Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет39/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
27 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "І" дыбысы
Мақсаты: "І" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөзге дыбыстық талдау жасату, жазуға жаттықтыру, сөздік қорын, тілін дамыту. Түрлі сызықтар, штрихтар жүргізуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: "Ілмек", "іні" сөздеріне дыбыстық талдау жасайды; Түсінеді: "І" дыбысының жіңішке дауысты екенін; Қолданады: сөздерді буынға бөлуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, жұмыс дәптері, қолайна. Билингвалды компонент: есім – имя, ұзын – длинный, қысқа – короткий.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, барлықтарыңның аттарың, яғни есімдерің бар. Олар қалай естіледі екен, айтып көрейікші. Шаттық шеңберінде тұрып өз аттарыңды дауыстап айтуларыңды сұраймын. Сендер дайынсыңдар ма? Есімдеріңді өлшеңдер. Кімнің есімі ұзын, ол қол шапалақтайды. Ал кімнің есімі қысқа, ол айналады.

  • Жарайсыңдар! Сендердің есімдерің – мағыналы да, мәнді есімдер.

Билингвалды компонент:есім – имя, ұзын – длинный, қысқа – короткий.

  1. Негізгі кезең

Педагог анықтаманы қайталайды. Барлық сөздер дыбыстардан тұрады, дыбыстарды естиміз. Егер сөзде дыбыс көп болса, ұзын сөз болады, ал дыбыс саны аз болса, қысқа сөзді құрайды.

    • Біз өткен тақырыптардан кейбір дыбыстарды созып немесе әндетіп айтуға болатынын білеміз. Ол дыбыстарды айтқанда ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамайды. Олар – дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды, дауысты дыбыс таңбасымен белгілейміз. Біз бүгін дауысты дыбыстың бірі – «І» дыбысымен танысамыз.

Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр.
Бұл не? Бұл – «і» дыбысы.
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан жіңішке болып бөлінеді. "І" дыбысы – жіңішке дауысты дыбыс, "ы" дыбысы – жуан дауысты дыбыс. Мысалы: "ы-і", "ұ-ү", "а-ә", "о-ө".
Дидактикалық ойын: «Буынға бөлу»
Ойын шарты: тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Тақтаға шыққан бала балғаны үстелге ұру арқылы суреттегі заттың атын буынға бөледі.

    • Балалар, қазір біз "ілмек" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз. Бірінші тұрған дыбыс қандай дыбыс? І-і-ілмек?

    • "І" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

    • Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

    • Іл-л-лмек, екінші қандай дыбыс естіліп тұр?

    • "Л" дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?

    • Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

Педагог үшінші дыбысқа ерекше тоқталып оқиды.

    • Ілм-м-мек. Үшінші дыбыс қандай дыбыс?

    • "М" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Ендеше оны қандай түспен белгілейтін едік?
Педагог төртінші дыбысты созып оқиды. – Ілме-е-ек.

    • Төртінші дыбыс қандай дыбыс екен?

    • "Е дауысты ма әлде дауыссыз ба?

    • Қандай түспен белгілейміз?

    • Енді соңғы дыбыс қалды, ілмек-к-к.

    • Соңғы дыбыс қалай аталады?

    • "К" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

    • Қандай түспен белгілейміз?

    • Ілмек сөзінде барлығы неше дыбыс бар? Нешеуі дауысты дыбыс, нешеуі дауыссыз дыбыс?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет