Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Құмыра.
Мақсаты: ыдыстар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
білімдік:құмыраны мүсіндеу әдіс-тәсілдерін үйрету;
дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын
дамыту; тәрбиелік:ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа, әдемілікті сезе білуге
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:құмыраны мүсіндейді; түсінеді:ыдыстың пішініне қарай мүсіндеуді; қолданады:құмыраны тастармен әшекейлеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, құмыра,әдемі моншақтар;қатырғықағаз, түрлі түсті ермексаз,тақтайша, қағаз сүлгі, құмыраның суреті, қарындаш.
Сөздік жұмыс: әшекейлеу.
Көптілділік: құмыра – кувшин –jug, моншақтар – бусы–beads, ыдыс – посуда– table-ware.
ҰОҚ-нің барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
(Ө.Тұрманжанов)
Балалар, қараңдаршы,бізге қонаққа кім келген? Есіктен әжей кіреді (қуыршақ).
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге сиқырлы құмыра әкелдім.
Балалар, әжейдің әкелген құмырасын ұстап көрейікші.Осындай құмыраны бәріміз жасап көрмейміз бе?Құмыраның мойны жіңішке,бүйірі домалақ болып келеді.Құмыраның түсі қоңыр болады.Әдемі әшекейленген.
2.Негізгі кезең.
Педагог балаларға мүсін өнері туралы әңгімелейді және оған қажетті құралдардың қолданылуымен таныстырады. Ермексаздың есу арқылы жасалатын жолдарын еске түсіреді.
Алақанға ермексазды салып,жұмсартып алып, домалақ пішін жасаймыз,оны жалпақтаймыз. Бұл – құмыраның түбі. Бірнеше бөліктерді тақтайшаға қойып есеміз.Есілген ермексаздарды біртіндеп құмыраның табанына айналдыра орналастырамыз.Қатарын көбейтіп көтереміз.Бүйірін шығарамыз.Мойын жағына қарай жіңішкерте түсеміз. Мойнын дәл осы тәсілмен жіңішке әрі ұзынырақ етіп келтіреміз. Сыртын әшекейлеу үшін түрлі түсті моншақтарды жапсырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |