Сөздік жұмыс:құстар, торғай.
Көптілділік: торғай – воробей –sparrow, құстар – птицы –birds, ұя – гнездо–nest. –
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықтап,
Оңға, солға иіліп, Денемізді бұрайық.
Балалар өз беттерінше торғайды жасауға кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалармен жұмысты талдайды. Жасаған торғайларын бір жерге жинақтап, алдарына «жем» шашады.Жасаған жұмыстарын мадақтау. Ата-аналарға арнап, дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
№21 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Қуыршаққа арналған ыдыс.
Мақсаты:геометриялық пішіндерді келтіре отырып, ыдыстарды мүсіндеу. Міндеттері:
білімдік:ыдыс түрлерімен таныстыру, шымшу созу әдістерін
пайдаланып ыдыстарды мүсіндеуге үйрету; дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: адамгершілікке,қамқорлық көрсетугетәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:затқа қарап көлемі мен пішініне сәйкес зат жасайды; түсінеді:ұжыммен жұмыс жасауда тиянақты, ұқыпты болу қажет
екенін; қолданады:шығармашылық дағдысын дамыта отырып есу, жалпақтау,
алақан арасына салу әдістерін.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, қуыршақ, слайд,музыка,суреттер, ыдыстар, тақтайша, ермексаз, кескіш.
Сөздік жұмыс: саптаяқ, ыдыстар, қасық, тәрелке.
Көптілділік: ыдыс – посуда –tableware, қасық – ложка–spoon, тәрелке –тарелка – dish.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.
(Е.Өтетілеуұлы)
Педагог балаларға қонаққа қуыршақ келгенін айтады.
Балалар,бізге қонаққа қуыршақ келген екен, оған шай ішетін ыдыстар сыйлайық.Қуыршаққа шай ішетін үстел,тәрелке, саптаяқ,қасық керек.Педагог балаларға күнделікті балабақшада тамақ ішіп жүрген тәрелке,қасық, саптаяқты көрсетеді.Компьютерден слайд арқылы балаларға әртүрлі ыдыстар көрсетіледі.
Балалар,ыдыстың түрлері көп екен. Бүгін біз ермексаздан осы ыдыстарды жасайық.
Достарыңызбен бөлісу: |