Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыру. Міндеттері



бет30/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлгізу. Көркем сурет бойынша әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: саусақ бұлшық еттерін дамыту жаттығуын жасайды; Түсінеді: дыбыстың дұрыс айтылу артикуляциясын; Қолданады: сөздердер құрап, буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: шулайтын. Билингвалды компонент: бақа – лягушка.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінің қазір қай айы?

Күз мезгілінің соңғы айы суық, ызғарлы, болып соңы қарға ұласады.

  • Бүгін аптаның қай күні?

2. Негізгі кезең:
Осы кезде сарқыраған судың дыбысы естіледі.

  • Балалар, тыңдаңдаршы ненің дыбысын естіп отырсыңдар?

Тағы да ненің дыбысы естіліп тұр?
Осы кезде үстел үстіне бақа шыға келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Балалар, бақа бүгін алыстағы көлден қонаққа келіпті. Сендердің ақылды, білімді екендеріңді көргісі келеді. Сондықтанда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын сендер ойланып айтасыңдар.

Билингвалды компонент: бақа – лягушка.
Жұмбақ.
Алыста көлде,
Кеште де, түнде.
Бақ-бақ етіп,
Шулайтын ол не?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Бақа сөзі «Б» дыбысынан басталады.

Педагог бақа сөзін екі тілде айтады.

  • Кәне, бірге «Б», – деп қайталайық.

«Б»дыбысының дұрыс айтылу артикуляцсиясы.
Ерін бір-біріне жабысып тиеді, дауыс екпінімен «Б» дыбысы пайда болады.

  • «Б» дыбысын ұзақ айтуға келмейді «М» дыбысына ұқсап кетеді екен?

  • Сондықтан да «Б» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па ?

  • Иә, "Б"дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс.

  • Ал дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауысты дыбыстарды қандай түсті текшемен белгілейміз?

  • Ал дауыссыз дыбыстарды ше?

  • «Б» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.

  • Енді осы сөздерді буынға бөлейік.

  • Ба-қа, бал-ға, бал-та, бұ-ғы.

Сергіту сәті:
Саусағымда сақина
Санап көрші, кәнеки,
1, 2, 3 – бір, екі, үш –
Демалайық жинап күш.
Тілге жаттығу жасату.
Ба-ба – бақа.
Та-та – тасбақа.
Дидактикалық ойын: «Жоқ дыбысты тауып айт»
Ойын шарты: педагог өлең оқып, соңғы дыбысын айтпайды. Балалар өздері қосып айтады. Мысалы: Көлде жүрген бақ....
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 19 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет