Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет42/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Билингвалды компонент: сөйлем – предложение.
Балалар құраған сөйлемдерді талдайды.
Педагог балалардың құраған сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсетеді.
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу: "Бір үйде біз нешеуміз?"
Басбармақ – әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – әпкем, Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Жұмыс дәптермен жұмыс: Дәптердегі № 29 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметіндегі түсінбегендерін балалар смайликпен көрсетеді, түсінгендерін басбармақ арқылы көрсетеді.
30 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "Ә" дыбысы
Мақсаты: "Ә" дыбысын таныстыру.
Міндеттері: Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету.
Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Саусақ моторикасын дамыту. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
Түсінеді: "Ә" дыбысының дауысты, жіңішке екенін;
Қолданады: дыбыстарды бөлінуіне қарай түрлі түсті текшелермен көрсетеді.
Қолданылатын көрнекі құралдар:жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: нан – хлеб.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға Әліппе кітабын, әліпбиді көрсетеді, таныстырады. Әліппемен мектеп табалдырығын аттаған кезде танысатындарын айтады.

  1. Негізгі кезең

  • Әліппе мен әліпбиді бекер көрсетіп, таныстырып отырған жоқпын. Екеуі де "ә" дыбысынан басталып тұр.. Әріп сөзі де "ә" дыбысынан басталады. "Ә" дыбысын сендер білесіңдер ме?

  • "Ә" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

  • Қандай түспен белгілейміз?

Дидактикалық ойын:
"Ғажайып текше".
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында суреттер жабыстырылады. Текшені айналдырып, ортаға лақтырады. Қандай сурет түссе, сол суреттегі затты атап, сол сөзге сөйлем құрау керек. Мысалы: әтеш, әже, әткеншек т.б.

  • "Ә" – қазақтың төл дыбыстарының бірі. Сондықтан да таза, дұрыс айтып үйренуіміз керек.

Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе, Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Тіл ұстарту.
Ән-ән-ән, Қамба толы дән. Ән-ән-ән,
Әжем айтқан ән.
Ән-ән-ән,
Құрып жүрген сән.
Сергіту сәті:
Алтын айдарлы әтеш оянды,
Тым ерте тұрыпты, Ойқастап жүріпті, Жан-жаққа қарапты. Айдарын тарапты,
«Қо-қо-қо», – депті.
Қорада ойранды салыпты,
Бір тауық қайран болып қалыпты. Секіріп, секіріп, айғайлап, Шарбаққа қоныпты.
"Біз де" ойыны
Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар "біз де" деп қосылып айтады. Егер қосылмаса, онда үнсіз отырулары тиіс.
Мысалы, жүргізуші:

  • Мен таңертең беті қолды жуамын.

Балалар:

  • "Біз де".

Жүргізуші:

  • Нанмен шай ішемін.

Балалар:

  • Біз де.

Жүргізуші:

  • Нан қоқымын шашамын.

Балалар: үнсіз қалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет