Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет19/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Күтілетін нәтижелер:
жасайды:әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып мүсіндеуді; түсінеді:күз мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін; қолданады:өзіне және өзгенің еңбегіне баға беруді.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, ТОҚ (бейнеролик), күзгі табиғат бейнеленген бүктеме, күзгі жапырақтардан дайындалған кеппешөп,ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.
Сөздік жұмыс: күз, алтын күз.
Көптілділік:күз – осень –autumn, жапырақ – лист –leaves, табиғат – природа – nature, алтын күз – золотая осень –golden autumn, сары – желтый –yellow, қызыл –красный –red.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог:

  • Кәне, балалар, шеңбер жасап, бір-бірімізге алақан жылуы арқылы жақсы лебіздер білдірейік.

Педагог балаларға күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай ерекшелігі бар екенін айтады.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Кәне, күз айларын атаңдаршы?

  • Жарайсыңдар, өте жақсы!

  • Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

  • Иә, дұрыс айтасыңдар!Айналаның барлығы жапырақтар, сап-сары алтынға ұқсайды екен.Сондықтан біз күзді «алтын күз» деп атаймыз.

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді күздің осындай керемет көріністерін қазір бейнероликтен тамашалаймыз.

2.Негізгі кезең.
Балалар бейнероликтен күз туралы көріністерді көрген кезде төмендегі өлең жолдары оқылып тұрады: Күзгі жапырақтар Алтын, сары, қызыл, көк... Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Күн шуақта маужырап, Жатыр енді атырап. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша, Аунар ма еді, жатып ап!
(Қ. Шаңғыбаев)
– Ал қазір сол жапырақтарды мүсіндейміз:

  1. Бір кесек ермексазды алып, алақанымызға салып домалақтаймыз.

  2. Домалақ ермексазды алақанымызға салып басу тәсілі арқылы жалпақтаймыз. Ермексазды қатты қағаздың үстіне қойып, үлгіқалыптың шетін кескішпен бастырып, кесеміз.

– Ал енді жапыраққа ұқсады ма?
Сергіту сәті.
Кел, билейік, кел, билейік, Неге тұрсын билемей?
Кел, билейік, іркілмейік, Неге отырсың үйренбей?
Жалығуды білмейміз, Жабығуды білмейміз. Жауқазындай көзді тартып, Жайраң қағып билейміз.
(М.Әлімбай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет