2.Негізгі кезең.
Балалар, ыдысты қайда қоямыз?
Үстелдің бетіне қоямыз.
Алдымен ермексазды тіктөртбұрыш пішінде жалпақтап,үстелдің бетін жасап аламыз.Үстелдің төрт аяғы болады.Енді аяғын жасайық.Шиыршықтау арқылы үстелдің төрт аяғын жасаймыз.
Тәрелкені жасау үшін алдымен алақанымызға бір кесек ермексазды алып домалатамыз.Жасаған домалақ пішінімізді жалпақтаймыз. Тәрелкеге ұқсау үшін шетін жұқалап иеміз.
Қасықты жасау үшін алдымен шұжық тәрізді пішін есіп аламыз да, осы пішіннің бір жақ ұшын жалпақтап шығарамыз. Қасыққа ұқсады ма? Сергіту сәті.
Ыдыстарды жинаймын, Үлкендерді сыйлаймын. Кесе,қасық бәрін де, Өз орнына қоямын.
Сөздік жұмыс: саптаяқ, ыдыстар, қасық, тәрелке.
Көптілділік: ыдыс – посуда –table-ware, қасық – ложка–spoon, тәрелке –тарелка – dish.
–Балалар,саптаяқ жасаймыз ба?Алдымен ермексазды алып,домалақтап жұмсартамыз, алдмен саптаяқтың түбін жасаймыз.Үлкен кесекті бірнеше бөлікке бөліп аламыз.Әр бөлікті жеке-жеке алып, арқан тәрізді есіп дайындаймыз. Осы дайын есілген ермексазды алдын ала дайындалған саптаяқтың түбіне бір-бірлеп бекітіп орналастырамыз. Есілген ермексаздың біреуін алып, саптаяқтың тұтқасын орналастырамыз.Тамақ ішетін тәрелке, саптаяқ, қасық дайын болды.
«Қуыршақтың ыдыстары» ойыны.
Шарты: үлестірмелі материалдардың ішінен қуыршаққа арнап жасалған ыдыстарды тауып қойғызу.Суреттердің ішінен лайықтысын,өздері мүсіндеген ыдыстарын қуыршақтың үстеліне қояды.
Ыдыспен не істейтіні,қалай пайдаланатыны туралы айтып береді.
Балалар мүсіндеп жатқан кезде, DWD арқылы музыка қойылып тұрады.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалардың жұмысын мадақтайды. Балалармен бірге дайын жұмысты талдайды. Жасаған заттарын рет-ретімен қойғызады.
№22 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Достарыңызбен бөлісу: |