Тақырыбы:Биші Әйгерім.
Мақсаты: ойыншықтардың әр түрін мүсіндеуге,ұжымда жұмыс істей білуге үйрету. Міндеттері:
білімдік:ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату арқылы баланың
мүсіндеуге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру; дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін, көркемдік талғамдарын
арттыру, саусақ қимылдарын дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:қимыл-қозғалыстағы бейнені мүсіндейді; түсінеді: қандай мүсіндеу тәсілін қолдану керектігін; қолданады:ұжыммен бірге жұмыс жасауды.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, әртүрлі қимыл-қозғалыстағы адамдар бейнесінің сызба суреттері, қуыршақтар, түрлі түсті ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш. Сөздік жұмыс: биші.
Көптілділік:би – танец –dance, ойыншық – игрушка –toy, киім – одежда –clothing, қуыршақ – кукла –doll.
.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын көк аспан! Мықты болсын іргеміз, Бәрімізде біргеміз.
Балалар,бір сәт көзімізді жұмып,ұшақ сияқты қанатымызды жайып, «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа барайық.Көзімізді ашқанда біз ойыншықтар әлемінде боламыз.
Алақай,қараңдаршы, қандай көп ойыншықтар!
Әдемі және әртүрлі әсем жасалған қуыршақтар көп екен.
Кәне, сен мәшинені жүргізіп көрші.
Ал сен қуыршақтың дауысын тыңдашы. Ол не дейді?
Мына қуыршақтар билейді екен.Қандай тамаша! Бұл ойыншықтар зауытта жасалған,дүкендерде сатылады.Енді өзіміздің ініқарындастарымызға ойыншықтар жасап,қуантсақ деймін.Сендердің жасаған ойыншықтарыңды көріп, ата- аналарың да риза болсын. Өз қалауларың бойынша орындарымызға жайғасып жұмыс жасауға кірісеміз.
Жақсылап жайғасып, бір-бірімізге кедергі жасамай, жұмысымызды бастайық.
Достарыңызбен бөлісу: |