Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Шана.
Мақсаты:қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігін сезіну, ойнап жүрген балалардың шанасын мүсіндей білуге үйрету.
Міндеттері:
білімдік:әртүрлі көлемдегі пішіндер жасау арқылы ермексазбен
шананы мүсіндеу жолдарын үйрету; дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын дамыту:мүсіндеу, түстерді
дұрыс таңдау, іскерлік дағдыларын жетілдіру; тәрбиелік: қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру, достыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
жасайды:бұйымды қызығушылықпен, шығармашылықпен жасайды; түсінеді:шананың ойын құралы екенін, бөлшектерінің ағаштан,
металдан жасалатынын; қолданады:түрлі түсті ермексаздарды пайдаланып, есу, сопақтау,
біріктіру әдістерін.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, DVD,теледидар, слайд (№1, 2, 3, 4 сюжетті суреттер), тақтайша, ермексаз, сулы шүберек, су.
Сөздік жұмыс:коньки, шаңғы тебу.
Көптілділік: шана – сани –sled, әдемі – красивый–beautiful, қысқы ойын – зимние игры–winter games, қар – снег–snow.
.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шеңберге тұрып амандасу. «Жылы сөздер шеңбері» психологиялық тренингі.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар, кәне, бәріміз теледидардың көмегімен қыс мезгілінің көңілді сәттерін есімізге түсіріп көрейікші. Балалар, қараңдаршы, қыс мезгілінде қысқы ойындар өте қызықты, әр мезгілдің өзіндік қызықты ойындары болады.Қысқы ойындарды атап беріңдерші? Қысқы ойындардың көбісі қармен байланысты.Біздің ең жақсы көретін ойынымыз шанамен сырғанау емес пе?!
2.Негізгі кезең.
Кәне, әркім өзімізге әдемі шана мүсіндейік.
Мүсіндеуге дайынсыңдар ма?
Балалар, шананы қандай түсті ермексазбен мүсіндейміз?
Ал ондай болса әркім өзіне түрлі түсті ермексазды таңдап алып, шананы мүсіндейді.
Педагог жасалу жолын көрсете отырып түсіндіреді:
Шананың екі табанын жасаймыз. Ермексазды есіп, жалпақтау арқылы екі шетін иеміз.
Шананың табанын ұстап тұратын тіреуіштерді есу арқылы жасап, табанына бекітеміз.
Шананың беткі, отыратын тақтайшасын түрлі түсті ермексазды алақан арасына салып, тіктөртбұрыш пішініне келтіріп жасаймыз.
Шананың дайын бөліктерін бір-біріне шымшып жапсыру арқылы жинақтап, шана бейнесін мүсіндеуді аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |