ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Топ бөлмесі орманның іші секілді ағаш бұтақтарымен,шыршалармен әдемі безендірілген.
Шаттық шеңбері. Кел, балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік.
2. Негізгі кезең.
«Даусынан таны» ойыны.
DVD дисктен аңдардың даусы,ағаштың,шөптің сыбдырлағаны,құстардың сайрағаны,тиіннің ағаштан ағашқа секіргені, жыланның ысылы естіледі.
Балалар, кәне, құлағымызды тосып,бірге естиік.Ана ағаштың басынан бір кішкене ақтиін қолында жаңғағы бар,секіріп түсіп қашып кетті.Құйрығы ұзын,құлағы кішкентай екен. Ол не балалар?
Өте жақсы, балалар.Мына өлеңді бірге қайталап айтайық.
Мен тиінмін,тиінмін, Қысқа жылы киіндім. Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің.
Педагог тиіннің суретін көрсетеді.
Тиіннің түсі қандай?
Құйрығы қандай?
Қанша аяғы бар екен?
Құлағы, көзі қанша?
Енді,осы тиіннің мүсінін жасайық. Мен жасап көрсетейін,бәрін мұқият көріп отырыңдар.
Сөздік жұмыс:кеміру.
Көптілділік:тиін – белка –squirrel, жаңғақ – орех –walnut, кеміру – грызёт –kemro, шырша – ель –tree,қарағай бүрі – шишка –bump, еменжаңғақ – жёлудь –emeneau.
Тиінді жасау жолы:
Ең алдымен ермексаздың бір бөлшегін алақанға салып,жұмсартып сопақша пішін жасаймыз. Бұл– денесі болады.
Кішкене бөлшекті алып, домалақтап басын орналастырамыз.Шымшу арқылы екі құлағын, мұрнын шығарамыз.
Төрт кішкене бөлшекті есіп, аяқ-қолын жасаймыз.Оны тиіннің денесіне біріктіреміз.
Құйрығын жасау үшін бір бөлшек ермексазды есіп, денесінің артқы жағына орналастырамыз.
Мұрны мен көзінің орнына ұсақ қара моншақтарды орналастырамыз. Енді,тиінге жаңғақ сыйлайық.Тиіннің қолына қарағайдың бүрін қыстырып қоямыз.
Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып.
Табиғатты сүйеміз, Шетімізден шеберміз.
Денемізді тік ұстап,
Билеп,билеп аламыз.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалардың жұмысына баға береді. Балалармен дайын жұмыстардың қалай орындалғанын талқылайды.
Балалар жұмыстың дұрыс орындалмаған бөлшектерін өздері анықтайды.
Түзету жұмыстары жүргізіледі.
Балалар жасаған жұмысын жинақтап, ата-аналарға арнап ұйымдастырылған көрмеге қояды.
№7 ұйымдастырылған оқу қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |