Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "Ә" дыбысы
Мақсаты: "Ә" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: суретке қарап, сөйлем құрайды;
Түсінеді: сөздерден сөйлем құралатынын "ә" дауысты дыбыс екенін; Қолданады: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, жұмыс дәптер. Билингвалды компонент: сөйлем – предложение.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шаттық шеңберінде тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:
Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз.
Негізгі кезең
Педагог ұл баланың суретін көрсетіп: «Әсет – деген бала», – деп таныстырады.
Әсет – әдепті бала. Біздің арамызда Әсет сияқты балалар бар ма екен? Әсеттің үлкен әжесі, әпкесі және кішкентай әлдиі бар. (Әженің, әпкенің, әлдидің суреттерін көрсетеді). Әсеттің анасының аты – Әмина.
Әже, әке, Әмина, Әсет, әлди. Бұл сөздер қай дыбыстан басталып тұр?
Балалар, "ә" дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?
Кәне, бәріміз айнаны алып, "ә" дыбысын қайталайық.
"Ә" дыбысы ауыз қуысынан еш кедергісіз шығады. "Ә" дыбысын созып немесе әндетіп айтсақ болады. Ә-ә-ә-ә. Сондықтан да "ә" дыбысы жіңішке дауысты дыбыс және оны қызыл текшемен белгілейміз.
«Ә» дыбысы қазақтың төл дыбысы екенін айтып өту.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Біз бақытты баламыз.
Гүл-гүл жайнап жанамыз, Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Балалар, біз дыбыстардан сөз құралатынын білеміз. Әтеш, әткеншек – бұлар сөздер, сөйлем болу үшін бір аяқталған ойды білдіру қажет. Бір сөзден сөйлем құралмайды.
Ендеше, осы сөздерден сөйлем құрап көрейік.
"Әтеш" – бұл тек үй құсының атауын білдіріп тұр. Аяқталған ой жоқ. Онда «әтеш» сөзі сөйлем емес.
Әтеш әдемі екен. Бұл сөйлем бе?
Дұрыс айтасыңдар, сөйлем, өйткені аяқталған ойды білдіріп тұр. Әтештің әдемі екенін хабарлап айтып тұр.
Сөйлем үш сөзден құралып тұр. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты. Сызбамен жұмыс: Сөйлемдегі сөздерді тіктөртбұрыштармен белгілейміз. Әр сөздің арасына арақашықтық тастаймыз. Сөйлемнің соңына нүкте қойылады.
Дидактикалық ойын: "Кім шапшаң сөйлем құрайды?"
Педагог суреттері көрсетеді (көбелек, көлік, тарақ, кітап т.б.). Балалар суретке байланысты 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |