Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Үйрек.
Мақсаты: ермексаз кесегінен үйрек бейнесін мүсіндеуді үйрету. Міндеттері:
білімдік:балалардың «үлкен – кіші, көп – аз» ұғымдарын, дөңгелек
және сопақша пішіндер туралы білімдерін бекіту; дамытушылық: көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау
қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:құстар пішініндегі ерекшеліктерді келтіре отырып
мүсіндеуді; түсінеді:үй құстары туралы қарапайым мәліметтерді; қолданады:құстарды табиғатта бақылаған білімдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, суреттер, көлде жүзген ойыншық үйректер, жұмыстың дайын үлгісі, ермексаз, су, сүрткіш, тақтайша, кескіш,таяқша.
Сөздік жұмыс: үй құстары, қамқорлық.
Көптілділік:үйрек – утка –duck, көл – озеро –lake, құс – птица –birds.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуына жылу қос. Міне, менің қолым!
2. Негізгі кезең.
Педагог жұмбақ жасырады:
Табаны бейне алақан,
Мынау қандай балапан?
(Үйрек) – Балалар, үйрек қандай құстар тобына жатады?
Құстар қандай топтарға бөлінеді?
Тағы қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалардың назарын балапандарымен көлде жүзіп жүрген ойыншық үйректерге аудару.
Балалар, қараңдаршы, мына үйректер қандай әдемі! Кәне, санайықшы қанша үлкен үйрек және балапандар бар екен? Енді осы үйректердің санын тағы да көбейтейік. Ол үшін біз ермексаздан үйректі мүсіндейік.
Сөздік жұмыс: үй құстары, қамқорлық.
Көптілділік компонент:үйрек – утка –duck, көл – озеро –lake, құс – птица –birds.
Мүсіндеу жолдарын түсіндіру:
Үлкен ермексазды алып, үшке бөлеміз.
Домалақтау әдісі арқылы үйректің денесін, басын жасаймыз.
Қолды сулап алып, жасаған мүсінімізді тегістейміз.
Таяқшамен үйректің тұмсығын, қанатын сызамыз.
Аяғын жасаймыз.Ермексазды жіңішкелеп есу арқылы аяғын жасап,шымшып басу арқылы табанын шығарамыз, денесіне біріктіреміз.
Сергіту сәті.
И.Шұғаевтың «Үйрегім» өлеңін жатқа айтқызу. Үйрегім-ау, үйрегім, Келіп жүр ме билегің?
Үйге кірмек боласың,
Бар дегендей үйде кім.
Кінәлап та не керек?
Жүзгіштігің керемет! Суда жарыс болса егер, Бас бәйгені берер ек!
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен қажет кезінде жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалардың жұмысына баға береді. Балалар бір-бірінің жұмысын талдайды.
Алдын ала жасалған көлшікке балалардың жұмысын орналастыру ұсынылады.
№8 ұйымдастырылған оқу қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |