Көптілділік: жалау – флажок– whiffle , Жеңіс күні – День Победы– Victory day, мамыр – май–may.
2.Негізгі кезең.
Жұмыс дәптерімізді ашайық.Біз осы суреттегі Қанаттың жалауша ұстап келе жатқанын мүсіндеуіміз керек.
№1 слайдтан адамның дене мүшелері және оның жасалу жолдары көрсетіледі.
Ең алдымен біз адамның бейнесін жасаймыз. Ол үшін қандай түсті таңдаймыз?
1.Қоңыр түсті ермексазды үлкендеу етіп алып, ұзындау сопақша жасаймыз. Сәл жалпақтаймыз.
2.Кескіш құралмен тілік жасап,аяғын шығарамыз.
Балалар, осы жұмысты аяқтамай тұрып сендермен жалаушамен орындалатын қызықты жаттығуды жасағым келіп тұр.
Сергіту жаттығуы.
Балаларға жалауша таратылып беріледі. Қолдарына жалауша ұстап бұрышта топтасып тұрады. Педагог қарама-қарсы бұрышта тұрып,оларға: «Жалаушаны жоғары көтерейік , міне, былай төмен түсірейік, міне, былай», – деп тапсырма береді. Соңынан педагог басқа бұрышқа ауысып, балалардың қалауы бойынша ойын бірнеше рет қайталанады.
3.Шымшып созу әдісі арқылы адамның басын, қолын жасаймыз. – Балалар,Қанаттың қолына не керек еді?
Жалаушаның түсін балалар өздері таңдайды. Тақтайшаның үстіне қойып, ермексазды жалпақтап, кескішпен үшбұрыш, төртбұрыш етіп кесіп аламыз да, сабына орналастырамыз.
Міне, жалауша дайын болды, енді Қанаттың қолына ұстатамыз.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.
Балалар жұмысының үлгісін талдайды. Жұмыстарды көрмеге қояды.
Балалар, жасаған жұмыстарың ұнады ма?
№33 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Әдемі гүлдер.
Мақсаты:түймедақ гүлін мүсіндей білуге үйрету, көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
білімдік:гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу, өсімдіктерді
күту ережелерімен таныстыру; дамытушылық: ұсақ қол моторикасын, сөздік қорын, тілін дамыту; тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, табиғатты аялай
білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
жасайды:түймедақ гүлін мүсіндейді;
түсінеді:гүлдің адамға жақсы көңіл күй сыйлайтынын, бекерге
жұлмау керектігін; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерді.
Достарыңызбен бөлісу: |