Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет27/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Күтілетін нәтижелер:
жасайды:иттің бейнесін мүсіндейді; түсінеді:негізгі, қосымша бөліктері туралы;
қолданады:табиғи материалдарды пайдалана отырып,оны өз
ойларынан әшекейлей білуді.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, иттің суреті, ойыншық ит, мульттоптама (диск), ермексаз, таяқша, түймелер, дәндер, қатырғықағаз, сүрткіш, су, жапырақ. Сөздік жұмыс: дос.
Көптілділік: ит – собака–dog, дос – друг–friend, мүсін – фигура– sculpture, құйрық – хвость–tail.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Армысың,асыл күн!
Армысың,көк аспан!
Армысың, жан досым! Жылуыңа жылу қос, Міне,менің қолым.
Теледидарда мульттоптамадан ит туралы үзінді қойылады. Осы мульттоптама арқылы ит жеті қазынаның бірі екенін түсіндіру.
Педагог бейненің өзіндік ерекшеліктерін бақылап,мүсіндеуге қажет бөліктер туралыескертеді.
2.Негізгі кезең.
–Балалар,иттің дайын жасалған үлгісін басшылыққа ала отырып, иттің мүсінін жасап көрейік:

  1. Ермексаздың үлкенірек бір кесегін алып, алақан арасына салып жұмсартамыз, содан соң үлкен сопақша пішінге келтіріп, денесін жасап аламыз.

  2. Кішірек кесекті алып,алақанға салып домалақ пішінге келтіреміз. Содан соң бұл кесектен бастың пішінін шығарамыз. Бұл иттің басы болады.

  3. Төрт кесекті алып, есу арқылы төрт аяғын жасаймыз. Аяқтарын денесіне біріктіреміз.

  4. Дайын тұрған бас бөлігіне жіңішке таяқшаны енгізіп, екінші ұшын дене бөлігіне енгіземіз.

  5. Ұсақ бөлшектерін дайындаймыз. Құлағын жалпақтау тәсілімен жасаймыз. Көз,мұрын орнына түймені пайдалануға болады. Аузын ермексаз кескішпен сызамыз.

  6. Ермексаздың кішірек бөлігін есу арқылы құйрығын жасап иіп аламыз, оны денесіне орналастырамыз.

Сөздік жұмыс: дос.
Көптілділік: ит – собака–dog, дос – друг–friend, мүсін – фигура– sculpture, құйрық – хвость–tail.
Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып.
Табиғатты сүйеміз, Шетімізден шеберміз.
Денемізді тік ұстап, Билеп-билеп аламыз.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог кейбір балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, дайын жұмыстардың артықшылығы мен кемшілігін балалармен бірге талдайды. Түзету жұмыстары жүргізіледі. Өздерінің иттері туралы әңгімелету, білетіндерін сұрау.Ата-аналаға арнап дайын жұмыс үлгілерінен көрме ұйымдастыру. №11 ұйымдастырылған оқу қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет