Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Қоян бауырсақты кездестірді.
Мақсаты:ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндеуге және кеңістіктедұрыс орналастыра білуге үйрету. Міндеттері:
білімдік:балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасау
іскерліктерін жетілдіру; дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу
тілдерін дамыту; тәрбиелік: әсемдікті сезіне білуге, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:бірнеше бөлікті біріктіре отырып қоян бейнесін жасайды; түсінеді:өз жұмысының нәтижесін бағалауды;
қолданады:қоянның өзіне тән ерекше бөліктерін көрсете отырып,
түрлі тәсілдермен мүсіндеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, ТОҚ (интербелсенді тақта), үнтаспа, ермексаз, тақтайша, су, кескіш құрал,дымқыл шүберек, сиқыршы киімі.
Сөздік жұмыс: бауырсақ, қоян.
Көптілділік: қоян – заяц –hare, бауырсақ – колобок –doughnut, ертегі – сказка –fairy-tale, қорап – коробка –box, кілем – ковер –carpets.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ертегілер әлеміне саяхат.
Педагог сиқыршы кейпіне еніп, балаларды ертегілер әлеміне саяхат жасауға шақырды.
Ертегілер әлеміне жылдам жетуіміз үшін қандай көлік түрлерін пайдалансақ болады?
Өздерің теледидардан көрген ертегілерде қандай ұшатын құрал түрлерін көрдіңдер? Олардың бірі – ұшқыш кілем, ол өз бөлмемізде де бар.Кәне, бәріміз осы кілемге жайғасып, көзімізді жұмып, «Ертегілер» әні әуенімен саяхатымызды бастаймыз.
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
№1 слайд.
Үстел үстіне сиқырлы қорапша қойылады. Педагог балалардың назарын қорап ішіндегі затқа аударады.Балалардан бұл қай ертегі кейіпкерлері екенін сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |