Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет18/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

2. Негізгі кезең.
Саңырауқұлақты мүсіндеу жолдарын көрсету, түсіндіру:

  1. Алдымен бір кесек ермексазды алақанның арасына салып жұмсартамыз. Созу тәсілі арқылы саңырауқұлақтың аяғын жасап, сопақша пішінге келтіреміз.

  2. Қызыл түсті ермексазды домалақтап алып, тақтайша үстіне қойып, алақанмен басып жалпақтаймыз.

  3. Ақ түсті ермексаздан бірнеше кіші домалақ пішіндер жасаймыз.

  4. Саңырауқұлақтың қалпағын аяғына орналастырамыз.

  5. Ақ түсті ермексаздармен саңырауқұлақтың қалпағын безендіреміз. Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ.

Көптілділік:саңырауқұлақ – грибы– mushroom , қоңыр – коричневый – brown, ақ – белый – white, алқап – поляна – borderland. Сергіту сәті
Күн ашық, біз жай отырмыз,
Күн суытты, біз тоңдық,
Жаңбыр жауды тырс-тырс,
Жел соқты,
Күн ашылды.

  • Ал енді саңырауқұлақтарды безендіріп, жұмысымызды аяқтаймыз.

Балалардың жұмыстарына, қол қимылдарына назар аудару,көмектесу.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балалардың жұмысын мадақтайды. Олармен жұмысты талдайды.

  • Бәрің де әдемі мүсіндедіңдер (балалардың назарын шөптесін алқапқа аудару).Осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар.

Бұл «Саңырауқұлақтар алқабы» болады.
–Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
5 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Күзгі жапырақтар(бедерлі мүсіндеу).
Мақсаты:бедерлі мүсіндеу жолдарымен таныстыру;жалпақтау, кесу, шымшу әдістерін бекіту, түрлі құралдарды дұрыс қолдана білуге машықтандыруды жалғастыру.
Міндеттері:
білімдік:маусымдық өзгерістер туралы білімдерін кеңейту; дамытушылық:балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік:еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет