • Сары сөзі қандай дыбыстан басталады?

  • Кәне, бірге «С», – деп айтайық.

  • Енді айнаға қарап, «С» дыбысын тағы да айтайық.

  • Сендердің еріндерің қалай керілді?

«С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы.
Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «С» дыбысы қысылып шығады. «С» дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс.

  • Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

Тілге жаттығу жасату.
Са-са – сана
Се-се – кесе
Со-со – сона
Ес-ес – пышақпен кес.

  • Балалар, сендер «С» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.

Айтқан сөздерін буынға бөлгізу. Буыннан сөз құралатынын естеріне түсіру. Билингвалды компонент: сөз – слово Сергіту сәті:
Тікірейген құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп Беті-қолын жуады.

  • Енді, балалар, с дыбысына сөздер ойлайық.

Осы сөздердің ішіндегі «Сан» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
С – дыбысы қандай дыбыс?
А – қандай дыбыс?
Н – қандай дыбыс?
Дидактикалық ойын: «Мен айтайыншы»
Ойын шарты: педагог әртүрлі дыбыстарды үнтаспадан тыңдатады, балалар дыбысты ажыратып, қай дыбыс дыбысталғанын айтады.

  • Балалар, сендер мұқият тыңдаңдар. Мен сөз айтамын, жоқ дыбысты сендер айтасыңдар. Сағат соқты - ...ырт.

Бақылдайды бақа- ...ақ - ...ақ
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 21 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет