Билингвалды компонент: аң – зверь, таң – утро, оңға – направо.
Дидактикалық ойын: "Буынға бөл"
Педагог: Мен сендерге әртүрлі заттардың суреттерін көрсетемін. Сендер суреттерді атап, шапалақпен буынға бөлесіңдер.
Саусақтарға жаттығу: "Өнерлі екен он саусақ".
Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №23 тапсырма орындалады.
Педагог көмек қажет балаларға көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. – Не ұнады, не қызықты болды?
№24 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "Ң" дыбысы .
Мақсаты: "Ң" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау. Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу, олар табиғаттың бөлігі екенін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Ң дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау; Түсінеді: "Ң" дыбысы дауыссыз дыбыс екенін;
Қолданады: "Ң" дыбысын сөз ішінде дұрыс айтады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: орамал, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: орамал – платок.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері. Балаларды шеңберге жинап, күн нұрының сәулесіндей бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгі кезең
Бүгінгі оқу қызметінде "ң" дыбысын қайталаймыз.
"Ң" дыбысы қай дыбысқа жатады?
Дыбыстарды не істейміз ?
"Ң" дыбысы қазақтың төл дыбыстарының бірі, оны таза, дұрыс айтып үйренуіміз керек. Сөздік жұмыс. Тың, шың, іңір, сіңір сөздерінің мағынасын педагог түсіндіреді.
["Ң"] дыбысына жаттығу:
Мұрынды ұрып үнменен,
"Ң"-ды айтсаң болар "н" деген. Қазақша сөйлей алмайды, "Ң"-ды айта білмеген. Мен жүремін тыңда да, Іңірде де мен бармын.
Мен отырам шыңда да, Сіңірде де мен бармын. "Ң" аяқтар мыңды да, "Ң" аяқтар заңды да. "Ң" аяқтар аңды да, "Ң" аяқтар маңды да.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Бойымызға күш жинап, Бір демалып алайық.
Дидактикалық ойын: "Орамал тастамақ".
Ойын шарты: педагог өтілген дыбыстар бойынша дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек.
[с, б, м, қ, о, р, ғ, н, т, а].
Достарыңызбен бөлісу: |