Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет41/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Күтілетін нәтижелер:
жасайды:мысықтың дене мүшелері мен жіп орамын; түсінеді:жануарлардың дене бөліктерінің қандай геометриялық
пішіндерге ұқсастығын; қолданады:ермексазбен жұмыс істей білу тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, үлгі сурет,ойыншықтар, жіп, мысық болып киінген адам, тақтайша, ермексаз, кескіш.
Сөздік жұмыс: жіп орамы, мысық.
Көптілділік: мысық – кот(кошка) –cat, үй жануары – домашнее животное – domestic animal, сүт – молоко–milk.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Сәлем берем үлкенге.
Көшелерден біз өткен. Ата көрсем, жақын кеп, Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!» – деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелемін әдейілеп, Сәлемдесем сол тұста:
«Есенсіз бе, әжей», – деп,
Кім кезіксе көшеде,
Аға, тәте,көкеге,
«Сәлеметсіз бе!» – деймін.
(Ө. Ақыпбеков)
Тосын сәт: есік қағылады. Педагог ойыншық мысықпен кіреді.
Мысықтын қолында тоқыма жібі бар.

  • Бізге қонаққа кім келді?

Мысық балалармен амандасып, олардың қасына отырады.
Тақтамен жұмыс:тақтада мысықтың жіп орамымен ойнап жүрген сурет ілініп тұр.

  • Мына суретте не көріп тұрсыңдар?

  • Мысық немен ойнап жүр?

  • Бізге қонаққа келген мысықтың да домалақ жібі бар екен.

  • Жібінің түсі қандай екен?

  • Мысықтың түрі қандай?

  • Балалар, бізге қонаққа келген мысыққа ермексаздан неше түрлі домалақ жіп жасап берейік.

2.Негізгі кезең.
Педагог мысықтың жасалу жолына балалардың назарын аударып, көрсете отырып түсіндіреді:

  1. Ермексазды жұмсартып, мысықтың денесін сопақша пішінде жасайды.

  2. Кішкене домалақ пішіннен басын жасап,денесіне орналастырады. 3. Төрт кішкене бөлікті сопақша пішінде есіп, аяқтарының пішінін келтіреді.

  1. Бір кішкене бөлігінен есу арқылы құйрығын дайындап, денесіне біріктіреді.

  2. Шымшу арқылы құлақтарын шығарады.

  3. Басқа түсті ермексаздан көзін, мұртын, аузын жасайды, басына орналастырады.

  4. Дайын болған мысыққа жіп орамын жасаймыз. Түрлі түсті ермексаздан балалар өз қалауы бойынша дайындайды.Жіп орамын арқан сияқты есіп,орайды.Мысықтың екі аяғынан арасына қондырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет