Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет33/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?
22 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «С» дыбысы.
Мақсаты: «С» дыбысымен таныстыру;
Міндеттері: Балаларға дыбыстық талдау жасауды үйрету. Буынға бөлуді үйрету. Ауызекі сөйлеу тілдерін, ақыл-ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дыбыстық талдау;
Түсінеді: «С» дыбысының дауыссыз екенін;
Қолданады: сөздер арасынан дауыссыз дыбысты анықтауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем сурет, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: әуе шары – воздушный шарик, сары – желтый.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Бір-біріне жақсы сөздер айтады.

  1. Негізгі кезең

  • Балалар, өткен тақырыпта сендер қай дыбыспен таныстыңдар?

  • Естеріңе түсіріңдерші, «С» дыбысынан басталатын сөздерді.

  • «С» дыбысы қандай дыбыс?

Енді, балалар, осы «С» дыбысын өткен дыбыстарға қосып сөз құрайық.

  • Балалар, сөздерге дыбыстық талдау кезінде, дыбыстардың несін ажыратамыз?

  • Балалар, мына суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар?

  • Осы сөздерді буынға бөліңдерші неше буыннан жасалады екен?

  • Бір буында неше дауысты дыбыс болады?

Дидактикалық ойын: «Дауыссыз дыбыстарды анықта»
Ойын шарты: педагог өткен дыбыстарды атайды, балалар сол дыбыстан басталатын сөз айтады.
Сергіту сәті:
Ақшақар
Айналамда ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек.
(З.Шүкіров)
Тіл ұстарту.
Са-са-са – ызыңдайды маса,
Ағаш болар таса.
Дидактикалық ойын: « Ойлан тап»
Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жауабын табу арқылы сөйлем құрайды.
Мысалы:
Бақшада жер қазып,
Жиып алды жез қазық.

  • Шешуі: сәбіз.

  • Неліктен жез қазық делінген?

  • Жез сөзі бұл жерде қызғылт деген мағынаны білдіріп тұр. Қазық дегені сәбіз жерге қазық сияқты қадалып тұрғанын білдіреді. Саусақ бұлшық етіне жаттығу жасату.

Сорпаға тұз себемін, Дәмін оның көремін. Тұз аз болса тағыда,
Азырақ тағы себемін.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 22 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет